Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару.

Поиск

   Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару.

GPSS тілінде модельдеу үрдісінің ұзақтығын екі тәсілмен басқаруға болады:

1) модельден транзактардың берілген саны шыққаннан кейін модельдеуді аяқтау:

 

GENERATE 40,5

TERMINATE 1

START 100

 

 

 


2) Берілген уақыт интервалы өткеннен кейін модельдеуді аяқтау, мысалы 3 минут:

 

GENERATE 40,5

TERMINATE 0

GENERATE 180

TERMINATE 1

START 1

 

Мысал

Бір каналдық ЖҚКЖ-не (18 ± 6) сек. сайын шақырулар келіп түседі (тепе-теңдік үлестіру заңы). Қызмет көрсету уақыты кездейсоқ, тепе-теңдік заңына бағынады (16 ± 4) сек.

8 минут ішіндегі ЖҚКЖ-ң жұмыс үрдісін әзірлеу керек.

       

   GENERANE 18,6                 ; Транзактың пайда болуы

   QUEUE 1                             ; Каналды алды

   SEIZE 2                               ; Кезекке тұрды

   DEPART 1                          ; Кезектен шықты

   ADVANCE 16,4                 ; Қызмет көрсету уақыты

   RELEASE 2                        ; Арнаны босатты

   TERMINATE 0                   ; Жүйеден кету

   GENERATE 480                 ; Транзакт-таймер 480 сәтінде пайда болады

   TERMINATE 1

   START 1  

 

Мысалда тек 8 минуттан кейін транзакт-таймер пайда болады, ол жойылатын болады, және осымен бағдарлама жұмысын аяқтайды.

 

 

10 Дәріс. GPSS World объектілері. Сынақтарды жоспарлау теориясының негізгі түсініктері. Сынақтарды жоспарлау қажеттігі.

GPSS World объектілері

GPSS-те үлгі объектілер деп аталатын бөлек элементтерден құрылады.

Уақыттың кез-келген сәтінде үлгі күйі барлық үлгілер күйінің жиынтығымен анықталады.Үлгінің күйі -транзактың динамикалық объекті блок арқылы өткен кезде ғана өзгереді. Тек транзакт үлгі бойымен қозғала отырып, қыздырғы күйлерінің, статистикалық объектілердің және басқа транзакттардың ауысуына себепші болады.

Транзактқа нақты физикалық мәнді қолданушы береді. Транзакт көмегімен қолданушы дүкендегі, шаштараздағы клиенттер сияқты, есептеу жүйелеріндегі тапсырмалар, тіпті коммутация жүйелері мен байланыс желілеріндегі шақырулар секілді нақты жүйелердегі динамикалық объектілерді уақыт өлшемі бойынша күй ретінде имитациялай алады.

Үлгілеу үшін қажетті GPSS-тің барлық объектілерін тізіп шығайық. Үлгіде барлық объектілердің қатысуы міндетті емес.Тек үлгіде транзакттар мен блоктарды бар болуы міндетті.

1. Транзакттар- бұл GPSS-тің динамикалық объектілері. Олар үлгінің нақты нүктелерінде құрылкды да, кейін жойылады.

2. Блоктар- операциялық объектілер, оларда үлгілердің операциялары орындалады.

Блоктарда төрт негізгі типтердің оқиғалары болуы мүмкін:

А) транзактарды құру және жою;

ә) объектілердің сандық атрибутын өзгерту;

б) транзакты уақыттың белгілі бір периодына кідірту;

В) тракзактың үлгідегі қозғалу бағытын өзгерту.

3.Бірканалды құрылғылар –уақыттың әр моментінде тек қана бір транзактпен қолданыла алатын құрылғылар. Оларға каналдар, байланыс желілері және де т.б. жатады. Егер де басқа транзакт құрылғыны ұстауға әрекет жасаса, ол құрылғы босағанша кідіртіліп тұрады. Автоматты түрде құрылғының бос болмайтын жалпы уақыты, құрылғыға қатынас құрған транзактардың жалпы саны есептелінеді.

4. Көпканалды құрылғылар- бірнеше транзактарға қызмет көрсете алатын қондырғылар. Қолданушы әрбір көпканалды құрылғының сыйымдылығын анықтайды, ал интерпретатор уақыттың әрбір сәтінде бос болмайтын көпканалды құрылғылардың санына есеп жүргізеді. Автоматты түрде көпканалды құрылғыға кіретін транзактардың саны, транзактың құрылғыда болатын орташа уақыты және басқа да статистикалық деректері есептелінеді.

5. Логикалық кілттер. Транзактар қозғалысын өзгерту үшін логикалық кілттер енгізіледі. Транзакт кілттің «қосылған», «өшірілген» күйін орната алады.

