Гипермәтінді ақпаратты технологиялар. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гипермәтінді ақпаратты технологиялар.

Поиск

Сымсыз желілер

Қосылысты орнату бойынша сымсыз желілер екі нұсқамен сипатталады:

1) арнаның нақты жүктемесінен тәуелсіз байланыс сеансының барлық уақытына тікелей қосылуды орнату (кабельді желілердегі арналар коммутациясын сәйкес);

2) тек нақты таратудың уақытына ғана қосылыс орнатылады (дестелер коммутациясы бар жүйелерге сәйкес. Бұл кезде арналардың сыйымдылығы айтарлықтай тиімді пайдаланылады.

Радиожелілердің таралуына үш фактор әсер етеді, олар мобильділік, алыстатылуы, жеделділігі.

Сымсыз жүйелерде шамамен 2,4 ГГц радиожиілігінде және 100 м дейінгі қашықтықта мәліметтемен алмасудың бір тәсілі болып Bluetooth саналады.

Bluetooth – бұл түрлі құрылғылар (ұялы телефон, ДК, принтер, сандық құралдар, кондиционерлер және басқа да тұрмыстық электр жабдықтары) арасында мәліметтермен сымсыз алмасу технологиясы. Онда 2,4–2,48 ГГц жоғары жиілікті толқындар диапазоны, 720 Кбит/с-қа дейін жететін тарату жылдамдығы, 10 мВт-қа дейінгі құралдардың энергия жұмсауы қолданылады, ал тұрақты байланыс арақашықтығы 100 м-ге дейін жетеді. Бұл технология түрлі сандық құралдар арасында сенімді (соның ішінде құпияландырылған) және арзан радиобайланысты қамтамассыз етеді.

Желілерді тұрғызудың құрылысы (топологиясы), ең алдымен компьютерлердің өзара қосылуының әдісімен анықталады.

Топология – бұл серверлер мен жеке компьютерлердің желіге физикалық қосылуы әдістерінің бейнеленуі. Жалпы жағдайда негізгі топологияларды ерекшелейді: компьютерлерді желіге қосудың «шиналық» (копьютерлерді бір байланыс желісіне параллель жалғау), жұлдыз тәрізді (радиалды, яғни желінің барлық жеке жұмыс компьютерлері бір серверлік компьютермен қосылады), шеңберлік және қосымша (аралас және құрама) топологиялары, мысалы, физикалық тұрғыда жұлдыз тәрізді топологиялардың қосылуы тәрізді біріктірілген логикалық шеңберлік желі. Құрама топологияға тек жоғарыда аталған компьютерлерді қосудың тәсілдерін қатар қолдану ғана жатпайды, сонымен қатар, иерархиялық және олардың көпбайланысты қосылыстары (бұл жағдайда компьютер желідегі басқа компьютерлермен де қосылады) жатады.

Желі протоколы (ағыл. «NetworkProtocol») – бұл бір атаулы деңгейлердің өзара әрекеттесуіне арналған және және өзара әрекеттесу процесстеріне арналған стандарт, жүйелер мен ЭЕМ-дың бірлескен әрекеттесу үрдісі мен ережелерін анықтайтын құжат.

Интернетте мәліметтер дестелерде ІР протоколыы арқылы жіберіледі.

ІР протоколы (ағыл. «Internet Protocol») желіаралық протокол болып табылады. Ол ақпараты бар желілік дестелердің жеткізуін және машинааралық коммуникацияларды қамтамассыз етеді. Протокол – дестелерді желінің түйіндері арасындағы түрлі бағыттар бойынша бағыттап дестелердің адресациясын басқарады және түрлі желілерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Мәліметтер дестелерімен жұмыс істеу ережелері TCP хаттаммасы деп аталады. TCP хаттаммасы (ағыл. «Transmission Control Protocol») Интернеттегі екі шеткі торап арасында ақпарат алмасудағы толық дуплексті сенімді байланысты ұйымдастрыу үшін қажет. Ол жіберуші жақта хаттамаларды дестелер ағынына өзгертіп, қабылдағыш жақта алынған дестелерді хаттамаларға жинақтайды. TCP хаттамасы IP хаттамасы негізінде жасалған, сондықтан оларды бірге белгілеп, TCP/IP хаттамалар стегі деп атайды. Бұл желіаралық хаттамалар желідегі мәліметтерді таратуды басқарады.

