Шулық температурамен шу – факторды салыстыру.
Шулық температурамен шу – факторды салыстыру.
F шу – факторы және T0 эффективті шулық температуралық құрылғысының шулық сипаттамасын көрсетеді, кейбір инженерлер осылардың біреуін ғана таңдауына мәжбүр болады. Солай болғанымен де екі параметр де өзінің дәл анықталған «жұмыс істеу ортасы» бар жер үсті құрылғыларына Fшу – фактор қолданысқа дәл келеді. Мұнда 290К температуралы көзі үшін SNR параметрлерінің бұзылу түсінігі ескеріледі, себебі жер үсті көздерінің температурасы 290К-ге жақын жер үсті шу – факторларының мәні 1-10 дБ-ге сай келеді.
Ғарыштық құрылғылар үшін ыңғайлы критерийлердің бірі болып, T0 параметрінің қасиеті болады. Коммерциялы жүйелер үшін температура дапазоны 30 және 150 аралығында болады. Шу – факторларын қолданудың кемшіліктері аз шулы торап үшін ол алынған мәндер бірлікке жақын, осының өзі құрылғыларды салыстырғанда қиындықтар туғызады. Аз шулы F құрылғылар үшін өрнектегенде үтірден кейінгі екі белгіні де алу керек. Себебі ол Т беретін дәлдікпен салыстырғандағы нақтылық керек. Ғарыштық құрылғылар үшін эталонды температура 290К жер үсті құрылғыларға сияқты қолайлы емес. Егер эффективті температураны қолдансақ, онда ешқандай эталонды тамператураның бұзылу сипаттамасын талап етудің қажеті жоқ. Эффективті кіріс шулық температура көзінің эффективті шулық температурасымен салыстырылады. Төменгі шулы құрылғыларды көрсететін құрылымдарда шу факторы арқылы емес эффективті температура арқылы жазған ыңғайлы.
Жүйенің эффективті температурасы.
Қабылдағыш жүйенің қарапайым сұлбасы, SNR параметрінің бұзылуында негізгі рөл атқаратын аймақтар (антенна, байланыс желісі және алдын ала қойыоғлан күшейткіштер) көрсетілген. Алдыңғы уақытта айтылып өткендей күшейткіштің ықпалы – желіге қосымша шулардың кіруі болып табылады. Сонымен қатар желідегі шығын, яғни, сигнал шу деңгейі фиксирленгенде жұтылатыны қарастырылады. Қалған көздері сигнал сапасының бұзылуы табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи көздер – найзағай, радио сәулелену көздері, атмосфералық көздер және басқа да физикалық құрылымдардан сәулеленген көздер. Жасанды көздер – бұл автомобильді жүйелерден және басқа да электрлік құрылғылардан сонымен бірге басқа қолданушылардан шыққан радиотаратқыш қабылдағышпен бірдей жолақты қолданатын қолданушылардың әсерінен болатын сәулелену.
|