Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жалғыздық немесе Аллаһты іздеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қараша
Қарашадан қар жауып тұр паң күліп, Бал аша алман, даусым бітіп қарлығып, Өткен ай, жыл бәрі-дағы өкініш, Келер күннің барлығының алды үміт.
Қарашадан жел еседі ызғырық, Қара суық табанымды сыз қылып. Өткенімнің тиіп басқа қамшысы, Келер күннен күтіп жүрмін ізгілік.
Қарашадан бақыт күтем көптеген, Айлар, жылдар өте бермес өкпемен. “Қараш-қараш” оқиғасын оқумен, Қараша үйден болашаққа беттегем.
Қарашада түссе жерге қар қалың, Аппақ қарлар, аппақ менің арманым. Сол арманға қарашада аттанғам, Жеткен жоқпын, бірақ қазір жолдамын.
01.11.2000 жыл
Ербол БЕЙІЛХАН
Бір күн
Боз торғай шырылынан, Боз дала оянады. Жер беті ұлы думан, Бастайды баяғы әнді.
Құмырсқа шығып үйден, Құм тірлік басталады. Тағы сол күнде күйбең, Жанардан жас тамады.
Қарғаның даусын естіп, Бұлбұл құс ұялады. Сауысқан сақ басқаннан, Бүркіттен сый алады.
Сұңқардың бағын сынап, Бақалар бақырады. Өсекші қалың құлақ, Құтыңды қашырады.
Осының бәрін көріп, Ұялып күн батады. Тұнжырап ойға төніп, Мазасыз түн жатады.
Басқаша жол салатын, Қолданар бар ма күш, ем. Сауапты іс мол болатын, Шуақты таңды күтем.
15.04.2005 жыл
Ербол БЕЙІЛХАН
Бір түн
Ақ қанат арманға мініп, Айқайлап айға тіл қаттым. Өлеңді өмірдей сүйіп, Күлімкөз жұлдызға тыңдаттым.
Ақ мамық бұлтқа жастанып, Ақ торғын сезімдер жатыр. Бір сұлу, жанары жастанып, Ұзақ түн көз ілмей жатыр.
Қиялдар қырға шығып ап, Қырмызы гүлге сыр айтты. Түн ғашық тілекті құп алып, Жағалап барады бұлақты.
Тобылғы желге тербеліп, Таңшолпан жерге телмірді. Батырдай ұйқыдан оянған Шыңдардың сілемі көрінді.
Көкжиек көз ұшындағы - Шымылдық айқара ашылды. Ал үкі ұйқыға құшынып , Байғыздың даусы басылды.
Шығыстан күн қызарады, Ай ғашық ұялып қашқан. Адамдар өз сиын алады, Әр таңнан нұрланып атқан.
10.02.2005 жыл
Ербол Бейілхан
Күз көңіл... Сарғайған жапырақ сағынышымды, Сары күз, неге ұзарттың. Жүрегім құстай алып ұшулы, Тағы да неге, құмарттың!?
Мазасыз мына, күз көңілдегі, Ойлардың бұлты көшпелі. Арғымық мінез, іздедің нені, Арманға ғұмыр жетпейді!?
Ғаламды шарлап дүлдүл қиялым, Қара жер саған келемін. Жаза бер, енді жырды миялы, Қаламұштағы өлеңім...
Ербол Бейілхан
Жалғызсың ба!? Менде ойда жалқымын. Мұңым да көп, сырым бөлек жартымын. Жалғыз-жалғыз келіп едік жалғанға, Жалғыз-жалғыз аттармыз арманда, Жалғызсырап отырамын қара түн, Төңірекке қара тілін салғанда. Маңайымда адамдар жүр қаптаған, Олардан да сырлас біреу таппағам. Жалғыздықтың жаяу кешіп аралын, Тағы міне, жалғыз кетіп барамын. Бала күннен түскем жалғыз соқпаққа, Ей, жолаушым енді мені тоқтат па? Осы жолда тоқтағанша жүрегім, Ең ақырғы сәттке дейін жүремін...
