ялы байланыс каналындағы бөгеуліктер.
Барлық ұялы байланыс желілері қолдаатын дециметрлің толқын ұзындық диапазонында СМР жұмысына, табиғи және жасанды көзден шыққан әртүрлі бөгеуліктер әер етеді. Қарапайым көздерден шыққан бөгеуліктердің негізгілері қабылдағыш шуылы, жуын шашын кезінде электр разрядтарын тудыратын атмосфералық шулар. Сонымен бірге кедергілер ретінде ғарыштық және жарықтық шулар да бөгеулік болады.
15.1 – сурет. Аддитивті шуылды канал суреті.
Халқы тығыз орналасқан аймақтарда негізгі бөгеуліктерге жасанды көзден шыққандары болып табылады, оларға мысал ретінде:
· Электротранспорт және автомобиль отындыру жүйесі;
· Өндіретін электр құрылғылары;
· Әртүрлі радиоэлектронды құрылғыларда (GSM ұялы жүйесінің диапазонының жоғарғы қабатының жиілік жолағын айтуға болады)
Әсіресе бір жиілік жолағында бір уақытта әр түрлі станциялардың ішкі жүйе бөгеуліктерін айта кету керек.
Мобильды радиобайланыс жүйелерін құру кезінде аталып өткен бөгеуліктер ғана емес, СМР құрылуының спецификалық шарттарын құру езінде күрделі мәселелерге тап боламыз:
· СМР іске асырылу аймағы негізінде қалалар, қала сырты әртүрлі халық орналасу тығыздығы бар және құрылыс ерекшелігіне байланысты, транспорт типіне байланысты болады.
· Мобильдік станция базалық станция радиокөрінісіне тікелей байланысты.
· Сигнал қабылдау нүктесіне көпсәулелі таралым кезінде түседі, яғни көптеген кедергілерден шағылған сәулелерден.
· Мобильдік станция қозғалысы жиіліктің доплерлі жылтуына әкеліп соғады.
Байланыс жійесінің синтезі және анализі кезінде бұл бөгуліктер аддитивті ақ Гауусты шуы (ААГШ) ретінде қарастырылады. Аддитивті шуыл каналының моделі 3.1 – суретте көрсетілген.
Аталып өткен факторлардың арты қашықтыққа байланысты сигналдың өшуі, сонымен қоса абонентті терминалды жылжыту кезіндегі көп сәулелі интерференциялы схеманың өзгеруі – сигналдың тоқтап қалуына себеп болады.
|