Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Біз жолыққан мезгілдің бәрі – Көктем!Содержание книги
Поиск на нашем сайте Торғын – күндер...
Торғын – күндер қолдан шықса сусыды, Астары жоқ уақыт-ай, Тігіссіз. Сола ма айтшы, гүл сезімнің бүршігі, Күндер қайда, түндер қайда күдіксіз?...
Жүрегімде бар әдемі – мұнара, Арманымды кете алмайды жел қуып. Тым болмаса, хат жазып тұр күн ара, Сенсіз күнге кеткенімше көндігіп...
Пенделік-ай, тас секілді қыналы, Қызыл қына – езіледі жүрегім! Періште едік...уақыт қой кінәлі, Жылап тұрып, өп-өтірік күлемін...
Жырдан – көйлек тікпек едім әдемі, Өрнегімді жүрген едің ұнатып. Махаббаттың көп екен-ау, әлегі, Абайсызда алғанымды-ай, жылатып...
Ербол БЕЙІЛХАН
Жүрек Алпыс екі тамырыма қан берген, Жұдырықтай кеудемдегі – бұлбұлым. Күллі ағзама тірлік берген, жан берген, Кең тынысты, бөкен желіс – дүлдүлім.
Жарқыным-ау, қалай оны жазғырдың, Жазмыш – жалған маңдайымда жазулы. Алты жаста оғы тиген тағдырдың, Бөлтірік ем, арлан болдым азулы.
Қынсыламай өз жарасын жалаған, Көкжал – ғұмыр Айға қарап ұлиды. Күншілдердің кәндектері талаған, Сыршыл – жүрек, тым ащылау жымиды.
...Жамау-жамау жүрегім-ау, Жүрегім, Нардың жүгін – ардың жүгін көтерген. Ақылыма бағын-саңшы тілегім, Ақыл басшы – жол табады төселген.
Тағы міне, алас ұрдың, туладың, Мазам кетті, алып біттің еркімді. «Ай қыз» неге жүрегімді ұрладың, Жайық менің баса ала ма өртімді?!..
Сарыала қаз, сары сағыныш ұшырып, Хат жазамын төзім емін тауысып. Ой – шыңырау, енді ұқтым түсініп, Жүрегіміз кеткен екен ауысып...
Ербол БЕЙІЛХАН
Сен ұрысың!..
Сен ұрысың!.. алып қойған ерікті, Жалғыз жүрек, не бітірді, не ұқты!? Сен сыйлаған – сезім Гүлі бағалы, Сен сыйлаған – сол бір күндер көрікті!
Мен қарақшы... бағып жүрген ізіңді, Бір көруге ынтық болған жүзіңді. Қоңыр-қоңыр сағынышқа тербеліп, Өткіземін көктемімді, күзімді...
Сен сиқырсың!.. өзгертесің өзгені, Дуалайтын, дұғалайтын көздері... Рухымның дәрігері тағы өзің, Жан жарама шипа болған сөздері.
Мен жеңілдім!.. сүйген жүрек жеңілді, Саған бердім, саған бердім өмірді. Сен бар жерде өлеңім бар, мен бармын, Сен барыңда – мына әлем көңілді.
Сен және Мен! Бүгін міне - Біздерміз, Жүрегі бір, тағдыр бөлек... Іздерміз. Көктемдерің өзгелерге арнаған, Қиқу-қиқу, думаны бар Күздерміз!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Тылсым
Уақыт – әже айналдырып ұршығын, Күн қызарып тауға тықты тұмсығын. Қайын – жүрек гүлге орап бүршігін, Сені іздедім тілсіз сүйген тылсымым.
Тылсым – ғұмыр, іңір кеші, Тыныштық. Үкілі – үміт, үнсіздігің тым ыстық. Жылқы – мінез, кісінесіп жүргенде, Өлең бізді жіберіпті туыс қып.
Кертөбел Ай тарай – тарай кекілін, Жұлдыз ақса, тағдыры ғой, Кешірім! Қай сәтте де өзің келіп қаға бер, Сені күткен жүрегімнің есігін...
Ербол БЕЙІЛХАН
Біз екеуміз Сен де жалғыз. Мен де жалғыз. Ол – жалғыз! Мұң аңқытып бүр жарады – Ой жалбыз! Тамыры жоқ тасқа өскен гүл сынды, Тағдырлы өлең ойсыз басты ойланғыз!
