Желілік ақпараттық технологиялар. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Желілік ақпараттық технологиялар.

Поиск

Дәріс №6

Инфокоммуникациялық жүйелерде жаппай қызмет көрсету жүйесін салудың негізі. ЖҚКЖ түсінігі, классификациясы. Оқиғалар ағыны. ЖҚКЖ – ның тиімділігі мен сипаттамаларының негізгі көрсеткіші.

Мазмұны: Инфокоммуникациялық жүйелерде ЖҚКЖ-ның негізгі эффектілік көрсеткіштері. Әртүрлі ЖҚКЖ түрлері үшін негізгі сипаттамалары. ЖҚКЖ-ның негізгі эффектілік көрсеткіштері. ЖҚКЖ-ның негізгі құзреттерін.

 

Ағымдық бақылау

 

[14] негізгі [1] қосымша

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №7

ЖҚКЖ – ның модельдері. Қызмет көрсету үрдісін Марковтық кездейсоқ үрдіс ретінде қарау. Жойылу және таралу сұлбасы.

Мазмұны:Күтуді қамтитын бірканалдық ЖҚКЖ. Литтл формуласы. Қарсылықты бірканалдық ЖҚКЖ.

Ағымдық бақылау

 

[14] негізгі [3] қосымша

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №8

Инфокоммуникациялық жүйелеріндегі ЖҚКЖ желісі.

Мазмұны: Комутациялық тораптың моделі. Торапты маршрутизациялау моделі.

Ағымдық бақылау

 

[18] негізгі [5], [6] қосымша

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №9

GPSS World тілінде бір каналдық құрылғыны модельдеу.

Мазмұны: GPSS-моделінің транзактары және элементтері.

Ағымдық бақылау

 

[17] негізгі [9], [10] қосымша

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №10 GPSS World объектілері. Сынақтарды жоспарлау теориясының негізгі түсініктері. Сынақтарды жоспарлау қажеттігі.

Мазмұны:Трафик моделін талдау негізі. Сынақты стратегиялық жоспарлау

Ағымдық бақылау

 

[15] негізгі [7], [8], [12] қосымша

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №11 Инфокоммуникациялық жүйесіндегібайланыс арнасындағы бөгеуілдер, байланыс арнасы бойынша сигнал беру әдістері

Мазмұны:Инфокоммуникациялық жүйесіндегі байланыс арнасындағы аддитивті және флуктуациялық бөгеуілдер. Ауыспалы токтың фоны.

Ағымдық бақылау

 

[18] негізгі

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №12 Өткізгішті байланыс арналарындағы селективті бөгеуілдер. Импульсті бөгеуіл. Импульсті бөгеуілдердің пайда болу себебі.

Мазмұны:Селективті бөгеуілдің болғандығы. Бөгеуілдің статистикалық сипаттамасы. Кейбір шамалардың басты сипаттамалары.

Ағымдық бақылау

 

 [20] негізгі

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №13 Дискретті ақпаратты беруіне бөгеуіл әсері. Дұрыстық жоғалтулар өлшеміне импульсті бөгеуілдердің әсері.

Мазмұны: Бөгеуліктерді бөлудің тығыздығы. Бөгеулік сигналының қатынасының анықтамасы. Қателердің ықтималдығы және есептеуінің мәні.

Ағымдық бақылау

 

[19] негізгі

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №14 Мультипликативті бөгеуіл. Бөгеуіл коэффициенті. Ұялы байланыс арналарындағы бөгеуіл

Мазмұны: Мультипликативті бөгеулік кезіндегі жинау әдістері. Бөгеулік сигнал қатынасы үшін есептеу мәліметтері. Тарату кезіндегі радиосигналдардың өшуі. Жиілікті-селективті және уақытша селективті қату.

Ағымдық бақылау

 

[27], [21] негізгі

Слайдттар, интерактивті тақта

Дәріс №15Инфокоммуникациялық желілердің болашағы – көп өлшемді желілер.

Мазмұны:Болашақ желілер – FGN инфокоммуникациялық желілері.

Ағымдық бақылау

 

[1] ден [13] негізгі

Слайдттар, интерактивті тақта

      Барлығы: 30 сағат

 

 


2.2 Дәріс конспектісі

1 Дәріс. Кіріспе. Ортаның инфокоммуникациялық құрылымының дамуындағы инфокоммуникациялық жүйелер мен желілердің рөлі. негізгі терминология мен аббревиатуралар.

