Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Инфокоммуникационды жүйелерді жобалаудың математикалық жолдары?Содержание книги
Поиск на нашем сайте 1. Инфокоммуникационды жүйелерді жобалаудың математикалық жолдары? 2. Орнықты шешімнің мысалы? 3. Станция маңындағы аумақтың территориясын анықтау әдістері?
5 Дәріс. Сараптамалық және үйрену жүйелері. Сараптамалық жүйелердің экономикада қолданылуы.
Эксперттік жүйелер жасанды зерденің негізгі қосымшаларының бірі болып табылады. Жасанды зерде – информатиканың бір бөлімі болып табылады, онда адамдардың интеллектуалды болып саналатын әрекеттерін аппаратты және бағдарламалық модельдеу есептері қарастырылады. Жасанды зерде бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындылары ммағлұматтары жүйенің жадында (мағлұматтар қорында) сақталған нақты заттар саласына қатысты шығармашылық есептерді шешу қабілеті бар интеллектуалды жүйелерде қолданады. Жасанды зерде жүйелері жартылай құрылымданған немесе құрылымданбаған есептер (аз нысандандырылған немесе нысандандырылмаған есептер) кіретін мәселелердің үлкен классын шешуге бағытталған. Жартылай құрылымданған есептерді шешу үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер екі түрге бөлінеді: 1 Басқарушылық есептемелерді құратын (мәліметтерді өңдеуді атқаратын: іздеу, сұрыптау, фильтрлеу). Шешімді қабылдау осы есептемелерде көрсетілетін мағлұматтар негізінде жүргізіледі. 2 Шешімнің мүмкін болатын баламаларын жобалайтын. Шешімді қабылдау берілген баламалардың бірін таңдауға негізделеді. Шешімдердің баламаларын жобалайтын ақпараттық жүйелер үлгілі және экспертті болады: 1 Модельді ақпараттық жүйелер шешімнің баламаларын жасап, бағалауға мүмкіндік беретін үлгілерді (математикалық, статистикалық, қаржылық және т.б.) қолданушыға көрсетеді. 2 Экспертті ақпараттық жүйелер эксперт-мамандардан алынған мәліметтерге негізделген жүйелерді құру арқасында қолданушыға мүмкін болатын баламаларды өңдеп, бағалауды қамтамассыз етеді. Экспертті жүйелер – компьютерлерге арналған ақпаратты өңдеу процессінде шешімдерді алуға арналған нақты саладағы эксперт-мамандардың мағлұматтары жиналған бағдарламалары. Экспертті жүйелер кейбір нақты білім саласындағы эксперттердің тәжірибесін эвристикалық ереже түріне айналдырады және аз білікті мамандарға кеңес беру үшін арналған. Тәжірибе екі түрде болатыны белгілі: ұжымдық тәжірибе, жеке тәжірибе. Егер білім саласы ұжымдық тәжірибе арқылы көрсетілсе (мысалы, жоғары математика), онда білім саласы экспертті жүйелерді қажет етпейді. Егер білім саласында мағлұматтардың көп бөлігі жоғары деңгейлі мамандардың жеке тәжірибесі болып табылса және бұл мағлұматтар аз құрылымданған болса, ондай сала экспертті жүйелерді қажет етеді. Қазіргі экспертті жүйелер экономиканың барлық салаларында кең қолданыс тапты. Мағлұматтар қоры экспертті жүйенің өзегі болып табылады. Мәліметтерден білімге өту ақпараттық жұйелердің дамуының салдары болып табылады. Мәліметтерді