дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

алушылар макеттер мен басқа да бұйымдар жасау кезінде әртүрлі техникалар мен материалдарды пайдалана алады.

 

Мысалы, «2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары » бөлімшесіндегі «3.2.2.1 - Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып , материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу» оқу мақсатына жету кезінде көлемді аппликация техникасын (рулондық қатырма қағаз бен реңктелген қағазды пайдалану), көркем мүсіндеу техникасын (мүсіндеу үшін (пластика) массаны немесе ермексазды пайдалану), аралас техниканы (пластикалық бөтелкелерді, пластилин және т. б. пайдалану) қолдана алады.

 

«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану болып табылады . Бағдарлама оқушылардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.

 

3-сыныптағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

 

Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету жəне дене қасиеттерін дамыту болып табылады . Дене шынықтыру сабағының мəні өзара байланысты сауықтыру, білім беру жəне тəрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын нығайтуды, дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруді, дене шынықтыру жəне спортқа деген эмоционалдық оң көзқарасын қалыптастыруды, тұлғалылығын жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.

Сабақта оқушыларды ұйымдастырудың əдістерін пайдалану мұғалім белгілеген міндеттерге, сабақ жағдайларына, балалардың жас мөлшеріне байланысты болады. Оқыту кезінде ұйымдастырудың түрлі əдістерін , мысалы: жаппай (фронтальды) əдіс, үздіксіз əдіс, ауыспалы əдіс, топтық әдіс, жеке әдіс және т.б. аралас пайдалану дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттырады.

Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспе бөлімнен кейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады, жалпы дамыту жаттығуларынан кейін – 50%-дан кем емес, негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес, қозғалыс ойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңында тамыр соғысы бастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғары болады.

 

Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету жалғасады.

 

2017-2018  оқу жылы пилоттық мектептердің   3-сыныптарында

1, 2-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)