Интернетте OSI (ағыл. «Open Systems Interconnection») стандарты қолданылады, ол еуропалық ақпараттық желілер үшін ашық жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. ISO соның негізінде ISO/OSI хаттамалар стегіменэталондық моделін жасады.

Интернет желілерінде хабарламаларды қабылдау мен жіберу үшін арнайы POP3 және SMTP хаттамалары қолданады. POP3(ағыл. «Post Office Protocol», 3 нұсқасы) хаттамасы пайдаланушының компьютеріне келіп түскен поштаны телефон желісі арқылы жүктеуге мүмкіндік береді, ал SMTP (ағыл. «Simple Mail Transport Protocol») хаттамасы пайдаланушының компьютерінен поштаны жіберу үшін қолданылады.

POP3 хаттамасы желінің пошталық пайдаланушысынакеліп түскен хаттарды алу үшін пошталық серверге жүгінуін қарастырады, серверге пошта жәшігінің атауы мен құпиясөзді хабарлайды, пайдаланушыға хабарламаларды жүктейді және оларды пошта жәшігінен өшіреді.

SMTP көмегімен жіберілетін хаттар жинақталып және адресаттың оларды қабылдап алуы іске асады. SMTP хаттамасы TCP транспорттық хаттамасын қолданады, сонымен қатар UUCP хаттамасының да бірге колданылуы мүмкін. Ол транспорттық ортаға байланысты болмайды және TCP/IP мен Х.25 хаттамаларынан басқа желідегі поштаны жеткізу үшін қолданылады.

HTTP (ағыл. «HyperText Transfer Protocol») – бұл веб-серверлер мен веб-клиенттер байланысы үшін гипертексттік транспорттық хаттама. Ол Интернеттегі гипертекстті ақпараттармен алмасу үшін жасалынып, қолданбалы деңгейдің хаттамасы болып табылады.

FTP (ағыл. «File Transfer Protocol») – бұл файлдардың бір компьютерден екіншісіне жіберілуі үшін қолданылатын файлдық алмасу хаттамасы. FTP-дегі мәліметтер алмасу TCP-арнасы арқылы өтеді және «клиент-сервер» технологиясымен құрастырылады.

Telnet – қашыштықтағы терминалды эмуляциялау хаттамасы. Желідегі бір компьютеді басқасынан басқару үшін қажет және «терминал–терминал» (байланыс) мен «үдеріс–үдеріс»(үлестірілген есептеулер) өзара қатынасын ұйымдастрыру үшін қолданыла алынады.TelnetTCP траснпорттық хаттамасынан жоғары қолданбалы деңгейінде құрастырылады.

Интернетте жұмыс істеу үшін пайдаланушының тұратын пошталық жәшігіне сәйкес серверлердің, хосттардың, сайттар мен порталдардың өзіндік адрестері болады. Адрес Интернет желісінде пайдаланущыға ақпараттық ресурстарды іздеумен қатар, өзге де пайдаланушылармен түрлі хабарламалармен алмасу үшін қажет. Интернет желісінде бірегей адрестер домендік жүйенің көмегімен қалыптасады. Желілерде қолданатын негізгі адрес типтері: Ethernet адресі; IP-адрес(Интернеттегі негізгі адрес); домендік адрестер; пошталық адрестер; порттар нөмірлері; желілік ресурстың әмбебап локаторы (идентификаторы)URL/URI.