Сен де мұңлы, мен де мұңлы, Мұңдымыз! Қазы қайтқан сыр шертеді сырлы Күз. Өмір деген - үлкен қалып шектеулі, Сол қалыпқа сыймайтұғын жындымыз...
Сен де қырсық, мен де қырсық, Қырсықпыз! Қайыңдағы тым сезімтал бүршікпіз. Жүректегі сағыныштың көз жасын, Күз құлатқан жапырақпен сүртіппіз!
Сен де ойда, мен де ойда, Дарамыз! Ақ параққа қалам түрткен қалады із. Жалғыздықтан жалыққан күн ақыры, Қол ұстасып Айға кетіп қаламыз...
Ербол БЕЙІЛХАН Бiр сабақ Гүл! Бiр сабақ гүл – Ай бетiнде биiкте, Сол гүл барда – Ай ажарлы, түн жарық! Менiң жаным – алтын мүйiз киiкте, Ал киiгiм, мұң жамылған – бiр ғаріп...
Бiр сабақ гүл - сары түстi – Сағыныш, Ой – дария... Кеудем – теңiз толқынды. Құстар үнi, теңiзiмде сабылыс, Көптiң шуы толтыра ма олқымды?!
Бiр сабақ гүл – алып койған еркiмдi, Кеш тыңдаған, таусылмайтын ертегiм. Дауасы жоқ гүлден жұққан дертiмдi, Қалай жазам, не болады ертеңiм?..
Бiр сабақ гүл – азабым да, мұңым да, Ай арманға қол созамын жетем деп. Менiң гүлiм – жүрегiмде, жырымда, Қалса екен сағыныш боп мекендеп.
Бiр сабақ Гүл!
Ербол БЕЙІЛХАН
Бізді бөліп қос драма: Өмір, Өлім перде тұр!.. Саған деген сағынышым, ақ жауындай көл көсір. Ақ жусанның түбінен маңыраса ақ арман, Ақша бұлтқа оранып, ақпақ құсым келде тұр!..
...Күн қақтаған жалаң шыңды, қара нөсер сүйгенде, Боз таңдағы бозторғайды тұрымтай құс ілгенде, Қиялымдай... ақиық құс көк аспанды тілгенде, Сені есіме ап, қарап тұрам, сары түстес гүлдерге!..
Күте-күте күндер тозып, телмірумен шаршады Ай, Шағала – арман шаңқылымен ағарады тал самай!.. Мөлт–мөлт еткен мойылдай мойынымды бұрғызған, Осы сенің иісінді–ай, отқа салған Аршадай!..
...Намыс – қайрақ найзағай боп, қарағайды тілгенде, Сұңқар – ойым, менменсіген көкжалдарды түйгенде, Шабан аттар, Қазанаттан оза алмасын білгенде, Сені ойлап, қарап тұрам, сары түстес гүлдерге!.. Неге?...
Ербол БЕЙІЛХАН
Сен
Келдім. Көрдім. Таттым. Сүйдім – Ащы екен дүниенің кермегі!.. Саған ғана айырбастап жіберем, Жан біткенді жердегі...
Құшқан. Құштар. Күйген. Сүйген – Жалғыз осы мен бе еді?.. Жасын түгіл, тырнағыңа тати ма, Барлық ару жердегі?!..
Ақыл. Көрік. Сенім. Сезім – Тапты өзіңнен тұрақты! Сенен көрем: жанып жатқан тозақты, Сенен көрем, Жұмақты!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Жапырақ жүрек... Бір жүрекпіз – жырға толы кеудесі, Сағынамын... өртенеді өзегім!.. Өлеңімнің аласармас бейнесі, Өмірде де, биік болса деп едім!
Елесіңмен атқызамын ақ таңды, Қалдым бәлкім: өң мен түсті айырмай. Қаңқылымен қаз бояса аспанды, Жүрек сыздар – Күз тонаған қайындай!
Айтсам деген – әнім едің, Аяулы, Күз бенен қыз қатар жанды қинады?!.. Көңіл – көлге батырсам да «қаяуды», Сезім – көлі арнасына сыймады.
Жүрегімнің бәйшешегі ең, Көктемгі, Күз көңілге – Көктем лебін сыйлаған. «Өткен күн бе, өткен күнде көп белгі», Күз бенен Біз сағынышпен жырлаған...
Егіз – жүрек, мөлдір – сезім, Іңкәрлі, Біздің жүрек – сарғайған бір жапырақ! Көктемім ең, көгертетін ынтамды, Біз секілді сарғайыпты–ау, атырап...