6. Арифметикалық айнымалылар, СЧА объектілерінде қолданылатын операциялардан тұратын, арифметикалық өрнектерді есептеуге мүмкіндік береді Өрнектерде функциялар (кітапханалық немесе қолданушылық) қолдануы мүмкін.

7. Бульдік айнымалылар, бір блокта бір уақытта бірнеше шарттарды тексеруге мүмкіндік береді. Буль айнымалылар 0 және 1, екі мән қабылдайды.

8. Функциялар. Функцияларды қолдана отырып қолданушы үздіксіз немесе дискретті функционалды тәуелділіктілердің есептеулерін жүргізе алады. GPSS барлық функциялары, функциаларды сипаттаудың арнайы операторлар көмегімен кестелік әдіспен беріледі.

9. Кезектер. Транзактың қозғалысы кез-келген жүйеде қондырғыға қол жеткізуге мүмкіндігінің жоқтығына байланысты кідірілуі мүмкін. Талап етілген құрылғылар бос болмауы мүмкін немесе көпканалды құрылғылар толық болуы мүмкін. Мұндай жағдайда транзактар кезекке тұрады. GPSS интерпретаторы автоматты түрде кезектер (кезек ұзындығы, кезекте тұрудың орташа уақыты және т.с.с) туралы статистика жинайды.

10.Кестелер. Интерпретатор автоматты түрде құрылғылар мен кезектер туралы статистиканы жинақтайды. Бірақ қолданушы статистикалық ақпаратты қосымша жинауға мүмкіндігі бар. Мысалы, біз шақырудың жүйеде бос уақытын білгіміз келеді.GPSS-те кесте, зерттелетін шаманың түсу саны бейнеленетін жиіліктік класстардан тұрады.

11.Сақталынатын шамалардың ұяшықтары мен сақталынатын шамалар ұяшықтарының матрицалары.

GPSS-те ұяшықтар мен матрицалар қандай да сандық ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Кез-келген транзакт осы ұяшықтар мен матрицаларға ақпаратты жаза алады.Содан кейін осы ақпаратты кез-келген транзакт оқи алады. Ұяшықтардың мәндері үлгіні аяқтау соңында басып шығарылады.

12. Үлгілік уақыт. Үлгіде оқиғалардың дұрыс уақыттық тізбектілігін қамтамасыз ету үшін сағат қарастырылған, ол үлгінің ағымдық сәтінің мәнін сақтайды. Уақыттың барлық бөліктері нақты уақытпен салыстырғанда бүтін мәнмен, яғни дискретті өлшенеді. Үлгілік уақыттың (сағат,минуты,секунды және т.б.) бір бірлігінің физикалық мәнін қолданушы анықтайды. Үлгілік уақыт компьютер жұмысының уақыты емес екенін ескеру қажет. Бұл күйдің басқасына ауысуының бір сәтінен алға жылжитын уақыт.

ТРАФИК МОДЕЛІН ТАЛДАУ НЕГІЗІ

Байланыс желілерінде желінің жүктемесі үшін желінің трафигі деген түсінік берілген. Желінің трафигін талдау деген желі қызмет көрсете алатын бүкіл сұраныстар (шақырулар) жиынтығын қарастыру.

Қызметке сұраныстар кездейсоқ келіп түседі, және де оларға қызмет көрсету уақыттары алдын ала белгілі емес.

Желінің тиімділігі орташа немесе қалыпталған жүктеме үшін алынған трафик көлемімен және оның өткізу қабілеттілігінен қаншама жиі артуына мүмкіндігі барымен бағаланады

Трафикті талдау әдістерін екі негізгі тарауға бөлуге болады: шығыны бар жүйелерге және күтуі бар жүйелерге.

Арна арқылы қосылатын (арнаның коммутациялауына негізделген) жүйелер – шығыны бар жүйелерге жатады, себебі артық келген трафик шығырланады және абонент жағынан қайта шақыру түспесе оған қызмет көрсетілмейді.

Хабарлар мен пакеттер (ұяшықтар) арқылы қосылу (коммутациялау) күтуі бар жүйелерінің қасиеттеріне ие болады.

Алайда әр жағдайда желінің жүктемесі шақырулардың пайда болу қарқындылығына және әрбір шақырудың орташа арнаны басып алу ұзақтылығына тәуелді болады.


Желінің өткізу қабілеттілігін белгілі уақыт мерзіміндегі жүктеме көлемімен өлшеуге де болады.
                                                                                                        

 

                             1             2             3                   Уақыт,мин.

 

 

Жүктеме көлемі дегеніміз уақыт мерзіміндегі арнаны басып алу ұзақтылықтарының қосындысы, ол жоғарыдан белсенділік сызығымен шектелген ауданға тең болады (абоненттер белсенділігінің уақыттық диаграммасын қараңыз)
.