Интернет желісінің пайдаланушыларының және желідегі орналасқан серверлердің, сайттардың, ақпараттық жүйелердің, порталдардың және т.б. URL (ағыл. «Uniform Resource Locator») деп аталатын бірегей адресі болады. Мұндай адрес тасымалдау хаттамасының типін, жеткізілетін машинаның атауын және сол хосттағы объекттің (ресурстың) атауын анықтауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың идентификациясы домендердің адресациялау әдісімен жүзеге асады. Сонымен қатар ұйымдастыру принциптері бойынша сайттардың (хосттардың, өзге бас машиналадың) адрестері мен пайдаланушылардың адрестері болып ажыратылады.

 URL-адрес үш бөліктен құрылады:
1) мәліметтерді жіберу кезінде қолданылатын транспорттық хаттаманы сипаттайды (http, ftp);
2) Интернет желісіндегі сервердің домендік атауы;
3) нақты (ізделініп жатқан) файлдың бағыты.

Сервер адресі домендік атаудан құрылады, бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылып, оңнан солға рет-ретімен есептелінетін бірнеше деңгейден тұрады. Бірінші (жоғарғы) домендік деңгейді аймақ деп атайды. Ол мемлекеттің кодын (географиялық домен) немесе ұйымның бейінің (ұйымдық домен) көрсетеді. Екінші деңгей ұйымның аббревиатурасын белгілеу үшін қолданылады,ал үшінші деңгейдіңболмауы да мүмкін немесе оны ұйымның бөлімшесін (бөлім, топ, факультет, филиал және т.б.), сонымен қатар абоненттің толық немесе қықартылған атын (тегі, аты немесе аты-жөнінің бірінші әріптері және т.б.) белгілеу мақсатында қолданылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған адресациялаудан өзге цифрлық IP-адрестер де бар, олар шартты адрестерді ішкі көрсетілімге өзгерту үшін домендік атаулар жүйесінің (ағыл. «Domain Name System», DNS)негізінде қалыптасады. Бұл адрестер бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылған үшразрядты төрт топтан құрылады және ақпаратты жеткізу орнын автоматты анықтау үшін байланыс программаларымен қолданылады.

Интернет желісінде жетекшілік жоқ. Пайдаланушылар мен серверлер адрестерін тіркеумен ұлттық агенттіктер немесе байланыстырылатын қызметтіктер айналысады.

Корпоративті желілер

Корпоративті желілер (кәсіпорын ауқымының желілері; ағыл. «enterprise-wide networks») бір корпорацияның (кәсіпорынның) құрамына кіретін, бір-біріне жақын орналасқан ғимараттардың локальді есептеуіш желілерін өзара байланыстырады.Қамтып жатқан территорясы мен ауқымына байланысты олар территориалды және аймақтық желілердің түрлілігі болып табылады. Корпоративті желілер үлестірілген ақпараттық архитектурасы бар күрделі ақпараттық жүйелерді құрастырады.

Үлестірілген желілердің сымды және сымсыз түрлері болады. Сымсыз кеңжолақты байланыстың үлестірілген желілерін кеңжолақты қолжеткізім желілері деп атайды (ағыл. «Broadband Wireless Access», BWA).
Корпоративті желілер үшін (жалпы қолданыстағы желілері тәріздес) келесі ұрпақ байланыс желілерінің архитектурасы (ағыл. «Next Generation Networks», NGN) жасалынып жатыр, оның негізінде пайдаланушыға қажет және көрсетілетін жүйенің функционалдылығы жатыр. Осыған байланысты корпоративтік байланыс желілері жаңа деңгейдегі пайдаланушыға сапалы кең ауқымды қызметтерді көрсететін орта болып табылады. Бірыңғай мультисервисті транспорттық желісінде корпорацияның бірыңғай ақпараттық кеңістігі қалыптасады. Мамандар корпоративті байланыс желілері негізінде пайдалану процестерін қолдаудың кешенді жүйесін, шешім қабылдаудағы қолдаудың интеллектуалды жүйесін, мультиагенттік және өзге жүйелерді құру мүмкіндігін атап өтеді. Корпоративті байланыс желілерінің басқару жүйесі объектіге бағдарланып үлестірілген құрылымның қолданысы негізінде құрылады.

Мультиагентті жүйелер интеллектуалды жүйелердің жаңа табына жатады. Бұл жүйелерде үлестірілген компьютерлік ортадағы клиенттің тапсырысын орындайтын жеке агенттің функционалды мүмкіндіктері емес,мақсатты әрекет етуші агенттер бірлестігінің сапалы жаңа қасиеттері айқындауыш болып табылады.

Аталған мәселелерді шешу жолдарының басқа түрі GRIDқолданысында табылады, ол жаңа ұрпақтың басқарушы мен оптималдандырушы ПҚ негізінде интеграциялауды айқындайтын ақпараттық және есептеуіш ресурстарға сапалы, үйлесімді, арзан, жаппай қолжеткізімді қамтамасыз ететін стандартты қызметтер жиынтығын ұсынады. GRID тек тұжырымдама ғана емес, ол бір типті есептердің жиынтығын шешудегі қолданылып жұмыс істейтін технологиялар. Ол метакомпьютинг, яғни көпшілік және күрделі құрылымдық есептегіш үдерістерін ұйымдастыру бойынша ғылыми пән негізінде іске асады.GRID-тің кейбір технологияларын корпоративті жүйелерде қолдану қарастырылады.

Жаңа ұрпақ желілеріне нейрондық желілерін де жатқызуға болады. Нейрондық желілер – мәліметтер ағынының жасырын заңдылығын ала отырып, мысалдар негізінде үйрене алатын алгоритмдер тобының жалпы атауы. Оқытатын алгоритмдер өзара байланыс саласындағы қажетті білімді талап етпейді. Модельденген жүйенің өткен уақыттағы әрекетін сипаттайтын жеткілікті мысалдар санын іріктеп алу керек. Нейрожүйелік деп аталатын компьютерлік технологиялар адам бас миы нейрондарының құрылымдық жағы мен жұмыс істеу принциптеріне сәйкес келіп, төтенше жағдайлардың шешімін табады: абстракт бейне мен адамның тілін тану, күрделі жүйелердің күйін классификациялау, технологиялық үдерістер мен қаржылық ағындарды басқару, көлемді ақпараттық ағындармен байланысты аналитикалық, зерттеу, болжамды мәселелерді шешу. Нейрожелілік технологиялар қуатты технологиялық құрал болғандықтан, белгісіздік, уақыт тапшылығы және шектеулі ақпараттық ресурс жағдайлары кезінде анық емес және маңызды шешім қабылдауды жеңілдетеді. Нейрондық желілердің икемділігі мен қуаттылығы

Интернет желісінің өзге қызметтері қашықтықтағы терминал режимін жасады. «telnet» қызметі терминалды сеансқа қашықтықтағы компьютер арқылы кіруге мүмкіндік береді. Пайдаланушы логин мен құпиясөзді енгізгеннен кейін қашықтықтағы машинамен терминалдық жұмыс режимінде болады. Мұндағы қолданылатын Telnet хаттамасықашықтатылған машиналарды эмуляциялау, яғни олармен жұмыс істеу сеанстарын ұйымдастыру үшін қажет. Бұл Интернет технологиясына локальді ақпараттық жүйелерді көшірудің қарапайым әдістердің бірі, себебі қолжеткізім кезінде қолданылатын мәліметтер базасы мен программалық қамтамасыздандыруды қайта өзгертуді талап етпейді. Оның қолданысы әр пайдаланушының компьютеріне жүйенің көшіруінен бас тартқызады және ақпараттық ресурспен орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етеді.Telnetхаттамасы локальді ақпараттық жүйелерге желі арқылы қолжеткізімді бастапқы ұйымдастырудың маңызды әдісі болып қала береді.

FTP – қолданбалы деңгейдің файлдарды тарату хаттамасы, бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды таратудың ережелерін анықтайды. Қолданысы жағынан telnet хаттамасымен ұқсас.
Желінің пайдаланушылары өз файлдарын FTP-серверге сақтай алады, бірақ олардың компьютерлерінде FTP-клиенттің программасы орнатылуы қажет.

Конференциялар локальді және ғаламдық; модерацияланатын және модерацияланбайтын.Бірінші жағдайда конференцияға келетін кез келген хат алдымен шешім қабылдайтын модераторға келіп түседі, мысалы, ол хатты барлық жазылғандарға жіберу әлде жібермеу керектігін шешеді. Екінші жағдайда хат автоматты түрде барлық қатысушыларға жіберіледі.Конференцияға қатысу талқыланып жатқан мәселенің барлық соңғы өзгерістерін білуге, қажетті көмек пен консультация алуға мүмкіндік береді.

Электронды конференциялар телеконференциялар деп атауға да болады, яғни пайдаланушыларғаэлектронды тақырыптық конференцияларды өткізу үшін топтық қолданылатын ақпаратқа арнайы бөлінген қолжеткізімді ұйымдастыру; өз ойларымен бөлісу, консультация, қызығушылықтары бойынша ақпарат алу үшін Интернет желісінде адамдар қауымдастығының news groups және Usenet түрлерінің жүйелері ретінде анықтайтын қашықтықтағы конференциялар.

Жіберілім тізімдері (Mailing list, Listserv) – электронды конференцияға ұқсас келетін Интернет желісінің пайдаланушылары арасындағы ақпарат алмасудың түрі. Бұл тек электронды пошта арқылы жұмыс істейтін, өзінің клиент-программасы және хаттамасы болмайтын жалғыз қызмет түрі. Ол электронды конференциясының жұмысы сияқты жиі қызмет атқарады, бірақ белгілі тақырып бойынша конференцияға келіп түскен барлық ақпаратты тегін электронды пошта арқылы жіберілімді жүзеге асыратын белгілі бастамашымен қолдаулы аса орталықтандырылған жүйе болып табылады.

Видеоконференциялардың үш нұсқасын атап өтеді: студиялық, топтық және дербес. Студиялық видеоконференциялар арнайы аппараттық құрылғыларды, арнайы бөлінген жоғары жылдамдықты байланыс желілерін және жоғары сапалы телеқұрылғыларды талап етеді.
Кейбір видеоконференциялардың студиялық немесе топтық жүйелері бір мезгілде төрт-алты абоненттің қосылысын қамтамасыз етеді. Мұндай әдіс «көп портты конференцсвязь»(ағыл. «Multipoint Conference Unit», MCU) немесе ішкі MCU деген атқа ие болды. Екі құрылғының ішкі MCU-мен каскадты қосылысы бір конференцияда қатысатын он нүктесіне дейін қосыла алады.

Гипермәтін (сызықты емес текст) –мәтіндік ақпаратты ұйымдастыру, мұндафрагменттер арасындағы байланысты көрсететін мәтіннің көп фрагменттерін ұсыну.

Гипермәтінді ақпараттық технологияларды гипермәтінді қолдану негізінде ақпаратты семантикалық өңдеу технологиялары деп анықтауға болады. Бұл технологиялардың мәні пайдаланушыларға материалды сілтеме арқылы қажетті орын мен түсінік бойынша өту әдістерінің қолданысы негізінде иерархиялық ұйымдастыруды көрсету. Гипертехнология негізінде гипермәтін, гипермедиа, мультимедиа жатыр.

Гипермедиа – мультимедиа мен гипертехнологиялары бар орталар классы. Кез келген гипермедиалық жүйенің негізін құжат құрайды.
Қарапайым құжат пайдаланушылар жұмыс жасайтын объект сияқты қабылданады. Гипермедиалық құжат бұл ортаның ұйымдастыру құралы мен ортадағы бірлескен жұмысты жасау болып табылады Мұндай құжаттың мысалы ретінде мұражайларда, сурет галереясында және т.б. динамикалық жолсерік тәріздес жанды кітаптарды атауға болады..