Ақпараттандыру бағдарламасының масштабтылығы, инфокоммуникациялық технологиялардың барлық өндіріс саласыда даму жылдамдығы және адам тіршілігінде даму әрекеті, е мiндеттi компьютерлiк жүйелердiң көмегiмен шешiлетiн, дайындалатын жүйелер не көбiнесе үлестiрiлген жүйелердің даму. Желілік хаттамалардың көптүрлілігі де қатарынан өсуде. 

    Жағдай өзара жұмыс iстеу жүйелер арасында әр түрлi ұйымдармен басқарылады. Қорыта келгенде, алыстатылған инфокоммуникациялық жүйе өзара iс-әрекет кезінде жаңа сұрақтар туа бастайды. Мұндай облыста маңызды тәжірибелік шешім қабылдануы тиіс. Бизнес-процес ұдерісінің күрделi мәселелер шешiмін үлестiру, компьютер бағдарламаларының бiрлескен қызмет түрлерiн ұсынумен бірге қатар қарастырылады.

Инфокоммуникациялық желі ( бұрынша атауы «ақпараттық желі», «компьютерлік желі») – ол технологиялық жүйе, ол тек қана электр байланысы желісін емес, сонымен қатар электр байланысы желілерінің тұтынушыларының ақпаратты сақтау, өңдеу және іздеу қарастырылған.

Электр байланыс бiрiгу үдерісі және ақпараттандырудың құралдары желiнiң инфокоммуникациялық желілерін телекоммуникациялық желіге айналдыруды туғызады. Бұған қарасақ, желі бір жағынан жүйе ретінде де қарастырылады. Негзінде, жүйе деген сөз (грек тілінен аударғанда бүтін деген мағынаны береді) бірнеше бөліктерден құралған тұтас дегенді білдіреді. Егерде желі ол жүйе болса, онда кез келген желі жүйе бола бермейді. Сонымен, жүйе – ол жлпы алғанда үлкен түсінік. Инфокоммуникациялық желі тұтынушылардың қызметтерін бақылауға негізделген. Ондай жүйе ақпараттарды өңдеуге, бір жерге жинауға, издеуге жіне сақтауға негізделген. Ақпаратты тұтынушы, ақпараттық желіге қолжеткізген қолданышу кейіннен оның user – қолданушысы болады. Қолданушы ретінде жека және заңды тұлғалар қатыса алады (оларға қандай да бір фирмалар, ұйымдар, жеке меншік орындар жатады).

Инфокоммуникациялық желілердің соңғы жүйелері құрылымы жағынан: желінің қорлары мен желінің өзіне қолжеткізімді қамтамасыз ететін «терминалды» (terminalsystem), есептегіш және ақпараттық қорларды қаматамсыз ететін «жұмыстық» (server, hostsystem) және дамытатын желінің басқарылуы мен оның жеке бөлімдерін қарастыратын «әкімшілік» (managementsystem) болып бөлінеді. 

Желінің қорлары ақпараттық, деректердің өңделуі мен сақталуына, бағдарламалық және коммуникациялық болып бөлінеді.

Үлестiрiлгендiгiн қасиет және орталықсыздандырылған ашықтықтың қасиетiмен басқа мағынада толықтанады: өзара әсер ететін жүйелердің функционалды сипаттамасы мен құрамы жүйенің өзара әсерлесу кезінде ауыса алады.Барлық өзара әсер етудің жұмыс iстеу жүйелері болмаған жағдайда жүйенің дамуы мен құрылуы техникалық эволюция түрінде беріледі. Сондықтан сарапшы мен жобалаушыға ең бастысы жаңадан құрылған әдістер мен тәсілдер қажет.Қазіргі кезде инфокоммуникациялық жүйелердің өзара әсерлесу әрекеттері ғылыми зерттеу облыстарында бірнеше бағыт бойынша қарастырылады: операциялық теорияларда, жаппай қызмет көрсету теориясында, бағыттандыру алгоритмі теориясында, зерттеу кездерінде (соңғы автоматты теорияларында және көп өлшемді жүйелерде). Крифтографиялық алгоритмдердің және протоколдардың бағыты бөлек дамуда, ақпарат қорғау маңызды нәтиже қолданатын дерек жұйелері өзара іс-әрекет даму сатысында сирек қолданылады.