Ербол БЕЙІЛХАН
Аспандағы хат
Аққу – Көктем қоштасты қанатында тырнаның, Қаздар шертіп барады қоңырлатып сырлы әнін... Көйлек киген көктемді шешіндіріп Күз – жігіт, Бөдене – уақыт бөстіріп жастығымды ұрладың...
Шымшық – күндер ұшады, ұясына күн құлап, Шағала – арман қоштасты ақ айдынмен шын жылап. Жетім күзбен қоштасып шарқ ұрады бәбісек, Күз аспаны жылайды кәрі қыздай тұнжырап...
Сағынамын хат тасыр, қарлығаштың қанатын, Күз келгенде осылай таусылады тағатым!.. Қиялыма мінгесіп көкті тіліп барады, Тырау–тырау тырналар аспанға хат жазатын...
Ербол БЕЙІЛХАН
Көшеді күз! Атан-атан шоң тиеп, Сағыныштан ағытылар ой тиек. Арман болған, Айқыз күзде қоштасты, Бағытымнан адастырмас жол тілеп!..
Бақыт Гүлі- кездестірген жолымнан, Бір сыпсың сөз қалмай қойды соңымнан... Маңдайымда шимай-шимай тағдырым, Қоштасуда келмей отыр қолымнан.
Үлек – мезгіл, бота – күндер бозылдап, Жазым өтті, көңілімде күзім қап. Қызғалдақты кездер қайта оралшы, Жүрек шерткен, мен ұнатар сазыңды ап!?
Үркек – уақыт өтер мейлі қиялдай, Түлкі қағып, қайыртпаған қырандай... Аспан мынау жасқа толы жанары, Дүниеге тұрғанымды-ай сияалмай!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Мен тағы хат жаздым, Ол тағы келмеді?... Кеудемде ақшамнын, Шырағы сөнбеді.
Ол тағы өкпелі, Мен тағы кешірдім! Күз шыққан көктемді, Жанарға көшірдім.
Еркімнен тысқары, Бір сезім билейді. Мен оны сүйемін, Ол бәлкім, сүймейді?..
...Ол мені сүйеді, тағдырын сүйретіп. Кызғанып жүреді, Жүрегін күйретіп...
Ол да, мен ұқсаймыз, Тәкәппар шыңдарға! Біз жайлы түсті аңыз, Жолдар мен жылдарға!...
Ербол БЕЙІЛХАН
Қазандағы Ғазал Қоштасады соңғы қаздар қазанда, Бұл қоштасу ауыр тіптен мағанда!.. Сарыалақаз сағынышым сыймайды, Күз әкелген Ғазалға!..
Кетсем бе екен, тізбектеліп тырнаға, Сыр қалдырып, сенің сәулем сырғаңа! Қоңыр күзде, қобыз – кеуде бозылдап, Хат жазамын Музаға!..
Қайтқан құстың кайда екен тұрағы, Күзгі аспан. Қауырсын – мұң құлады. Қазандағы ғазалымды оқып ем, Жапырақтар жылады...
Ербол БЕЙІЛХАН
Жүректегі Гүл! Бір ауыр сөзге өкпелеп, Бір ауыз сөзге жазылып... Шуылдақ ылғи көпке кеп, Отырмын сені сағынып...
Күз – мұңым тағы торығып, Кетпедің мүлдем есімнен. Жетелеп аппақ бір үміт, Әуенім болдың есілген.
Саналы ойды сандалтым, Салмағы түсті жүрекке!.. Жұлмашы сенде ардақтым, Жүректе жалғыз гүл өссе!?..
Тобылғы күзде өтпелі, Жанары жасқа түйілсін. Жалғанда жарты көшпелі, Бір сабақ менің – Гүлімсің!
Ербол БЕЙІЛХАН
Бізді қимай көк жусанды, бетегелі бел тұрды, Алтын кірпік, ару өзің, Алты алашта айтулы. Тас бұлақтың сылдырындай сағынамын дауысыңды, Сенен аумай сәуле шашып, кекілденіп Ай туды.
Жұлдыздар көп, сансыз көкте жымың-жымың күледі, Олар бәлкім, жерде жүрген бір-бір жанның жүрегі. Көп тобырдан қашқан жүрек...қызықпаймын жұлдызға, ...Дара Айым, сырын шертіп, жүрегіме түнеді...