Гиперақпаратты технологияларды мәліметтерді ұйымдастырудың желілік әдісте негізделетін және пайдаланушының ақпаратты-аналитикалық талаптарын қанағаттандыру мақсатында құрылымсыз ақпаратты өңдеуге бағдарланған технологиялар классы деп тануға болады. Веб-парақшалар арасында өрмек түрінде иерархиялық, сызықты ұйымдастыру және байланысты ұйымдастыру қолданылады. Байланысты иерархиялық ұйымдастыру веб-парақшалардың бірнеше деңгейін страниц (бірі негізгі, одан - екінші деңгейдегі бірнеше аралық парақшаға сілтеме, олардан - келесі деңгейлердің парақшаларына және т.с.с.) талап етеді. Сызықты ұйымдастыру Веб-парақшалардың бір-бірлерімен сілтеме арқылы байланысқан және әр парақша тең дәрежеде, әрі әрқайсысының басқа парақшаларға сілтемесі бар бір деңгейіне бағдарланған.

«Өрмек» бір-бірімен түрлі, араласқан сілтемелері байланысқан күрделі құрылымды құрастыратын көптеген парақшаларды ұсынады. Гипермәтінді технологиялар:

- үлкен көлемді гипермәтін қасиеттері бар (яғни сілтемелер жүйесі бар) үстелдік баспалық жүйелерде;

- құжаттарды басқару жүйесінде, мысалы, әр келкі құжаттарда болатын ақпараттың бір қорытынды құжатқа мәліметтеуде;

- навигациялауды іске асыратын мүмкіндігі бар гипермәтінді құжаттарды құрастыруға мүмкіндік беретін электронды құжаттарды дайындау жүйелерінде және т.б. кең қолданылады.

Гипермәтінді жүйелердің даму саласында келешегі бар бағыттың бірі – гипермедиа, ол гипермәтін мен мультимедиа технологиясының (мәтінді, графиканы, дыбысты,видеоны интеграциялау ) қосындысы. Бұл құралдар арқылы түрлі электронды басылымдар құрастырылады: анықтамалықтар, энциклопедиялар;оқыту бағдарламалары жетілдіріледі.

Гипермәтінді технологияларды әсерлі қолдану WWW және веб-технологиялар пайда болғанда, яғни 1992 ж. бастап мүмкін бола бастады.

WWW жүйесіИнтернет желісінің бір қосымшасы болып табылады. Ол текстті, графикалық суреттеуді, дыбыстық үзінділерді, анимацияны біріктіретін құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.WWW жүйесі құжаттарының қашықтықтағы компьютерлерде орналасып түсініктері бойынша байланысқан басқа құжаттарға сілтемелері болады. Бұл бір құжатты (веб-парақшаны) оқу мезетінде бірінші гиперсілтемемен байланысқан құжатқа оңай әрі лезде ауысуға мүмкіндік береді. Сол кезде веб-құжат гипермедиа-құжат болуы мүмкін, яғни гипермәтінмен өзге түрде көрсетілген (графикалық бейнелеу, дыбыстық үзінділер) ақпаратты құрай алады.

HTTP (ағыл. «HyperText Transfer Protocol») – бұл веб-серверлер мен веб-клиенттер байланысы үшін гипертексттік транспорттық хаттама. Ол Интернеттегі гипертекстті ақпараттармен алмасу үшін жасалынып, қолданбалы деңгейдің хаттамасы болып табылады.

Көріп шығу (браузинг) – тек гипермәтінге тән операция. Ол гипермәтінді көріп шығу арқылы ақпаратты іздеу дегенді білдіреді. Қазіргі таңда келесі программа-браузерлері жиі қолданылады: Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera және т.б.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.013 с.)