 Жүктеме көлемі “ минуто-занятия”(минуттық басып алу) бірлігімен өлшенеді.                                                                                                   

Жүктеме қарқындылығы белгілі уақыт мерзіміндегі орташа белсенділікті көрсетеді, бұл өлшемсіз мән (яғни уақыт/уақыт), алайда жүктеме көлемін эрланг (А.К. Эрланг Дания ғалымы) немесе гектосекундо-занятия (CCS) / час ( бір сағаттағы гектосекундалық басып алу) бірлігімен жазылады.

Бір сағатта 3600 с бар десек, Эрлангам пен CCS арасындағы қатынасты табуға болады:

                                                 1 Эрл = 36CCS / сағ.

 

Бір қызмет көрсететін арнаның өткізу қабілеттілігі 1 Эрл. –ға тең, яғни арна әрдайым бос емес деген сөз. Эрлангпен көрсетілген максималдық өткізу қабілеттілік арналар санына тең болады.

Арналарды коммутациялайтын жүйелерде (шығыны бар жүйелерде) жүктеме қарқындылығы арналар санына тең болғандықтан, жаңадан пайда болған трафик шығырланып, орташа белсенділігі әрдайым қызмет көрсететін арналардан кем болады. Сонымен қатар, күтуі бар жүйелер максималдық өткізу қабілеттілігінен төмен қызмет көрсетеді, себебі егер орташа жүктеме арналар санына жақын болып келсе, онда күту уақыты шексіз ұзақ болып кетеді.

Жүктемені сипаттау үшін екі маңызды параметр қолданылады: шақырулардың пайда болу орташа қарқындылығы λ және басып алу орташа ұзақтылығы t m.

Егер А жүктеменің қарқындылығы эрлангпен көрсетілсе, онда:

 

                                     А = λt m,

мұнда λ мен t m бірдей уақыт бірліктерімен көрсетілген (с/шақыру немесе шақыру/с).

Жүктеме қарқындылығы тек қана белгілі уақыт мерзіміндегі орташа қолдану шамасын белгілейді, бірақ шақырудың келіп түсу мен басып алу ұзақтылығының арасындағы қатынасын көрсетпейді. Басқаша айтқанда, қысқа басып алу ұзақтылықпен келген шақырулардың артық саны беретін жүктеме қарқындылығы, артық ұзақтылықпен келген шақырулардың аз саны жасайтын жүктеме қарқаындылығымен бірдей болуы мүмкін.

Жалпы қолданудағы телефон желілерін абоненттердің күн бойындағы ЧНН (часы наибольшей нагрузки- артық жүктеме уақаты) аралығындағы орташа белсенділігімен талдау өткізеді.

ЧНН аралығындағы жүктеме өлшемдері келесі нәтижелерді береді: жекеменшік пәтерлік телефон аппараттары 5-10% ЧНН көрсетіп, әрбір телефон аппараты 0,05 - 0,10 Эрл жүктемесін туғызады. Орташа басып алу ұзақтылығы 3-4 минуттан тұрады, яғни қарапайым телефон аппаратынан ЧНН аралығында 1-2 телефон шақыруы түседі. Қызметтік телефондар артық қолданылады, сондықтан қызметтік трафиктің ЧНН- көрсеткіші пәтер телефондарының ЧНН –көрсеткішінен басқаша болады. Желіні жобалау жүктеме шамасына және желі аралығындағы жүктеменің таралу тәртібіне тәуелді болады.

Сонымен қатар, келіп түсетін және қызмет көрсетілген жүктемелерді айыру керек:

- Келіп түсетін жүктеме дегеніміз желінің келіп түсетін бүкіл жүктемелеріне қызмет көрсете алатын мүмкіншілігі болғандағы жалпы қызмет көрсететілетін орташа жүктеме көлемі. Шығыны бар жүйеден қызмет көрген жүктеме, әрине, келіп түскен жүктемеден әрдайым аз болады (шығырланғын шақыруға қызмет көрсетілмейді).

- Күтуі бар жүйе шығырланғын шақыруларды қайтарып тастамайды, қажетті құрылғылар босағанша сақтап қояды. Күтумен берілген жүйе бүкіл келіп түсетін шақыруларға кезекпен қызмет көрсетеді.

 

Трафик (телетрафик) теориясының ең маңызды болжауы – бір информация көзінен түсетін шақыру кез келген басқа информация көзінен түсетін шақырумен байланысты емес (шақырулардың келіп түсуі кездейсоқ болады).

 

t - интервалында j – шақырулар келіп түсетіннің қытималдығы Пуассон заңымен анықталады:

 

P j ( λt ) = {( λt) j \ j !} * еλ t

Егер j = 0, онда t- интервалында бірде-бір шақыру түспейтіннің ықтималдығы:

PO (t) = еλ t

Бұл ықтималдық бір шақырудан келесі шақыруға дейін t секунд өтетіннің ықтималдығына сай болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)