Ғашықтық-ай, сырлас еткен, мұңдас еткен қайыңды, Сезім – көлі түпсіз терең, оттан бетер жалынды. Көңілімді көктем етіп, жүрегімді ұрлаған, Сағынамын, биіктегі дара туған Айымды!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Махаббат па? М. Мақатаев.
Махаббат па? Ол енді болған, болар. Жан емеспін жабығып жолдан қалар. Базарында баян жоқ дүниеден, Көріп тағы тұрғам жоқ, оңған базар!..
Сенің сәулем жүріппін шуағыңмен, Сен жоқ жерде көңіл пәс, қуану кем... Шешімі оңай жұмбақты тез табамын, Шешімі жоқ сен ғана сұрағым ең?!..
Сұрағым ең – мәңгілік басымдағы, Әлемімнің ақ айдын, жасыл бағы. Астананың кеш келер көктеміндей, Көңілдің бұл аспаны ашылмады...
Жиі-жиі оқ тиіп сертімізге, Күз сыйладым көктемдей көркіңізге! Қоштаса сап қайтадан сағынатын, Ем таба алмай отырмын дертімізге!..
Ұшқан құстан сұратып дерегіңді, Хат күтумен өлтірдім, төре – күнді... Сары қызды күздей боп сағынамын, Сағынышқа тоғытып өлеңімді...
Ербол БЕЙІЛХАН
ӨКПЕ
Көбелек – гүлге өкпелі, Гүл – күнге өкпелі, Періштем пері болып, Жүректен мұң кетпеді.
Жаңбырға жер өкпелі, Орманға жел өкпелі, Өмірде зарықтырған, Тағдырға біз өкпелі...
Көктемге мұз өкпелі, Қарғаға құз өкпелі, Сертінде тұрмады деп, Жігітке қыз өкпелі.
Айдынға қаз өкпелі, Аққуға саз өкпелі. Бақшасын сарғайтатын, Ал күзге, жаз өкпелі.
Жастыққа шал өкпелі, Наданға дана өкпелі. Патшаға қара өкпелі, Халыққа хан өкпелі...
Иеге – ит өкпелі, Сабынға бит өкпелі. Мезгілсіз тартылдың деп, Теңізге кит өкпелі...
Есекке ат өкпелі, Алтынға тас өкпелі. Досына дос өкпелі, Бауырға жат өкпелі...
...Сен мені - нарға бала, Болмасың арман ада! Жалғанда не болмайды, Өкпесіз – Алла ғана!
Ербол БЕЙІЛХАН
Ақ қайың - қыз
Мамыр соңы, сен келдің, Мамыражай, Көл бетіне төгіліп жамырады Ай. Сарыала қаз сезімім шөлдегенде, Аралаттың еркіммен бағына жай...
Өңде солай мас болдым жұпарыңа, Өлең болып төгілдім құшағыңа. Жаңа туған маусымды жырлау үшін, Бұлбұл қонды ағаштың бұтағына.
Сая көріп қайыңның жапырағын, Сен секілді жантайды қасыма мұң. Түн екеуміз сырласпыз содан бері, Содан бері түнменен ашынамын.
Қызғанушы ең, ал түннен қызған мені, Білесің ғой түн емес бұзған мені?!.. Ақ қайың-ау сөйлеші ақтарылып, Неменеге шақырдың құздан мені?
Сезім бассың дедің бе, өрлігімді, Аңсадың ба, сағынып мендік үнді. Меңдеріне ғашықпын Ақ қайың – қыз, Сен тұрғанда сағынам енді кімді?!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Бір жаным бар еді – өзгенің жанында, Бір бағым бар еді – өзгенің бағында, Бір әнім бар еді – өзгенің аузында, Бір сырым бар еді – көздегі мұңымда?!..
Дәрменсіз дәруішпін, бәрі сол өзгеде, Іске де ығым аз, ебім жоқ сөзге де... Көрмей-ақ, қойғаным жақсы еді көркіңді- Өкпелеп қоямын қырағы көзге де...
Өкпелеп қаламын, өлеңге, Өзіңе, Биіктеп кетемін бір жылы сөзіңе! Жырыңды ұнатып жүруші ем жай ғана, Ғашықпын бұл күндер ой толы көзіңе.
Тағдыр ма кінәлі, жоқ әлде өлең бе, Сен жайлы жыр жаздым қайыңға, еменге. Ақ жаңбыр құшақтап аспаннан құладым, Кешірші, бұдан соң түспеймін төменге!