Байланысжелiсiнiңтұрақсыздаңдырғышәсерлеркездеріндегі қабiлеттiлiгiорнықтылықдепаталады. Ол желінің сенімділігімен,кедергіге қалыпты қарсы тұратындығымен анықталады. Жүйенің тұрақтылығын артыру мақсатында және оның дұрыс жұмыс жасау барысында әр түрлі сыртқы әсерлердің өзара бірігуі байқалады және ол ұжымдық-экономикалық сипаттарды тудырады. Сенімділік пен экономикалық әдістерді байланыс желісінің топологиясы үдерісін қамтамасыз етеді. Бөгеттер мен қатерлерден қорғану үшін арнайы жергілікті орталар қарастырылған. Қосымша жүйелер мен қатар автоматты жүйелерді басқару да бар қарастырылған. Қандай да болсын желінің жұмыс істеу сенімділігі оның құрылымына қарай атқарылады. Келесі инфокоммуникациялық желілердің негізгі құрылымына қарай типтік мысалдарды қарастырамыз. Дамыған елдерде сондай бір тарихи мәні бар дамыған құрылымы жағынан қандай да болсын құрылғыға телефон желісін жатқызады, өйткені инфокоммуникациялық қызметтерді көрсету аясында телефондық абоненттік байланыс жолдары желі жағынан өте қуатты болып келеді. Қалааралық телефон желілері (сыйымдылығы 100 мың абонентке дейін) радиалды-тораптық топологияға жатады, оның суреті 1.1-суретте келтірілген.
Радиалды-тораптық топология бірнеше тораптық аудандардан тұрады, шығыс және кіріс қоңыраулардың ағаның бөлуге негізделген.
Қазіргі телефонды желілер орталық өзекпен жетілдірілген (транспорттық желі). Оның құрылымдық суреті 1.1 және 1.2 суреттерде көрсетілген.

 


 

1.1 сурет - ҚТЖ құрылымдық сұлбасы. Радиалды торапты топология

1.2 сурет Тораптық аудандары бар радиалды-тораптық желі.

 

Басқада желілердің қысқаша құрылымдық сипаттамсы 1.1-кестеде көрстеілген.

 

Кесте 1.1. Байланыс желісінің мүмкіндіктері мен құрылымдық сипаттамасы.

 

Желі түрі

Құрылым

Ерекшеліктері

 

Факсимильді байланыс желісі

Телефон желісі негізінде құрылады

Хабарлама құжаттамасы қаматамасыздандырылады

Телеграфтық желі

Радиальды тораптық топология

Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөлінуі қарастырылады. . Телеграфты желінің соңғы нүктесі болып не байланыстың бөлімшесі, не телеграфты аппаратурасы бар телеграфты тұтынушылар табылады. Деректерді таратудың ең қарапайым және ең ескі желісі негізгі үш тораптық нүктелерге бөлінген: аудандық, облыстық және басты (қалалық). 


Дыбыстық тарату желісі

Радиальды тораптық топология

Арнайы бағдарламалардың таратылуына байланысты байланыстың арналары бойынша қарастырылады. Тұтынушыларға таратқанға дейін екі түрді көздейді. Бірінші радиотарату, екіншісі сымды тарату (арнайы сымды тарату жолдары бойынша).

Теледидарлық тарату желісі (ТВ)

Радиальды тораптық топология

Тұтынушыларға дейін телехабарды таратудың 2 негізгі тәсілі қарастырылған. Радиотеледидарлық тарату станциялары (РТПС), эфирлі телекөрсетілім және кабілді тарату. Эфирлі телекөрсетілім жергілікті және спутникті болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде телетаратуға арнайы жоғары жылдамдықты тарату желілері қолданыс табуда (оның ішінде NGN және интернет желісі).

Газеттердің тарату желісі

Қалааралық телефон желісін қолданады

«Газета-2» аналогты аппаратурасын қолдану арқылы факсимильді таратуды қамтамасыз етеді. Арнайы газеттерді қабылдау орындары типография орталықтарында жүзеге асырылады. Ал арна бойынша тарату орталықтары орталық қалааралық Автоматты Телефон Желілерінде (АТС) таратылады. Өйткені газеттерді тарату үшін телефон арналары өте ыңғайлы.