сақтау үшін мәліметтер қоры қолданылады, ал мағлұматтарды сақтау үшін – мағлұматтар қоры. Мәліметтер қорында мәліметтердің салыстырмалы қымбат емес ұлкен массивтері сақталады, ал мағлұматтар қорында көлемі бойынша үлкен емес, бірақ қымбат ақпараттық массивтер сақталады. Мағлұматтар қоры дегеніміз мағлұматтарды ұсынудың таңдалған түрін қолданып сипатталған жиынтығы. Мағлұматтар қорын толықтыру мағлұматтарды таңдаумен, оны рәсімдеумен және талдау берумен байланысты күрделі есептердің бірі болып табылады. Экспертті жүйе: -жұмыс жадындағы (мәліметтер қоры деп те аталады) аралық және бастапқы деректерді сақтау үшін және үлгілер мен ережелер қорындағы үлгілермен айла-шарғы жасау ережелерін сақтау үшін арналған мағлұматтар қорынан (жұмыс жадының және ережелер қорының құрамында); - мәліметтер және мағлұматтар қорында сақталатын деректер мен ережелер негізіндегі нақты есепті шешуге арналған ережелердің тізбегін жүзеге асыруды қамтамассыз ететін есептерді шешушіден; - «Неге жүйе мұндай шешім қабылдады?» сұрағына жауап беруге мүмкіндік беретін түсініктемелік қосалқы жүйесінен; - мағлұматтар қорына жаңа ережелерді қосу үшін және жүйеде бар ережелерді түрлендіру үшін арналған мағлұматтарды табудың қосалқы жүйесінен; - қолданушының интерфейсінен, ақпаратты еңгізу сатысында және нәтижені алу кезінде қолданушы мен жүйе арасындағы қатынасты жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығынан тұрады. Экспертті жүйелер мәліметтерді өңдеудің дәстүрлі жүйелерінен ұсынудың таңбалық әдістерімен, таңбалық шықпалар мен шешімдердің эвристикалық іздеуімен ерекшеленеді. Азнысанданған немесе нысанданбағанесептерді шешу үшін арналған жүйелер ретінде нейронды желілер немесе нейрокомпьютерлердің келешегі бар. Нейрокомпьютерлердің негізін нейронды желілер құрайды, биологиялық жүйке жүйесі сияқты шынайы әлемнің объекттерімен қатынасты қамтамассыз ететін иерархиялы түрде ұйымдастырылған адаптивті элементтердің параллель қосылыстары – нейрондардан тұрады. Нейрожелілерді қолданудағы үлкен жетістікке өздігінен үйренетін экспертті жүйелерді құру кезінде жетті. Желі арқылы барлық белгілі шешімдерді өткізу арқылы және шығысында қажетті жауапты алуға жету арқылы желіні икемдейді, яғни үйретеді. Икемдеу нейрондардың өлшемдерін таңдаудан тұрады. Жиі жағдайларда желіні үйрететін арнайы оқу бағдарламасын қолданады. Уйретуден кейін жүйе жұмыс істеуге дайын. Егер экспертті жүйеге оны құрастырушылар белгілі бір үлгідегі мағлұматтарды алдын-ала орналастырса, нейронды желілерде тіпті құрастырушыларға да оқыту мен өздігінен үйрену үрдісінде ішіндегі құрылымында мағлұматтар қалай құрылатыны белгісіз, яғни желі «қара қуыс» болып табылады. Нейрокомпьютерлер жасанды зерде жүйелері болғандықтан келешегі бар жүйелер болып саналады және шексіз дами түседі. Қазіргі таңда экспертті жүйелер және нейронды желілертүріндегі жасанды зерде жүйелері қаржы-экономикалық мәселелерді шешуде кең қолданыс тапты.