Ербол БЕЙІЛХАН
Жетім – жан, жетім – жүрек! Жаратқан, Сізді сүйдім! Қызды сүйдім – Ауыр бұл, іштен тынып егілгенім, Не пайда, жылы сөзбен жұбатқаннан, ...Мендегі өмір басқа, басқа ғалам,
Ербол Бейілхан
Мені ойла
Бозарып таң атқанда, Боздала бусап жатқанда, Ерке самал жел келіп, Терезеңді қаққанда, Мені ойла! Даланы қар жапқанда, Боран соққан ақпанда, Қара жолға телміріп, Автобусты тосқанда Мені ойла! Көгілдір көк көктемде, Жыл құстары жеткенде, Қара жерді бусатып, Жаңбыр жауып өткенде, Мені ойла! Сағым тамған жаздарда, Баққа оңаша барғанда, Бұлбұл әнін қия алмай, Жалғыз өзің қалғанда Мені ойла! Қоңыр салқын күздерде, Тырналар сап түзгенде, Сағынышың арман боп, Түске жиі кіргенде Мені ойла!
Ербол БЕЙІЛХАН
Бітірмеген мектебім! Жанарыңды-ай, жалт-жұлт еткен алқадай, әрi таза! Сыйқырлы?! Арманы Айда, жолы қылдай қалқам-ай, Мiнезi де бiртүрлi...
Қылығыңды-ай, ертек қыздай елiткен, Хордын қызы – ханшайым! Үркектiгің аумайды екен елiктен, Оқылмашы!.. Аңсайын!
Дауысыңды-ай, сары сағыныш бүрлеген, Күзде жеткен Көктемiм! Көңiлде нұр, жүрегiмде гүлдеген, Бiтiрмеген мектебiм!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Сұлбасыз жол... Сұлбасы жоқ жолымнан өтпе, қарғам, Өте алмассың малтығып оппа қардан. Саналының барлығы жетім көңіл, Қол жеткізбей барады көктегі арман.
Бұлт қонады қыранның қанатына, Ұшқыр сезім кетті ме аласұра, Төзім деген тұяғы арғымақтың, Таға қағып кетемін тағатына.
Көз саламын ескі жұрт сүрлеуіне, Шер толқытып, көңілді күй керуде. Сен кінәлі емес ең сүйгеніңе, Қысқа ғұмыр келмей тұр күрмеуіме!?
Шаңырақ тұр уықтың қаламында, Желбау көңіл желпілдеп таралуда. Сағынысып күнменен көрісетін, Күлдіреуіш күліп тұр қарадың ба?!
Керегем тұр байланып көгеніме, Ырысым бар сиятын көнегіме. Сұлбасы жоқ жолымнан күтпе қарғам, Өмір заңы көнбейді дегеніңе...
Ербол БЕЙІЛХАН
Не дер екенсің, қарағым! Не дер екенсің мұныма тағы, қарағым, Теңізге келіп, көз сүріндіріп қарадым. Қарашық қадап, көре алмай қалқа, көркіңді, Мұңайлы өлкеден мұңайып кетіп барамын.
Дидарлы аспан, төгіліп жатыр теңізге, «Теңіз анам–ау», бөтенге емшек еміз бе?! Іздерім қалды сабылып жүрген жағада, Көгілдірім–ау, Каспиге келсең, мені ізде?!
Ақжал толқындар, еркелеп келіп, асылған, Құпиям едің, теңіздей терең жасырған. Тербетіп толқын, ескегің болып есіліп, Тебіреніп тұрып иіскейтін едім шашыңнан.
Шағала көңіл, шарқ ұрып жүрді жағада, Тулайды теңіз, еседі ескек самала. Кемеге мініп, әсем Ақтауға тамсанып, «Қараңыз, дер ең, қараңыз дер ең, Жан аға!»
Не дер екенсің, мұныма тағы, қарағым, Мұң бізге ортақ, мұңайып қалма, жамалым. Қоңыраулатып, күз әнін шертіп құс қайтты, Құс жолыменен сапарлап менде барамын... Не дер екенсің, қарағым?!
Ербол Бейілхан
Сенің демің...
Жұпар аңқып айналам, Көкке ұшты, сетерлі ой. Қазығына байлаған, Сенің ауаң екен ғой!
Қуанышым көздегі, Сағынышым мұңдағы... Тіл жетпесім сөздегі, Ашылмасым сырдағы...
Көңіл әппақ шағала, Аспан түпсіз жеткен бе? Жете алмасам бағаңа, Жетім көңіл кектен бе?!