Интернет

Қиын ұялы топология

Дүниежүзілік желі, ол ТСР/ІР протоколдары бойынша, NGN мультисервистік желісі арқылы және бірнеше хабар тарату жиынтықтары арқылы жұмыс жасайды. Желінің тораптары тәуелсіз бағыттар арқылы іске асады.

 

Жаппай хабарлама таратудың негізгі желісі ретінде таратылым желілері маңызды орын алған. Хабар тарату - байланыстың техникалық құралдард көмегімен абоненттердiң ауқымы кең бiр топтарды жалпы тағайындаудың әр түрлi хабарларын бiр уақытта жiберу процесі.Хабар тарату ұйымы екi тапсырмы орындайды: хабар тарататын бағдарламаларды дайындау және (хабар тарататын бағдарлама - жiберудiң тiзбегi әр түрлi хабарларды жеткізу) абоненттерге дейiн бағдарламаларды таратып жеткізуді қамтамасыз ету.Хабар тарату желiлерiнің негiзгi талаптарына мыналарды жатқызамыз: берiлетiн бағдарламалардың халыққа жаппай жетілуі, жоғары сапалы хабар таратумен қамтамасыздандыру.Ұзақ уақыт бойы электр байланыстың түрлерi тарихи орынында бiр-бiрiнен тәуелсiз дамыған және нәтижесiнде әр түрлi желiлер қалыптасқан. Бiр жағынан желiлердi бiрiктiру үшiн белгiлi алғышарттар да болады, тарату жүйелерiнiң функциялары ұқсастыққа бағыталатын тарату қажеттiлiгiнiң сигнал өзгерту әдiстерiн бiрiздендiру және коммутация желiлерінің түрлерiн арттыруды қарастырады.БЭЖ желiлеінің барлық санаттары байланыс операторының заңнама бойынша орнатылған өз байланыс желiлерiнiң басқару тиiстi жүйенi құрумен мiндеттелген. ҚР электр байланыс жүйесінің техникалық құралдары былай айтқанда, электр байланысының бірінші желісін жүзеге асырады және қолданушылар үшiн сигналды тарату жолдарының телефон желісі арқылы коммутациялық желіге өту, деректерді тарату желісінің маршрутизаторы және т.б. жүзеге асырылады. . Бiрiншi желінің құрылысы 1.3 суретте бейнеленген. осындай бөлуге байланысты келесi технология жағынан түйiндескен бөлiктерден тұрады:

· Жергілікті бірінші желілер (БЖ) – ол қаланың немесе ауылдық жердің аумағымен шектелген электробайланыс желісі;

· Ішкіаймақтық (аймақтық немесе аудандық) БЖ – қалааралық электрбайланыс желісі, ҚР-ның бір немесе бірнеше субъекттерін жергілікті аймақты түгелдей қосатын желі түрлері төмендегі суреттерде көрсетілген:

 

1.3 сурет – ҚР Біріңғай электрбайланыс жүйесінің бірінші желісінің құрылу принципі.

 

1.4 сурет – Бірінші және екінші желілердің жалпы моделі.

 

1.5 сурет – төменгі және жоғары деңгейлердің транспорттық желілерінің үлгісі.

 

1.6 сурет – Желінің әкімшілік-аймақтық құрылымы

2 Дәріс. Желілік ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер. Гипермәтіндік және вебтік АЖ-лар. Ақпаратты іздеу. Ашық жүйелер технологиялары.

 

Араласу қажеттігі қоғамның бұл саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оңтайлы құралдарды ұйымдастыруға құштарлығын туғызады. Ғасырлар бойы бұған байланыс құралдары көмегін тигізді. Ақпаратпен алмасу саласындағы қазіргі таңғы ақпараттық технологиялар (желілік технологиялар) ертеректе болғандарды жақсартып қана қоймай, жаңаларын құруға мүмкіндік береді.

