Күзден Көктем іздеп жүрем... 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Күзден Көктем іздеп жүрем...

Поиск

Күзден Көктем іздеп жүрем...

 

Күзден Көктем іздеп жүрем, Қыстан Жаз!

Бұлт үркітіп, мамырлайды ұшқан Қаз.

Түн келгенде аспан жақтан үркектеп,

Мұң жұлдызым жүрегімде қыстайды аз.

 

Жұлдыз үркер, дауысынан байғыздың,

Хатын күтем, түн жамылып Ай қыздың.

Жесірдей боп шашын жайып қара түн,

Аңқыма есіп жантаяды жалбыз мұң!

 

Жалбыз мұңым, жан серігім, қастерлім,

Сен ой салып, қара сөзден таспа өрдім.

Сарғаймайтын жапырағы ең жанымның,

Кеше сенің жанарыңнан жас көрдім...

 

Жазды күтіп жүргенімде күзімнен,

Мұңайтады тырна ізі түзілген.

Ұршық алып шуда бұлттан жіп есіп,

Жалғаудамын арманымды үзілген.

 

Түн жалайды жүргегімнің тыртығын,

Бөрі мұңым, айға созды тұмсығын.

Жерінсе де, сағынатын сен бар деп,

Көңілімнің жамап қоям жыртығын...

 

 

 

 

Ит өмірдің сырт бейнесі сұлу-ақ!..

 

 

Арғымық – уақыт, ер-тұрманы сайлаулы,

Тоғыз қабат үзеңгіде аяғым.

Заман – желі, ғұмыр – құлын  байлаулы,

Жылқы – мінез, еске түспе баяғым?!..

 

Көңіл – дөнен қарамайды ой-қырға,

Асау жылдар ауыздықпен алысып.

...Өмір – теңіз , пенде – қайық  айдында,

Сағым сәттер бара жатыр жарысып.

 

Күн – сәуірік, айғыр – Айға  таланған,

Жылқышымыз қуалаған құрық ап...

Кербестідей құйрық-жалы таралған,

Ит өмірдің сырт бейнесі сұлу-ақ!..

 

 

                                                             Ербол БЕЙІЛХАН

 

 

      Түнгі өлең...

 

Түнгі өлеңім, ақырғы дем секілді,

Тілдеседі тылсыммен.

Терезеден Ай қарайды кекілді,

Жанарына нұр сіңген.

 

Түн дегенім – түнек  емес, жұлдызды,

Жамырайды самала.

Күтті жүрек!

           Жұлдыз сынды бір қызды,

Жетер ме, ол бағама!?

 

Бақтың іші, «Мың бір түнгі» ертегі,

Көлеңкелер тілдескен.

Тау - жоталар ертегіге елтеді,

Жайдақ атқа мінгескен.

 

Күздің түні – күрең  құлын төбелі,

Құлдыраңдап барады.

Түсі ауған, күрең сайға көделі,

Шөптің жасы тамады.

 

Түн – кәделі, сөз – несібе, олжамды,

Қанжығаға байландым.

Қараңғы да ұстаймын деп «арманды»,

Тағы бір түн алдандым...    

 

 

 

 

                                        22.09.2011 ж.

 

 

               Анамның тілеуі

                                                               Мейрамбек Беспаевқа!

 

Әуелеп, босамаған жырдан көгі,

Құлпырып ән тыңдайды қырман, белі.

Боз таңды бозторғай боп түре-тұғын,

Бұлбұлы Алты Алаштың – Мейрамбегі!

 

Жусанның гүлдегенде айыр басы,

Ырысқа балап еді ауылдасы.

Аққу боп қалықтаған гәкку үнге,

Мұң шақты қанша мойыл қарындасы.

 

Ғашық боп туған жұрттың ерменіне,

Ою сап бабалардың өрнегіне.

Тарихтың жон арқасы шымырлайды,

Төгілтіп пернелерді тергеніңде!

 

Жанына жақын шығар қобыз үні,

Термеңнен естіледі - Абыз үні.

Қимайтын күрең күзді еске салар,

Әншінің қаз дауысты – қоңыр үні.

 

Сыр қосып, ақ қайынның сыбырына,

Бұлақтың бас қоятын тұнығына.

Түлкі алған ақиықтай әуелеп кеп,

Қонды әнші – Алатаудың тұғырына.

 

Соққанмен уақыттың дауыл, сыны,

Арда емген:

     Бұл Мейрамбек – дәуір шыңы!

«Жез таңдай, күміс көмей» қарағымның,

Қайырылмай жүрсе екен, қауырсыны!

 

Ән төгіп, қаласы мен даласына,

Ем берген жүректердің жарасына.

Жаратқан, Жаппар Ием, ғұмыр сыйла,

Дүлдүлі – Алты Алаштың баласына!

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)