Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Практикалық есептердің тақырыптарыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қорытынды
Барлық атап өтілген бағыттар оқшау дамуда және қолжетімді жұмыстардың арасында инфокоммуникациялық жүйелердің әрекеттесуі жайлы мәселенің толық қарастырылған мысалдары жоқ. Осылайша, интеллектуалды агенттердің жиынымен бірыңғай қызмет етуді ұйымдастыру мәселелері, оларды ұйымдастыру мүмкіндігі және қорғалған жұмысты қамтамассыз ету сұрақтары өзекті болып қалуда. Бұл ОӘҚ-нда барлық тәжірибені жалпылап, соның негізінде инфокоммуникациялық жүйенің моделін құрастыру мақсаты қойылған. Ақпаратты қорғау алгоритмінің және сенімді орнатудың маңызды ролін атап өту қажет, себебі оларды әрекеттесуге қосу жұмыс алгоритмінде және сәулетінде айтарлықтай өзгерістерге алып келеді. Тәуелсіз агенттері ашық байланыс арналары арқылы әрекеттесетін үлестірілген инфокоммуникациялық жүйені ұйымдастыру ақпараттық қауіпсіздік бойынша қатал талаптар қоятындықтан, қарастырылғын механизмдердің әдістемесінде оларды есепке алу ескерілмесе ұсынылған әдістеменің тәжірибелік маңыздылығы айтарлықтай төмендейді. Интеллектуалды бағдарламалық агенттер технологияларын жобалау және олардың әрекеттесу әдістемелерін құру қазіргі таңдағы жасанды зерде әдістері, ақпаратты тарату технологиялары және нысанға бағытталған жобалау жүйелерінің интеграциялары өтіп жатқан ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ең маңызды және көп үміт күттіретін зерттеу салалары болып табылады. Тәжірибелік есептерді шешу кезінде инфокоммуникациялық жүйелердің қорғалған әрекеттесуі жүзеге асырылған кезде туындайтын теориялық сұрақтарды қамтитын мәселелерді шешудің әдістемелерін және байланысты жіберу арналары арқылы таратылатын ақпараттық ағындардың ықтимал үлестірілуі кезіндегі ұқсастырылған үлгісін құруды қарастыру қажет.
Глоссарий
ИКЖмЖ – инфокоммуникациялық жүйелері мен желілері ГИС – геоақпараттық жүйелері GPSS World - имитациялық үлгілеу жүйесі NGN - next generation networks, new generation networks — жаңа ұрпақ желілері post-NGN – келесі онжылдықтағы инфокоммуникациялық желілер FGN - Future Generation Networks - post-NGN кезеңінің желілері деп аталатын болашақ ұрпақ желілері USN – Ubiquitous Sensor Networks – барлық өту сенсорлық желілері IMS – IP Multimedia Subsystem - мультимедиялық жүйеасты - IP VANET – Vehicular Ad-Hoc Networks – транспорттық құралдары үшін арналған желілер және молекулярлық наножелілер КАТ - күшейтуді автоматты түзетуді
Практикалық сабақтар (семинарлар) 2 2, 3 Техникалық өлшем бойынша ұялы байланыс арнасының энергетикалық өлшемдерін оңтайландыру. 3 2, 3 Техникалық өлшем бойынша спутниктік байланыс арнасының энергетикалық өлшемдерін оңтайландыру. 4 2, 3 Радиорелелік арнадағы байланыстың бұзылуының ықтималдығын графо-аналитикалық әдіспен есептеу. 5 4, 5 Түрлі топологиялы ИКЖЖ-дың жұмыс істеу көрсеткіштерін есептеу. 6 5 Түрлі топологиялы ИКЖЖ байланысының сенімділігін есептеу. 7 6 Басқару желісінің негізгі өлшемдерін есептеу. 8 7 ИКЖЖ-дегі ақпараттық қауіпсіздік. ИКЖЖ-дағы ақпараттық қауіп-қатер. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз етудің әдістері. 9 7 Қолжетімді шектеу. Желілік деңгейдегі қауіпсіздік. Желілерді желіаралық экран арқылы қорғау. Брандмауэр – желіаралық трафикті бақылау құралы ретінде қолдану. 10 7 Электронды сандық қолтаңба. Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау. 11 8 Ашық жүйелердің әрекеттесуі моделінің (АЖӘМ) түсінігі мен деңгейлері. ИКЖЖ-де АЖӘМ-ді қолдану принциптері. АЖӘМ негізіндегі протоколдардың топтамасы. 12 8 АЖӘМ-нің қолданбалы деңгейі. АЖӘМ-нің көрініс деңгейі. АЖӘМ-нің сеанстық деңгейі. 13 8 АЖӘМ-нің транспорттық деңгейі. АЖӘМ-нің желілік деңгейі. АЖӘМ-нің арналық деңгейі. 14 8 АЖӘМ-нің физикалық деңгейі. 15 9 Интегралды қызмет ететін сандық желілердің (ИҚСЖ) интерфейстері мен протоколдары. 16 9 Х.25желілерінің интерфейстері мен протоколдары. Ethernetжелілерінің интерфейстері мен протоколдары. FrameRelayжелілерінің интерфейстері мен протоколдары. 17 9 АТМ желілерінің интерфейстері мен протоколдары. Синхронды сандық иерархиялы (ССИ) желілердің интерфейстері мен протоколдары. 18 9 TCP/IP желілерінің интерфейстері мен протоколдары. Интернет интерфейстері мен протоколдары. 19 9 IEEE.802.11 топтамасының интерфейстері мен протоколдары. 20 9 IEEE.802.x желілерінің: 802.16, 802.16е, 802.16m интерфейстері мен протоколдары.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.) |