Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жылдарға сіңіп барамыз...Содержание книги
Поиск на нашем сайте Жолайырық... Екі тарам, жолда тұрмын! Жолайырық... Екі бөлек, ойда тұрмын! «Ой айырық!..» Жылай-жылай менен қалды ел айырылып, Жырлай-жырлай туған жерден мен айырылып... Шерге толы шекарадан аттадым, Мендік мұңды көтере алмай жер айырылып...
Мұңсыз, ойсыз өтті қашан қай тегім, Қоңыр ойда - қоңыр аңдай қайқы едім! Күн қақтаған балбалдарда сөйлейді, Диірмендей дөңгелеңген Ай тегім! Жеті қат жер, Жеті қат көк біледі, Жеті атамнан алшы және тәйкі едім!
Тау өзені бұзып аққан арнасын, Жалқы жаным жағалайды жар басын. Ел көшкенде жетім қалған маңырап, Арқар емген қоңыр қозым қайдасың?.. Тәутекелер Тәңірге кеп тәу еткен, Туған өлкем түсімдесің, ойдасың!..
Сенде ағайын ел көшкенде егілген, Қимастықтың ақ жаңбыры төгілген. «Басы қап пе ед»,-дейтін қазақ атаңның, Әкем, атам, әжем жатыр көмілген... Күлдір-күлдір кісінейтін күн сайын, Мен төбел тай, шекарада бөлінген...
Сенде қалды жоғалған бір қазығым, Күз келмей-ақ, сағыныппын қаз үнін!.. Ту ұстаған тұғырымнан шаңқылдап, Туған жерге жетіп жатты әз – үнім! Бес асқардың бесігінде тербелген, Сағынышты сарыала қаз сазымын!
Ел бөлінген шекарада бір сызық, Бір сызықтан әрең өттім мұң сызып... Қара кемпір жылап отыр жаулықты, Қара бала ойнап отыр құм сызып... Бала шақтан – болашағым маңызды, Атажұртта өсіп жатыр мың шыбық!
Біздің ауыл Көне соқпақ. Көне ауыл. Көнегі бар. Қына басқан тау-тастың дерегі бар. Біздің ауыл: әлі сол көшумен жүр – Қоңыр мұңы, қоп-қоңыр өлеңі бар.
Мұнарлы тау, бұлт шөккен, түске кірме, Көлеңке түсе берер құс – көңілге. Тоқым жастап, ұл өсер – ішпегінде, Қыз сүйеніп бой түзер – піспегінде.
Туған ауыл: қымбат сол ескілігің, Ескілікте жатыр сол – естілі ұғым! Тағдырыңа иленген жоқсың ғой сен, Тезге салмақ болғанмен төс – ғұмырың.
Сол ауыл бұл! Мың көшкен сағы сынбай, Иір-иір өмірдің ағысындай. Баба салтын сонда да тастаған жоқ, Ту ғып ұстап жығылмас намысындай.
Көне сүрлеу. Қойлы ауыл. Қосақ керген. Киіз үйге сән берер шашақ кермең. Осы ауыл сол – жылаған «Елім-айлап», Осы ауыл сол – тентіреп масақ терген.
Көген есіп, бау тоқып, арқан тілген, Сөз кестелеп, ой өрген – дархан тілден. Ноқтасына көнген жоқ өзге ұлттың, Үміттерің үзген жоқ, Шалқар Күннен.
Тұғырыңда байладың қыраныңды, Асау мін деп өсірдің ұланыңды. Күпі киіп, сырластың жұлдыздармен, Өшірмедің білтелі шырағыңды.
Бір ауыл бар: бар дәстүр сонда білем, Ақындары жыр оқыр Айға кілең! Арғымағы кіл жүйрік майда күрең, Күллі әлемді тамсантқан оймағымен, Ескілігін сүйем де сол ауылдың, Сағынышым сар тап боп, ойда жүрем!...
Ербол БЕЙІЛХАН
Құралай –Көктем! Тамырдан - тамырға, Ыстық қан өтеді. Тағдырдан – тағдырға, Тіршілік көшеді.
Ағаштар иеді, Туады жапырақ. Күн көзін сүйеді – исініп топырақ.
Көктегі көңілден, Жылылық тарайды. Көк өскін өмірге, Қилтиып қарайды.
Бусанған дала, қыр, Қызғалдақ қаулайды! Босанған ана бір, Мейірім саулайды...
...Өлгенді тірілту, Өшкенді жаңғырту. Сұлуға үңілту, Ғашық қып қайғырту!..
Көк пен жер сүйісті, Жұмбағы шешіле... Ой мен қыр күлісті, Гүл қадап төсіне.
Бәйшешек гүл ашқан, Түрленген көк белім! Қош келдің, қуантқан, Құралай – Көктемім!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Қимасымды...
Қымбатымды бұлдап-бұлдап жұмсаймын, Қара базар, арзан бөз. Көңіл көзі – кірлеп жатыр күн сайын, «Сандық» толы арзан сөз.
Қимасымды жылай-жылай қалдырғам, Енді алмаймын есіме... Қарай-қарай жанарымды талдырғам, Хобда сенің төсіне...
Асылымды қайта-қайта сүртемін, Қалмасын деп тот басып. Үмітім бар, сәулесіндей білтенің, Жанар бір күн от шашып.
«Тәнім – салмақ, жаным – жұмбақ» бір жанмын, Көппен бірге адасқан... Жырын сүйдім мінезі өзге бір жанның, Арманы Аймен таласқан.
...Сенде аяулым, мені алдама өтінем, Жолдап ушбу хатыңды. Жек көре алмай сөзбен ғана өшірем, Жүректегі атыңды...
Ербол БЕЙІЛХАН
Шимай-шимай...
Шимай-шимай ақ қағаз – тарихымның беттері, Жұлым-жұлым қауырсын...көңілімнің кептері… Баба – ғұмыр туралы балбал тастар сөйлейді, Өзім – Қазақ! Түркімін... арғы тегім Көкбөрі.
Ұмыттыра жаздапты: дінім, тілім, ділімді, Ұмыт қыла жаздапты – күмбірлеген күйімді. Арғымағын ұлтымның көлеңкеден үркітіп, Таспен жауып қойыпты, ақиқат пен шынымды.
Мақтай-мақтай өлтіріп, Ұлтты қырған ұлықты, Жасқай-жасқай өзгелер киіп алдық құрықты... Ердің құны есі ауған бөтелкемен өлшеніп, Қыздарымыз боп кетті, етегімен қылықты...
Сол заманға түкірдім! Кешір мені, кешір ме, Қайран ұлтым қор болдың, кесапат пен кесірге... Әппақ қағаз арыңды шимайлатып өзгеге, Бәрін көрдің сойқанның туған жердің төсінде.
Енді неден жасқандық Күн шыққанда көгіне, Көрген қорлық, босқан жұрт көрінбей ме көзіне? Ұлтарақтай жер үшін: мұз жастанып, қар құшар, Қайсар ұлан өссе екен, тартып туған тегіне.
Болашақтан күтеміз! Ұшпас бақыт, баянды із, Оян - Сана, Жайна – Жас! Көгімізде арай жүз! Шыңды аңсаған, бірақ та, шимай-шимай көңілді, Өмір өзі өшірмей, өшіреміз қалай Біз?..
Ербол БЕЙІЛХАН
Көктем
Түсімде ылғи қауышам көшкен жұртпен, Алтай саған жетем бе, көшкен бұлтпен... Шырайындай қалқаның ұят тамып, Сарыарқаға сағынтып көктем жеткен.
Күлім көз күн, қарайды кірпік ілмей, Жер исініп, қар жылар күлкі білмей. Бәйшешек - қыз құлпырып бойын түзеп, Көңіл өсер қайынның бүртігіндей!
Мейірлі күн, жер сәби құндағындай, Төл дауысы оятқан қырларымды-ай! Шартарапқа шапқылап көңіл дөнен, Шаранама сия алмай тұрғанымды-ай!
Жасыл – көйлек, Көктем – қыз, көркем едің, Жаңартатын жандарды ертегі едің! Мейіріміңді сағындым дәл әжемдей, Менің саған келіп тұр еркелегім!..
Ұлысым оң, Наурызда Әз болады, Көкпар тартып, қыз қуып мәз болады. Сары күзде сарғайтып ұшып кеткен, Аққу ұшып, көліме қаз қонады.
Бел, бетеге, қырат, қыр бусанулы, Мұрын жарған сағындым жусаныңды. Бесті асаудай дес бермес қатал қысың, Шеше салды күрмеулі құрсауыңды.
Құстар үні жағып тұр құлағыма, Күміс күлкі жарасар бұлағыма. Көктен жеткен бақыттың нышаны ма, Ұя сапты қарлығаш тымағыма... Көктем келді!