Экспертті жүйелер, олардың құрылымы және экономикадағы қолданылуы. Экспертті жүйе – шықпалар ағашы, мақсаттар ағашы, нақты емес жиындар, семантикалық желілер, фреймдер және басқалары түрінде көрсетілген мамандар білімін қолданатын жүйе. Сондықтан экспертті жүйелерді құрудың технологиясын білім инженериясы деп атайды. Білім бойынша инженер оны мамандардан алып, экспертті жүйеге құрайды. Экспертті жүйелер жасанды зерде саласындағы зерттеулер нәтижелерінің бірі болып табылады және жоғары білікті мамандардың білім саласы туралы білімдерін көрсетуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал ретінде қарастырылады. Экспертті жүйелер адамның саналы ойлау қабілетін жаңғыртады. Экспертті жүйелер нысандалмаған есептерді шешу үшін арналған, яғни экспертті жүйелер нысандалған есептерді шешуге бағытталған бағдарламаларды жобалаудағы дәстүрлі амалдарды ауыстырмайды және жоққа шығармайды. Нысандалмаған есептер әдетте келесі ерекшеліктерге ие: -шешілетін мәселе мен күрделі сала туралы мағлұматтардың қателесуі, бір мәнді болмауы, толық емес және қайшылықты болуы; -шешім кеңістігінің үлкен өлшемділігі, яғни шешімді іздеу кезіндегі шектен шығып кетуі; -динамикалық түрде өзгеретін мәліметтер мен мағлұматтар.
Экспертті жүйелердің құрылысы. Әдеттегі статикалық экспертті жүйе келесі негізгі құрамдас бөліктен тұрады: -есептегіш пен логикалық шықпа топтамасынан; -жұмыс жадынан, кейде мәліметтер қоры деп те аталады; -мәліметтер қоры; -мағлұматтарды табу топтамасынан; -түсіндірме топтамасынан; -интерфейстен.
Сараптама жүйенің құрылысы
Мәліметтер қоры (жұмыс жады) қазіргі кезде шешіліп жатқан есептің бастапқы және аралық мәліметтерін сақтау үшін арналған. Бұл термин мағынасы бойынша емес, аталуы бойынша жүйеде сақталатын барлық мәліметтерді (ең алдымен ұзақ уақытты) белгілеу үшін ақпараттық-іздеу жүйелерінде (АІЖ), мәліметтер қорымен басқару жүйелерінде (МҚБЖ)қолданылатын терминге сәйкес келеді. Мәліметтер қоры. Экспертті жүйенің орталық элементі болып эксперт-маманның кез-келген үлгіге сәйкес келетін (шықпа ағашы, мақсаттар ағашы, семантикалық желілер және т.б.) білімін көрсететін мәліметтер базасы болып табылады. Экспертті жүйедегі мәліметтер қоры қарастырылатын саланы бейнелейтін (ағымдық мәліметтерді емес) ұзақ-уақытты мәліметтерді және осы саланың мәліметтерін орынды түрлендіруді бейнелейтін ережелерді сақтау үшін арналған. Логикалық шықпа топтамасы (есептегіш) мәліметтер қорынан (жұмыс жадынан) бастапқы мәліметтерді және мағлұматтар қорындағы мәліметтерді қолдана отырып бастапқы мәліметтерге қолданыла алатын, есептің шешіміне әкелетін тізбекті құрады. Барлық экспертті жүйелерді екіге бөлуге болады: -статикалық; -динамикалық. Егер экспертті жүйенің шешетін есептері уақыт факторын есепке алмаса және шешу үрдісінде мәліметтерді өзгертпесе, онда мұндай жүйелер статикалық деп аталады. Егер есепті шешу үрдісінде ондай фактор ескерілсе, онда жүйе динамикалық деп аталады. Экономикада экспертті жүйелер инвестициялық шешімдерді жобалау кезіндегі кеңестер үшін, маркетингтік саясатты таңдау үшін, заңды тұлғаларды несиелеу және басқалары үшін қолданылады. Олардың көмегімен өндірістік, логистикалық, маркетингтік және басқа да үрдістерді бақылау жүргізіледі. Қажет болған дағдайда олар басқару қызметкерлерін хабарлаумен қатар төтенше жағдайларды жою үшін логикалық шықпа механизмін іске қосады Бақылау сұрақтары: 1.Сараптама жүйенің инфокоммуникациялық жүйелеріндегі мәні? 2.Сараптама жүйенің құрылысы 3. Экономика саласындағы сараптаманың орыны?
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |