дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

- психология, ол жерде балаларды өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен араласуды, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;

 

- тарихи-археологиялық, теорияны мұражайларға барумен оқуды, жорықтарда жергілікті жерлерді зерттеумен үйлестіреді;

 

- техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерді, компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы қолданудың бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

 

- үштілділік жағдайындағы шет ел тілдері;

 

- қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б.

дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.

 

Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.

Мұғалімдерге арналған ісшаралар:кәсіби байқаулар,сыныпжетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен есептері, тренингтер, көркемдік қолдан жасалған бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары: «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылық және дамыту күні» және т.б.

 

Ата-аналарға арналған ісшаралар:ата-аналардың құқықтық жаппайоқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.

Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.

 

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерініңпәнмұғалімдерімен және мектептегі өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әр тоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп-кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.

 

Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)