Ербол БЕЙІЛХАН
Күз – Көке
Жаз сұлу, Күзге ғашық салқын қанды, Құба бел, елің көшті... Нарқын қалды. Жел қуған жетім көңіл жапырақтар, Құлазып, қоңыр қаздан ән тыңдайды.
Түндігін жел түреді қоңыр үйдің, Қоңыр үй – қиыңды иіскеп, көңіне идім. Өткенімсіз, өткелден өтпеспін деп – Үйеңкіден шер толы қобыз идім.
Келешек, жылар ма екен, сарыныңа, Байланып сенің терең тамырыңа? Жылда кеп егізімдей күй кешесің, Күз – Көке, ризамын сабырына.
Байқайсыз, бізді тағы іздестіріп, Бір қызға жібердіңіз, мұң кештіріп... Күз – Көке, сағынышым ауыр менің, Алып кет, күреңіне мінгестіріп…
Ербол БЕЙІЛХАН СӘУІР
Сәуірдің желпіп пердесін, Аққулар келді мамықты. Қызғалдақ көктем келгесін, Гүл басып кетті жазықты.
Сәукеле киген гүлдерден, Ұялып қалды бұлт көкте... Күн сұлу көкте күлгеннен, Көк шықты жерге, мырс етпе!
Өзеннің басы топ шеңгел, Жел соқса, қобыз боздаған. Астасып жатыр Көк пен Жер, Кірпігін ғана қозғаған.
Майсасы шалқып өлеңнің, Бәйшешек - көктем майысты. Жусаны бүрлеп кезеңнің, Дала әтірімен қауышты!
Тозығы жеткен дүние, Оранды бүлде... торғынға! Қыз - көктем киіп дүрия Құс қонып жатыр айдынға.
Күреңбел жатыр кісінеп, Жел сипап ерке шоқтығын. Жаны бар жанның ісі көп, Жанармай енді жоқ тыным.
Отамал шақта өтпелі, Жетімек қозы отығар... Бұлт асып кеткен көктегі, Көңілдің енді хошын ал!
Бойжеткен қыздай, дала сән, Жылаған бұлттар бозбала... Көзің тоймайды қарасаң, Әуелеп кетті саз ғана!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Жазарымды, бүгін жазам, Кешіргін! Ертеңіме еркелеумен есірдім. Қиял кезген қан талайды Қарашық, Ұлттың мұңын жанарыма көшірдім.
Өтірікке көрмесек те құнығып, Жалғандықтың тұрғанын-ай, құбылып. Ұяң қыздай, ұялады ақиқат, Имансыздың кірпігіне ілініп.
Көрген, көнген, керіледі Қасын жай! Миғұладай ми шайқайды басын жай. Көнелігім төгіледі-ау, бір күні, Көздің ащы жасындай!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Ақынның тілі – жүректе... Керім – түн керегесін жайып, Кербесті көңіл құлазып. Ай туды жанары талып, Бұлт төкті жасын бұла қып.
Бұлдырық құстай бұлыңғыр, Күндер-ай, қашқан бұлдырап. Кісінеп қалған құлын жыл, Бел асып қалды құлдырап.
Бозамық түнгі боз жусан, Қылаңдап қапты самайым. Уайым. Қарттық. Ой қусаң... Өлеңде – тағдыр талайым.
Кереге – көңіл көктеулі, Ой асылы – түнекте! Адамның сөзі шектеулі, Ақынның тілі – жүректе!
Жүрегім, саған не дейін, Өртендің, күйдің айыптан. Бағындым, тағы көнейін, Өлең түседі ғайыптан.
Ербол БЕЙІЛХАН
Тым ерте қайтты тырналар, Тым ерте келді қара күз! Жылауық сулы жылғалар, ...жылдарға сіңіп барамыз!?
Естелік – күндер ескірер, Орамал тозар кестелі... Таң атар сосын кеш кірер, Мезгіл-ай, менмен көшпелі.
Қойторы – көңіл жабығар, Мүжіліп ойдың тағасы. Сарыала қазын сағынар, Сезім көлімнің жағасы.
Қобыз – кеудем-ау, шер толғақ, Дүлдүл – қиялды үркіт пе? Биіктік жайлы жыр толғап, Қарға отыр, әне бүркітке!?
Хан есігін пара ашып, Қараша қоян – қалжалы. Күтіп отыр «қарашық», Бақыт мінген арбаны!?..
...Тым ерте қайтты тырналар, Тым ерте келді қара күз! Мен жайлы өлмес жыр жазар, Сен, есен жүрші, дара қыз!..
Ербол БЕЙІЛХАН
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |