дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойынша бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.

 

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

 

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектеп (сынып) бітірушілері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады.


 

 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қосымша білім беру – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағы).

 

Білім алушылардың жан-жақты қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру, жобалық-зерттеу және басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.

Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы

 

Республикада балаларға қосымша білім беру тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер іске асырылады:

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары);

 

«Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы;

 

«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы;

 

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы;

 

Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2017 -2018 оқу жылдарында жалпы орта және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.

 

Заманауи мектептердің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістердің инновациялық сипаты қосымша білім беру есебінінен күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгейдегі уәждемелін болжайды, яғни тұлғаның өзін шынайы шығармашылық танытуын болжайды.

Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.01 с.)