Өткен ғасырдың басында жергілікті, қалалық, мемлекеттік және халықаралық сымды телефон желілерінің негізінде ұйымдастырылған тек телефондық желі адамдар арасындағы тікелей дауыстық қатынасқа мүмкіндік беретін еді. Өткен ғасырдың екінші жартысында теледидарлама аудиовизуалды қатынастың сымсыз сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

1960-шы жылдары алғашқы ЭЕМ-ы бар есептеуіш желілер (ЕЖ) пайда болды. Осы уақыттан бастап байланыс техникасы бар ЭЕМ-да ақпаратты жинауды, сақтауды, тарату мен өңдеуді біріктіретін желілік ақпараттық технологиялар пайда болады. ХХ ғасырдың соңына қарай компьютерлер мен арнайы коммуникациялық жабдықтар компьютерлерді жергілікті, қалалық, мемлекеттік және халықаралық желілерге біріктірді, ол ғаламдық телекоммуникациялық есептеуіш және ақпараттық ортаның пайда болуына әсерін тигізді. Қазіргі кезде желілік ақпараттық технологиялар қолданылмайтын саланы табу қиын. Желілік технологиялар ақпараттың орналасуына тәуелсіз түрлі категориялы қолданушыларға қолма қол қолжеткізімді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Теориялық зерттеулер мен тәжірибелік білік қоғамның тіршілік әрекеттерінің кез-келген салаларында жаңа ақпараттық технологияларды бірыңғай еңгізуге мүмкіндік берді, сонымен қоса, ақпараттық желілерді құрудың негізгі принцинтерін құрып, ғылыми жжолмен дәлелдеді. 

Желі (ағыл. «Network») – бір-бірімен байланыс арналары арқылы байланысқан объекттердің әрекеттес жиынтығы. Ақпараттық процесстер, жүйелер мен технологияларда ақпараттың әр түрлерімен алмасу мен есептеулерді қамтамассыз ету үшін арналған арнайы жабдықтың көмегімен бір-бірімен байланысқан кем дегенде бірнеше компьютерлер мен басқа да есептеуіш машиналарды «желі» терминімен атайды. Күрделі желілерде қолданушылардың үлкен саны, тармақталған құрылысы, коммутация түйіндері және бәрін бір құрылымға біріктіретін коммуникациялар бар деп есептеледі.

Коммуникациялық желі – бұл өнімді құру (генерация), түрлендіру, сақтау мен тұтыну функцияларын жүзеге асыратын объекттердің және желі ішінде бұл өнімді тарату жүзеге асырылатын тарату желілерінің жүйесі. Мұндай жүйенің объекттерін желінің пункттері немесе түйіндері деп атайды, ал желілерді – коммуникациялар, қосылыстар немесе байланыс арналары деп атайды.

Функционалды тиістілігі бойынша компьютерлік желілер ақпараттық, есептеуіш, ақпаратты-есептеуіш болып бөлінеді.

Желілік технологиялардың негізін есептеуіш желілер құрайды – бұл кеңістікте үлестірілген компьютерлерді жүйеге біріктіретін байланыс құралдары (телекоммуникациялар). Алғашқы коммуникациялық компьютерлік желілер ең алдымен математикалық есептеулерді жүргізу үшін құралып, «есептеуіш желілер» атауын алды – бұл соның ішінде автоматты және автоматтандырылған жүйелерде де күрделі біріктірілген математикалық есептеулерді, тәжірибелерді, өлшеулерді және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған компьютерлік коммуникациялық желілер.

Іс жүзінде бұл желілерді бір уақытта түрлі мәліметтер (мәліметтерді тарату желілері) мен ақпараттармен алмасу үшін пайдалана бастады. Нәтижесінде ақпаратты-есептеуіш желілермен қоса ақпаратты желілер де пайда болды.

Ақпаратты-есептеуіш желілерге мәліметтерді үлестіріп өңдеуге арналған (кез-келген салаларда есептеуіш қуатын бірлесіп қолдану) есептеуіш желілер және ақпараттық қорларды бірлесіп қолдануға арналған ақпараттық желілер кіреді.

Ақпараттық желі – бұл ақпарат құрудың, түрлендірудің, сақтау мен пайдаланудың өнімі ретінде қолданылатын коммуникациялық желі. Бұндай желілерде түрлі категориялы пайдаланушылардың ақпараттық әрекеттесуінің сеанстары жүзеге асырылады.

Ақпараттық әрекеттесу (ағыл. «Information interaction») – бұл мақсаты мен негізгі құрамы болып біреуіндегі ақпараттың өзгеруі саналатын екі немесе одан да көп субъекттердің әрекеттесу үрдісі.

