Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Электробайланыстағы циклділікСодержание книги
Поиск на нашем сайте 4Дәріс. ИЖПжЖН үлкен және қиын жүйелер. Үлкен және қиын жүйелердің түсінігіҮҚЖ-ді құрудағы проблемалар.
«Үлкен жүйе» және «күрделі жүйе» терминдері көбінесе синоним ретінде қолданылады. Бірақ екеуі түрлі кластың жүйелері деген көзқарас та бар. Кейбір авторлар «үлкен» деген түсінікті жүйенің көлемімен, элементтер мөлшерімен, ал «күрделігін» - оның қатынасымен, алгоритімімен байланыстырады. «Үлкен жүйе» мен «күрделі жүйе» түсінігінің дәлелді дәйектемесі бар. «Үлкен жүйе» түсінігі Р.Х. Гуда мен Р.З. Макола кітаптары жарыққа шыққаннан кейін пайда болды. Бұл термин жүйелік амалдардың қолданысын талап ететін объектілер мен мәселелердің принципті ерекшеліктерін атап өту үшін жүйелік зерттеудің қалыптасу уақытында кең қолданылды. Жүйелердің күрделілігі бойынша бөлудің бірнеше тәсілдері бар, бірақ,өкінішке орай, бұл түсінікке бірде-бір анықтама және қарапайым жүйенің күрделі жүйеден ажырататын шек жоқ. Әр түрлі авторлар күрделі жүйелердің классификациясын ұсынды. Мысалы, қарапайым жүйенің белгісі оның басқаруындағы ақпараттың салыстырмалы кішігірім көлемі деп есептеу. Әсерлі басқарудағы ақпараты аз жүйелерді күрделі деп есептейді. Г.Н. Поваров жүйенің күрделілігін жүйенің құрамына кіретін элементтер санымен бағалайды: - Кішігірім жүйелер (10-103 элемент); - Күрделі (104-106элемент); - Ультракүрделі (107-1030 элемент); - Супержүйелер (1030-10200 элемент). Ю.И. Черняк көп мақсатты, көп аспектті есептерді шешу үшін және объектті әр жағынан бірнеше модельдерде көрсететін жүйені күрделі жүйе деп атаған. Модельдердің әрқайсысында өзінің тілі бар, ал модельдерді үйлестіру үшін ерекше метатіл қажет. Мұндай жүйелерде күрделі, құрамдас мақсаттар немесе бір мезгілдегі көптеген (мысалы, технологиялық, әкімшілік, коммуникациялық, функционалдық) құрылымы ерекше аталды. Жүйенің негізгі қасиеттері: - тұтастылық (жүйе мен қоршаған ортаның болуы); - ашықтылығы(қоршаған ортаның ықпалынан оңашаланбау) - ішкі бір текті еместігі (түрлі функционалды құраушысының болуы); - құрылымдылығы (маңызды элементтер мен олардың арасындағы байланысты ерекшелеу мүмкіндігі); - функционалдылығы (алдын-ала тұжырымдалған мәселелердің шешіміне бағдарлау); - кертартпалығы (біртіндеген эволюция – жедел өзгерістердің мүмкін еместігі); - даму (уақыт бойынша өзгерістер). Жүйені басқару Жүйені басқарудың жеті түрі: - қарапайым жүйені басқару (программалық басқару); - күрделі жүйені басқару; - параметрлері бойынша басқару (реттеу); - құрылымы бойынша басқару; - мақсаттары бойынша басқару; - үлкен жүйелерді басқару; - белгісіздік жағдайларында басқару. Келешегі бар бағыттырдың бірі – жүйені басқарудағы когнитивті технологияларды қолдану.
Телефон байланыс жүйесі эволюциясының елеулі кезеңдері Уақыты Телефон байланысының пайда болуы XIX ғ. 80 жылдары Телефон байланыс желілерінің автоматизациясы XX ғ. 20 жылдары Бағдарламалық басқаруды қолдану XX ғ. 60 жылдары Коммутация мен тарату технологиясының ауысуы XXI ғ. басы
3.1 сурет – Коммуникациялардың әсерлігі
3.2 сурет - ҚР байланыс жүйесінің классификациясы Жалпы қолданыстағы желілердің және мекемелік байланыстың тұтас бірігуі объективті және субъективті себептерге байланысты мүмкін емес, бірақ оның бірігу, конвергенция, нығайту үрдістері келешекте табысты дамуға мүмкіндік береді.«Желі» және «жүйе» ұғымдары . «Жүйе» термині жалпылама атау ретінде қарастырылады. Мысалы, телефон байланысының жүйесі үшін келесілер анықталады: оны құрудың мақсаты, даму принциптері, сигнализация алгоритмі жыне басқа да анықтауыштар. Басқа жағынан желі үшін жүйелер тізбегі өзгешеліктерін анықтайды: нөмірлеу (және/немесе адресациялау), техникалық қызмет көрсету және қосалұы жүйе деп атауға болатын өзге анықтауыштар тізбегі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.) |