Ашық жүйелер технологиясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ашық жүйелер технологиясы

Поиск

Есептеуіш техника екпін дамыған. Нәтижесінде көптеген техникалық құрылғылар мен олардың программалық құралдары жасалды. Мұндай бағдарламалы-ақпараттық құралдар мен жүйелердің көптігі олардың бір-бірімен байланыссыздығына әкеліп соқты. Бұл салада мәселені басқа заттар саласындай бірыңғай ережелерді енгізумен шешуге болады, кейін олар салалық, ұлттық және халықаралық дәрежесін иемденеді.

Ашық жүйе (ағыл. «Open system») – жалпы қолжеткізім мен көпшілікпен қабылданған халықаралық стандарттармен сәйкес құрастырылған аппараттық, программалық құралдар мен технологиялардан құралған есептеуіш орта. Аппараттық және программалық құралдар мен технологияларының пайдаланушылары үшін ашық жүйенің негізгі мақсаты ұқсас құралдарды шығару мен сол технологияны қолдануға бағдарланған жабдықтаушыдан тәуелсіздігі болып табылады. Бұл ойдың мәні жүйенің қуаттылығын өсіре отырып, жабдықтаушының кез келген құралын тұтынушының иемденуі болып табылады. Бұл аппараттық та, программалық та құралдарға тән

Ашық жүйелер технологиясы – жүйенің әр келкі аппараттық және программалық құраушыларының арасындағы стандартты интерфейстердің қолдану әдісі. Ашық жүйелер технологиясының мәні жүйенің әр келкі аппараттық және программалық құраушыларының арасындағы стандартты интерфейстердің қолдану әдісінде табылады. Ол барлық деңгейлердегі инфраструтураны құрудың негізі болып табылады: кәсіпорын мен саладан бастап ұлттық ақпараттық инфраструктураға дейін. Одан басқа мұндай ақпараттық технологиялар әлемдік ақпараттық кеңістігімен және дүниежүзілік экономикамен бірігуін қамтамасыз етеді.

Ашық жүйелердің міндетті қасиеттері:
1) көндігу қабілеттілігі;
2) интероперабильдік;
3) масштабталуы;
4) даму мен модернизациялау үшін программалық және аппараттық қолжеткізім болып табылады.

«Ашық жүйелер» термині кез келген екі жүйенің сәйкес рекомендациялар көмегімен бір-бірімен әрекеттесу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Ашық жүйелердің әрекеттесуі (ағыл. «Open Systems Interconnection», OSI) – түрлі өндірушілермен құрастырылатын ашық архитектурасы бар жүйелердің түйіндесу ережелері. Ашық жүйелер «Open Source» атағына ие болған бастапқы ашық мәтіндердің еркін таралуын қосатын қозғалыс. Ашық жүйелерде объектке бағдарланған және функционалды үлестірілген ақпараттық технологиялар кең қолданылады.

Байланыс өндірушілері, интеграторлары мен операторлары келешек технологияларда емес, абонентке ақпаратты жеткізу әдістері мен құралдарында емес, пайдаланушының орналасу орнына, қолданылатын желі мен клиенттік терминалға тәуелсіз бірыңғай сапалы қызметте деген тұжырымға келді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.)