Бір анадан қатар өсіп туғанмен, Кіндігіңді егіз етіп буғанмен, Барлығымыз қатарласып жүргенмен, Бір шаңырақ астына кеп тұрғанмен, Ғашық болып, өліп-өшіп сүйгенмен, Оттай лаулап, шоқтай болып жанғанмен, Айырылмастай дүние мал жиғанмен, Тату-тәтті бір төсекке сыйғанмен, Бір нанды бөліп жарып жегенмен, Бір анаға жамырасып көгеннен... ...Жалқы-жалқы ой жүреді жетектеп, Ана жаққа жалғыз дара кетед деп. Атағымыз көкті тіреп тұрғанмен, Беттеріміз жабылады құмдармен.
Білесің бе? Жалғыздықтан жалықтым! Жол таба алмай, жөн таба алмай қамықтым!? Кімге керек малым-мүлкім жиғаным, Керек екен адалдығым иманым. Жалғыз-жалғыз аттанамыз бақиға, Ажал деген қарамайды жақынға! Өлім деген бір Аллаһтың қақпаны, Құтқара алмас, ағайын да, досың да!? Бұл фәниде сүрсеңде өмір ғаламат, Шыбын жаның бір Аллаһқа аманат. Өлгеннен соң азық болар сауап жи, Құран оқы, намазға ұйы жамағат! ...Іздеп-іздеп таптым оның дерегін, Құранда екен менің барлық керегім. Жалғыздықтан құтқаратын ҚҰДІРЕТ, Аллаһты іздеп келемін!
Ербол Бейілхан
Бонн түні Бонның түні, неткен тыныш мүлгіген, Ай аспанда тербетеді қаланы. Рейне ағар арнасымен кілгіген, Гейне жатыр жырға бөлеп даланы.
Жамылып ап, түнгі қала желекті, Жасырады сыр алдырмай өсегін. Неміс халқы тым еңбекқор бөлекті, Альфа тауда жырын оқыр Гетенің.
Тереземнен гүлдің иісі аңқыған, Гүл жырыма недер екен ынтық ел. Еврей мен орыстарды шарпыған, Мен өзіңді жек көре алман Гитлер.
Европа! Тым жайдары, аждаһа, Арман болған пенделерге ғарыштай. Алаш пенен Түркістанды ойлаумен, Бұл жерлерде Мұстафа өткен арыстай.
Бонның түні, жел еседі самалды, Саф ауаңа кеуде керіп қанбаймын. Сарыарқама жылқы көңіл алаңды, Сағынышпен құстар үнін тыңдаймын.
Германия, Бонн қаласы. 18 cәуір. 2010 ж.
Ербол Бейілхан
Кельн кеші Кельн кеші, салқын тартты қоңыржай, Бетховеннің сазды әуені қоңырлай. Көктем айы, белгісі жоқ сәуірдің, Шілде айындай иісін-ай, жауынның.
«Лорелай қыз» айналғанда аңызға, Ертең сәуір айналмай ма тамызға. Европа ғашық бәлкім Шиллерге, Менің жаным құмар жастан күйлерге.
Көне қала. Кельн неткен ғұмырлы, Біздің тамыр отарлаудан жұлынды. Майн сенің ұртасам да суыңды, Жуа алмаймын батпан-батпан мұңымды.
Қайыршы қыз тартып отыр гитара, Шерлі әуен, шер боп тиді құйқама. Негр жігіт өріп апты тұлымын, Күллі ұрғашы сорып отыр шылымын.
Байлық көрсе, иіс сезер алыстан, Европа, киімі жұтаң данышпан. Жақтырмаймын жайсаң жандай күлкіңді, Ей, Азия азайтсаңшы ұйқыңды.
Европа-ай, евродай өмірлі, Алдау қиын, біздің жершіл көңілді. Кеші думан қимасамда Кельнді, Желге қарап, аңсап тұрмын белімді.
Германия, Кельн қаласы, 19-сәуір. 2010 ж.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |