Телефон байланысының жүйесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Телефон байланысының жүйесі

Поиск

Телефон байланысының жүйесі

"Телефон байланысының жүйесі" тіркесі телефон желісінің құру, пайдалану және даму принциптерімен қарастырылады. Бұл принциптерге келесі жағдайлар жатады:

• жүйенің мақсаты;

• қолдаулы қызметтері;

• жүйе құрылымы;

• қызмет ету сапасының көрсеткіштері;

• нөмірлеу жоспары;

• техникалық пайдалануды ұйымдастыру;

• жабдықтарға қойылатын талаптар;

• жүйенің дамуындағы негізгі бағыттар.

Интеграциялық үрдістер

Сонымен, осы және осыған дейінгі қарастырылған лекцияларды негізге ала отырып келесідей қорытынды жасауға болады.

Жасанды жүйенің мақсаты белгісіз болса да жүйе болып қалатындығын ескерсек, табиғат объективті түрде жүйеленген, яғни табиғи объектілер құрылымдалған, жинақталған және объективті мақсаттары бар болып келеді.Бұдан қорытынды,«жүйеленбегендік» әлемде жоқ құбылыс. Біз кейбір объектілерді оның жүйелігінсіз қарастыра аламыз, бірақ ерте ме кеш пе бұл көптеген проблемалардың туындауына әкеліп соғуы мүмкін.

Барлық мүмкін болатын жүйелердің бір бірінен сипаттамалық айырмашылығы жүйенің жіктелуімен анықталады.

Жүйені басқару кезінде келесідей аспектілерге тоқталамыз:

а) S жүйесінің табиғатын сипаттау;

б) X, Y, Z  айнымалыларының түрлерінің бекіту;

в) S операторының түрін нақтылау;

г) басқару тәсілін сипаттау (U анықтау);

д) U анықтау шартының тапсырмасы (ресурстармен басқаруды қамтамасыз ету).

Осы аспектілердің әрбіреуі жүйе классификасының құрылуына негіз бола алады.

Жүйенің күрделілігі сыртқы және ішкі болып бөлінуі мүмкін.

 Ішкі күрделілік жүйедегі басқару күрделілігі мен жүйенің көрсетілуі бойынша потенциалды бағаланатын көптеген ішкі күйлерлің күрделі болуымен анықталады.

Сыртқы күрделілік қоршаған ортаның және жүйенің кері байланысы арқылы бағаланатын қоршаған орта ара қатынасының, жүйені басқару күрделілігімен анықталады.  

Күрделі жүйелер әртүрлі деңгейде күрделі болады:

 - құрылымдалған немесе ұйымдастырылған (құрылымды құру, басқару және сипаттау үшін ресурстардың жеткіліксіздігі);
- динамикалық немесе уақытша ( жүйенің өткізу динамикасын және оның траекториясының басқарылуын сипаттайтын ресурстардың жеткліксіздігі);
- ақпараттық немесе ақпаратты-логикалық (жүйенің ақпаратты, ақпаратты-логикалық сипаттамалары үшін ресурстардың жеткіліксіздігі);
- есептеуіш немесе зерттеулердің жүзеге ( жүйе параметрлерін есептеріне тиімді болжам жасау үшін ресурстардың жеткіліксіздігі);
- алгоритмді немесе құрылымды ( жүйені функционалды сипаттау үшін және жүйені басқару немесе функционалдау алгоритмін сипаттау үшін ресурстардың);
- даму немесе даму кезеңдері, өздігінен ұйымдастырылу ( тұрақты даму және ұйымдастырылу үшін ресурстардың жеткіліксіздігі).
      Жүйенің құрылымдық күрделілігі оның динамикалық, есептеуіш күрделілігіне әсер етеді. Динамикалық күрделілікті өзгерту құрылымдық күрделіліктің өзгеруіне әкеледі. Алайда бұл міндетті шарт болып табылмайды. Күрделі жүйе ретінде үлкен жүйе болмауы да мүмкін; бірақ маңыздысы- жүйе элеметтерінің және қосалқы жүйеледің өзара байланысы(байланыс күші) (жоғарыда сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің матрицасымен келтірілген мысалды қараңыздар).
     Жүйенің күрделілігі оның мақсаты мен ресурстарымен (өзі шеше алатын есептер жинағы) анықталады.

Мысал. Телекоммуникациялық және ақпаратты коммуникациялық желілердің күрделілігі анықталады:
- мәліметтерді таратудың қажетті жылдамдығымен;
- хаттамалармен, байланыс және байланыс түрлерімен (мысалы, селекторлық жиналыс үшін дыбыстық телеконференция қажет);
- видеоқолдаудың қажетілігімен.
Жүйенің күрделілігі деген ұғым универсалды, өзгермейтін түсінік емес, ол бір күйден екіншісіне ауысқан сайын динамикалық түрде ауысып отырады. Сонымен қатар, нашар байланыстар және қосалқы жүйелердің бір бірімен ара қатынасы жүйенің күрделілігін арттыруы мүмкін.

 «Қара жәшік» ұғымы У. Р. Эшбимен ұсынылған болатын. Кибернетикада бұл жүйелерді танып білуге, олардың әртүрлі сыртқы әсерлерге қарсы тұруын байқауға мүмкіндік береді. Осылай, жүйе өзара байланысқан элеметтер жиынтығы ретінде қарастырылып қана қоймай , өзінің кіріс және шығыс жолдары арқылы қоршаған ортамен байланысатын тұтас бір түсінік ретінде оқытылады. «Қара жәшік» әдісі әртүрлі жағдайларда қолданылады. Бұл тәсіл зешарттеуге қажет жүйенің ішкі процесстерінің қолжеткізімсіздігі кезінде қолданылады( мысалы, жаңа емдік құралдарды оқып үйрену кезінде). 

«Қара жәшік» тәсілі барлық элеметтері мен байланыстары қолжеткізімді немесе оқытылу кезінде құралдар мен уақыттың көп жұмсалуына әкелетін көпсанақты және күрделі жүйелерді зерттеу кезінде қолданылады.

Бұған автоматты телефон станциясын қолданыста пайдалануға дайындығына тексеріс мысал бола алады. Бұл тексеріс барлық блоктар мен сұлбаларды тексерумен емес «қоңырау шалу» арқылы іске асады.

«Қара жәшік» әдісі арқылы зерттеу жүргізудің маңызы – жүйенің сыртқы ортамен байланысына алдын ала байқау жүргізілуі және кіріс пен шығыс әсерлерінің тізімінің орнатылуы. Осыдан соң зерттеу жүргізу үшін кіріс және шығыс таңдаулары жүзеге асырылады. Үлкен және күрделі ақпараттық коммуникациялық жүйені У. Р. Эшбидің еңбектерінде қолданған «қара жәшікті» қолдана отырып 3-ші суреттегідей көрсетуге болады.

 

3.3 сурет – Үлкен және күрделі жүйе

Модель – бұл объектінің немесе процесстің жеңілдетілген түрі. Түпнұсқаның бізге қажетті қасиеттері мен сипаттамаларын көрсетеді.

Математикалық модель – Оқытылатын процесс пен құбылыстарды сипаттайтын математикалық қатынастар жүйесі.

Модельдеу – нақты жобаланатын объектілердің, процесстер мен құбылыстардың модельдерін қолдану, жетілдіру және құрастыру. 

БСЭ: Тапсырма – белгілі бір білімге және ойлауға негізделген, шешімді қажет ететін сұрақ.

БСЭ: Математикалық модель – математикалық белгілеу көмегімен көрсетілетін сыртқы әлем құбылыстарының қандай да бір класының жақындатылған сипаттамасы.

Теория (грек тілінен Theoria – оқу ) – нақты ғылыми білім формасы:

• Өзара сабақтасқан көптеген логикалық гипотезалар мен пікірлерден құралады;

• Объектілерге сипаттама және заңдылықтар туралы толық мәлімет береді;

• Қоршаған орта шындығына негізделген.

Парадигма – ғылымдағы берілген ғылыми қауымдастықта қабылданған жалпы идеялар мен әдістемелік орнатулардың жалпылама жиынтығы. Парадигманың екі маңызды қасиеті бар:

• Жұмысты жалғастыру үшін ғылыми қауымдастықпен қабылданғануы;

• «айнымалы» сұрақтардан құралады, яғни зерттеулер үшін қолайлылығы.

Әдіс – әрекеттің қабылдануы немесе тәсілі.

Әдістеме – қандай да бір жұмыс жүргізудің амал тәсілдерінің жиынтығы.

Әдістемелік– қандай да бір ғылымда қолданылатын әдіс тәсілдердің жиынтығы.

Жүйенің құрылымы– оның элеметтері мен олардың арасындағы байланыстың уақытқа қатысты кеңістіктегі тұрақты жиынтығы.

Жобаның тұрақтылығы (project stability) – жүзеге асыру шарттарының белгілі бір жағдайда өзгеруі, яғни альтернативті сценарийдің өзгеруі кезінде оның тиімділігі. Егер барлық сценарийлерде ол тиімді болса, жоба абсолютті түрде тұрақты (absolutely stable) деп саналады. Сонымен қатар, жеткілікті тұрақты (sufficiently stable) және тұрақсыз(unstable) деп жіктеледі.

Информатика (латын тілінен “informatio” - түсіндіру, ұғыну; “informate” - бейнелеу,) – адамдардың өндіріс, ғылым, қоғамдық саяси және мәдениет саласында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, тарату, сақтау, жинақтау сияқты заңдылықтарын оқытатын ғылыми пән.

Жасанды зерде– зерттеу облысы ақпаратты өңдеу жүйесінің (адам немесе машина) қаншалықты өзіне үйреткендерді жалпылау, тарату, сараптау, қабылдау сияқты қасиеттерді қабылдауға қабілетті екендігі, сонымен қатар, шешім қабылдау жағдайларының толық емес және нақты қабылданған сипаттамалар көмегі арқылы формализациялау әдістері мен анықталған тапсырмалардың толық емес шешімдерінң оптимизация әдістері болып табылатын информатиканың бір бағыты.

Объект және оның моделі
Математика шынайы объектіге емес, оның математикалық моделіне қолданылады. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)