Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
арман барда, қанат жоқ...Содержание книги
Поиск на нашем сайте ...арман барда, қанат жоқ...
Күз бейнесі – қара суық, қара жел, Күзеу суып, қыстау жаққа тарады ел. Бұлдыраңдап бұлтқа сіңген тырналар, Қалқатайдың бір хабарын ала кел!
Ел мен жердің тастан оқып дерегін, Құстар қайтты өзіне алып керегін?! Сұрағанға үнсіз қалды дерсіңдер, Жырсыз қалды, мұңсыз қалды демегін.
Жел толқыса - тартылады қурай күй. Құстар, құстар туған жерін қимай жүр! Әттең бізде!.. арман барда, қанат жоқ, Сағынышым жер бетіне симай жүр!
Бұлт көшеді, шуда-шуда ұйысып, Тағдыр ма бұл, кете алмадық, қиысып!? Көлден ұшқан көкала үйрек секілді, Өлеңіміз барады ұшып сүйісіп...
Күздің демі – қара суық, қара жел, Ал, Қара Күз, қарайлама, бара бер!.. Бұлдыраңдап бұлтқа сіңген тырналар, Қалқатайдың бір хабарын ала кел!
Ербол БЕЙІЛХАН
Қайрақ...
Енді азаймас шынар – мұң, Не болса да шыдармын! Сағынамын шу еткен, Ысқырығын ұлардың.
Шалдардың сап мақамын, Домбыра алып жатамын. Тарап қойып отырам, Таутеке ойдың сақалын.
Елеңдетіп Айдағы үн, Жерде жоқпын, қайдамын? Қанжығана Ай ару, Құлжа өлеңді байладым.
Іріп жатыр іркіт – күн, Құзғын шудан үркіппін. Түлеп ұшқан қыранмын, Ұясында бүркіттің.
Мені аңсайды Елігім, Құмар қылған серімін! Сөзден олжа салатын, Жалғыз жортқан бөрімін.
Елеңдеме, елеңде, Өрелі де, терең де. Аттарыңды қамшыла, Осындаймын өлең де…
Енді азаймас шынар – мұң, Тірлік саған құмармын! Тәутеке ойдан алжысам, Құздан ғана құлармын!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Төпелей берме жел күндер, ...қай қызығың бар мен білмер?! Биіктеп жатсаң балақтап, Жығылып жатсаң ел күндер.
Желдей менде ерке едім, Еркелетсе Серке елім!.. Мұң...мазалай бер көркемім, Сен, өше көрме, Өр Сенім!
Сырыма, сырлы Ай қанық, Сарыарқа саған байланып. Бір өлең көшіп барады, Уақыт саған қайралып.
Ербол БЕЙІЛХАН
Жылқы жылың ілгері
"Жылқы жылың ілгері" дейтін атам, Құлын едім кекілді, Кісінеген, Есте бәрі: балғын шақ, баяғы із, Шоқтығына жармасып Ай - ғұмырдың, Мұңы тағы: сан батпан ойы бардың, Қуат алып киелі сөз отынан,
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |