ЖҚЖ функионылдану статистикалық моделделінің есептерін шығару үшін қандай бастапқы мәліметтері берілуі керек? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖҚЖ функионылдану статистикалық моделделінің есептерін шығару үшін қандай бастапқы мәліметтері берілуі керек?

Поиск

1. ЖҚЖ функионылдану статистикалық моделделінің есептерін шығару үшін қандай бастапқы мәліметтері берілуі керек?

2. Есептеулердің шығарылымы қандай кезеңдереден тұрады?

3. Есептеудің шығарылым әдісінің мәні неде қорытындылады?

11 Дәріс. Байланыс арнасы және байланыс арнасындағы бөгеуілдер.

 

Байланыс арнасындағы аддитивті бөгеуілдердің пайда болуының негізгі себебі түрлі флуктуацияның әсерінен болады. Физикада флуктуация деп орта мәнінен белгілі бір физикалық өлшемдердің ауытқуын айтады. Тұрақты токтың электрлік желілерінде, электронды шамдарды, транзисторларда пайда болатын бөгеуілдер көзі болып орта мән айналасындағы ток  флуктуациясы болып табылады, бұл заряд тасымалдағыштардың (иондар мен электрондар) дискретті табиғатымен негізделеді. Бұл құбылысты дробты эффект деп атайды. Бөгеуілдің тайда болуының кең таралған түрлері жылулық қозғалыстан пайда болған флуктуация болып табылады. Кез-келген өткізгіште заряд тасығыштың кездейсоқ жылулық қозғалысы оның ұштарындағы потенциялдардың кездейсоқ айырымын туғызады. Бұл потенциалдар айырмасы нолге тең орта мәннен ауытқиды; оның орта квадраты абсолютті температураға пропорционалды. Пайда болған бөгеуіл жылулық шуыл деп аталады. 

 Күшейткіш кірісіндегі жылулық шуылдың қуаты 4kT∆f, мұнда k=1.38*10-23 Дж/град – Больцман тұрақтысы; Т- келвтн бойынша абсолютті температура; ∆f- жолақ ені, Гц. Жолақ ені 3100 Гц ТЖ стандартты каналында температурасы Т=300 К кезінде жылулық шуылдар қуаты 5*10-14 мВт, бұл қуатқа сәйкес деңгей 133 дБ-ге тең.

Айтылғандар бойынша көретініміз, флуктуация және осының әсерінен болған бөгеуілдер барлық заттар табиғатында кездесетін жайт. Флуктуация – заттардың дискретті құрылымының және физикалық өлшемдерінің статистикалық табиғатының нәтижесі. Шындығында да, көптеген физикалық өлшемдермен орта мәнінің алынуының нәтижесі, және бұлардың барлық жүріс-тұрысы жағдай заңдарына бағынады. Сондықтан, бұл физикалық өлшемдердің флуктуациясынан құтыду мүмкін емес, тек бұл жерде біз оның қатысты мәнін және қолда бар мүмкіндіктердің оған қалай әсер ететіндігіміз туралы ойланамыз [53]. Мысалға алатын болсақ, сымды байланыс арналарындағы жылулық шуылдар деңгейі рұқсат етілген сызықты күшейткіштердің күшейтілуімен жіктеледі, өз кезегінде ол күшейткіштік участкелердің ұзындығын шектейді.

Сымды байланыс арналарындағы орын алатын аддитивті бөгеуілдерге кабель жұптары арасындағы қорғалудың ақырғы өлшемімен (сызықты өткелдер бөгеуілдері), аппаратураның конструктивті кемшіліктеріне (тасушы және бақылау жиіліктер қалдықтарының айнымалы ток фоны) және көп арналы сигнал параметрлеріне негізделген бөгнуілдер жатады.

Сызықты өткел шуылдары байланыстың симметриялы кабельдері арқылы жұмыс жасайтын берудің ЖЖ ( жоғары жиілікті, ВЧ ) жүйелерінде елеулі мағынаға ие. Сызықты өткел әсерінің деңгейі барлық әсер етуші желі арасындағы қорғалуға тәуелді, сондай-ақ әсер етуші желінің жүктелуі және үшінші желі арқылы өтетін әсерлесу деңгейіне де тәуелді.Сызықты өткел бөгеуілінің өлшемін өзара әсерлі желілер арасындағы қорғалу дәрежесін үлкейту арқылы, бұл үлкейту желілерді симметрияландыру арқылы жүргізіледі, жиілктер дтапазонын үлкейту арқылы, сызықты күшейткіштердің шығыс деңгейлерінің рұқсат етілген ауытқуларын төмендету және үшіншілік желілерді тиісті өңдеу арқылы шектейді.

Тасушы және бақылаушы жиіліктер қалдықтар өлшемі негізін сүзгілеуші құрылғылардың сапасымен анықталады. Тасушы жиілік қалдықтар өлшемі түрлендіргіш сапасымен, ал бақылаушы жиіліктер қалдықтар өлшемі – берудің ЖЖ жүйелерінің топтық және сызықты тракттардағы байланыс каналының орнымен анықталады. Тасушы және бақылаушы жиіліктер қалдықтар өлшемін түрлендіргіш және сүзгілеу құрылғылар жұмыстарына белгілі бір талаптар қою арқылы шектеледі.

Уақытша ток фоны түзеткіш ток құрылғыларындағы ауыспалы құрамның шала фильтрациясымен және электроберу желілеріндегі наводкатармен анықталады. Пульсация өлшемін түзеткіш фильтрлерге белгілі бір талаптар қою арқылы және байланыс желісіндегі және электрберудегі өзара орналасулар арқылы шектейді.

Көп каналды сигнал параметрлерімен анықталатын бөгеуілдерге арнайы тоқталу қажет. Сигнал мен бөгеуілді әдетте өзара статистикалық тәуелсіз деп есептейді. Бірақ бұл жағдайда ол олай емес: бөгеуілдер жолшыбай лек арқасында ЖЖ сызықты емес өткел арқасында толықтай көпарналы сигнал параметрімен анықталады.

Байланыс арнасындағы электрлік сигналға әсер ететін барлық факторлар жиының, олардың сипатына байланысты « бұрмаланулар» және « бөгеуілдер» деп бөледі. Бұрмалану деп кез-келген детерминерленген (кездейсоқ емес) сигнал түрленуін атайды, және бұл түрлену теориялық мәліметтер негізінде немесе эксперимент нәтижесі негізінде бізге белгілі болады.

Кедергі келтірер факторлар құрамына байланыс каналындағы амплитудалы-жиілікті және фаза-жиілікті сипаттамаларының әсерінен электрлік сигнал формасының бұрмалануы кіреді.

Бөгеуіл деп – сигналдың детерминерленген функциональды тәуелділігіне байланысты емес кез-келген толқуын айтады. Толқуымен сигнал арасында кішкене ғана кездейсоқтық дәрежесі болса, онда бұл толқуды бөгеуіл деп айтуға болады.

Айтылған анықтамаларды ескере отырып байланыс арасындағы пайда болатын кедергі факторлар жолшыбай лек пен сызықты емес өткелдерден болатынын ескереміз.

Кабельде жолшыбай лек – кездейсоқ көпарналы сигналдың кездейсоқ кабельдік біртектіеместігінен шағылысу нәтижесінде пайда болады. Сондай-ақ өндіру жүргізуге негізделген біртексіздік трасса бойымен кездейсоқ орналасқан және уақыт бойынша тұрақты болмайды. Мұндай жағдайларда пайда болған толқулар сигналдың кездейсоқ функция болып табылады және сондықтан ол бұрмалану ретінде емес бөгеуіл ретінде қарастырамыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)