Кез-келген желі оның жұмысы мен соңғы пайдаланушыларын (орындаушылар, тұтынушылар, тапсырыс берушілер және басқалары) басқаратын бір немесе бірнеше құрамаларының болуымен сипатталады. Ақпараттық желілерде басқарушы жүйелер серверлер деп аталады – бұл желіге қосылған белгілі бір жалпы қолданыс қорларына ие және әдетте ақпараттық желілерде компьютерлерді біріктіру мүмкіндігі бар аса қуатты есептеуіш машиналар.

Ұйымдастыру жағынан желілер үш түрге бөлінеді, олар – нақты, жасанды, бірсатылы.

Нақты желілерге компьютерлер өзара арнайы жабдықтың – желілік адаптердің көмегімен белгілі бір сұлба бойынша біріктірілетін және мұндай желілерді бақылау мен қолдануды жүзеге асыратын мамандардың болуын талап ететін желілерді жатқызады. Оларды сервері шығарылған желілер (ағыл. «realnetwork» немесе «NetworkWithanAttitude», NWA) деп атайды. Мысалы, Novell фирмасының NetWare және Microsoft фирмасының WindowsNT. Бұл желілер орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Тұтынушы/сервер» желі технологиясы ең күрделі әрі кең таралған болып саналады, онда желінің кез-келген компьютері белгілі бір жағдайларда кезектесіп сервер де, тұтынушы да бола алады.

Жасанды желілер арнайы желілік қатты дискті талап етпейді. Бұл желілердің компьютерлері арнайы желілік адаптерлерсіз де тізбектес немесе параллель порттары арқылы өзара қосылады. Кейде мұндай байланыс нөл-модемді немесе нөл-слотты деп аталады, себебі, компьютердің бір де бір слотына желілік плата (адаптер) қосылмаған болып табылады.

Бірсатылы желілер «теңбе-теңділік» (ағыл. «peer-to-peer network») принципі бойынша ұйымдасады, яғни шығарылған сервері болмайды және нақты мен жасанды арасындағы аралық типке жатады. Онда кез-келген компьютер кезегімен сервердің немесе «тұтынушының» жұмыс станциясы рөлінде қолданылады.

Сонымен қоса, алғашында кәсіпорынның кейбір жұмыскерлерінің жұмысын (жұмыс орнын) үйде орналастыруды білдірген, «виртуалды жеке желілер» (ағыл. «Virtual Personal Network», VPN) түсінігі де қолданылады. Мұндай желілерді құрған кезде, сәйкес ғимаратқа бір сым тартады және қолданушылар мәліметтерді тарату, Интернетке шығу, теледидарлама мен телефон байланысы, және басқа да ақпараттық қызметтерге қолжеткізуге мүмкіндік алады.

Желілер қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалардың белгіленуімен, конфигурациясымен, сипаттамаларымен ерекшеленеді. Олар әмбебаб және арнайыландырылған; біртекті, яғни, бағдарламалы үйлесімді ЭЕМ-дан тұрады, және түрлі бағдарламалық қамтамассыздандыру мен түрлі компьютерлерден тұратын біртекті емес (гетерогенді) болады. 

Қабылданған басқару әдісіне байланысты желілер орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас болып бөлінеді.

Меншіктігі бойынша желілер жеке мен жалпы қолданыстағы болып бөлінеді. Желілердің түрлерінде қолдану аумағы (таралуы) бойынша жергілікті, аймақтық және ғаламдық желілер болып бөлінеді.

Қолданылатын ЭЕМ санына байланысты желілерді кіші (10 ДК-ға дейін), орташа (30 ДК-ға дейін) және үлкен (30 ДК-дан аса) болып бөледі. Мәліметтерді таратудың әдістері бойынша желілер:

1) шығарылған байланыс арналары арқылы мәліметтерді тарататын;

2) арналарды коммутациялайтын;

3) хабарламаны коммутациялайтын;

4) хабарлама дестелерін коммутациялайтын болып бөлінеді.

Ақпаратты таратуды ұйымдастырудың түрі бойынша олар арналарды, дестелерді және хабарламаларды коммутациялайтын желілерге бөлінеді. Мәліметтерді таратудың аралас түрлерін қолдану нұсқалары белгілі.

Ақпаратты таратуда қолданылатын жабдықтардың түрлері бойынша желілер сымды (кабельді), сымсыз (радио және спутниктік) және аралас болып бөлінеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.015 с.)