Өрнек салған ой шебер, ...Алдамшы бұл бақыт та. Секунттармен өлшенер, Бағынайық уақытқа!
Нәрестедей жүрегім, Тәтті сезім аршыған. Мына әлемді сүйемін, Сенің демің аңқыған.
Ербол БЕЙІЛХАН
КҮЗГІ ӨЛЕҢ
Қыркүйек жеп отыз бір жас тамызды, (Сөзге келмей тамыз бірден жан үзді..) Өткен ай, жыл...сарғайған хат сағыныш, Көшкен күннен - күткен күндер маңызды! ...Маған көктен сәуле шашып тұратын, Аспанымда бір Айым бар жаны ізгі!
Қош бол, тамыз! Бәрі-бәрі есімде, Астанада, сенің барқыт кешінде, Қанатынан Өлең – сезім сауылдап, Бір ерке құс қонған еді, Есілге! Су бетіне қауырсынмен жаздым хат, Бақ құсы деп: «Бақыт» болған есімге!..
Күздің түні! Найзағайлы, жасынды, Жарқ-жұрқ еткен от шашулар шашылды. Сен сыр айттың маған сүйеп басыңды, Керіп қойып қос қарлығаш қасыңды, Мұңға толы жанарыңды аймалап, Иіскеп тұрдым күзбен өңдес шашыңды!
Күндер – бақыт, түндер – сырлы, Сырғалы, Сағым – уақыт сені қайта ұрлады... Бір кеудеде екі жүрек қол бұлғап, Шығарып сап тұрам көкте тырнаны... Сағындың ба, дегендейін көз қысып, Күн батады күп-күрең боп қырдағы!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Меңді қыз
Өң мен түстен шықпай қойдың, Меңді қыз, «Жолықпайық, сағынбайық, енді Біз!..» Қайтқан қаздың қанатынан хат оқып, Мұң кешпесін күрең торғын – өңді Күз!
Екеуміз де – ой қамаған шерліміз, Екеуміз де – сөз ұғатын сорлымыз... Енді көрсек ыстық құшақ айқаспай, Бейтаныстай жыбырласын ерніміз.
Мен дегенде желбіремей кекілін, Күзет қалқам, адалдықтың есігін! Бұраң жолда мың қатемді кешіріп, «Жаным сол»,- деп жасай салма кешірім!..
Қойшы солай! Жүрегіңді тыңдамай, Маған түнде гүл сезімін бұлдады Ай... Қоштасу деп өлең жазып отырып, Меңді қызды, сағынамын бұл қалай?..
Ербол БЕЙІЛХАН
Қамшы ғұмыр – жүргізбес сабына өктем, Қараша ауыл бойыма қазына еккен. Сары қызым қайда жүр сағына өбкен, Біз жолыққан мезгілдің бәрі – Көктем!
Күз жанымды жайқалтып көктем етіп, Жаз жаңбыры тұр биыл төкпелетіп. Алам ылғи сар(ы) қызды өкпелетіп, Сағындырып қояиын көпке кетіп...
Мені күтіп жүр екен қараша ауыл, Дүлдүл байлап қойыпты қара сауыр. Көкпар тартып қайтайын таласа бір, Көктем ару – жолыма бал аша жүр?..
Бес асқардың мен ұштым қиясынан, Туған жердің тау-тасы, миясы да ән! Үш Ойғырдың жусанын иіскеп қойып, Көз ұшында жастықты қыр асырам.
Күз шертеді жалғасын көктемгі ойдың, Ізін қуып келемін көшкен жолдың... Қоңыр аңдай қашып ем, қоңыр мұңнан, Сар(ы) сағыныш бәрібір кетпей қойдың!..
Ербол БЕЙІЛХАН
Ай – дара!.. Сен - Айсың, есімі – Дара, Мен – Таумын, бесігі – нала!.. Түн болса көлге құлайсың, Ал менде кешігу ғана... Тауларға тас атса тағдыр, Тауларда кешіру қана!
Бұлт шөксе басын шалады, Тек қыран асыр салады. Қою түн ұйықтай алмаймын, Сынық Ай, жасын тамады... Мас болып масайратады, Гүлдердің жасыл шарабы...
Сен – Айсың! Қаумалар жұлдыз! Мен – Таумын! Күндесер шың-құз. Мезгілдер менменсігенмен, Мұңдаспыз, екеуміз Бірміз! Ғазалды қазан келеді, Ай - дара, қалайсыз, бұл Күз?..
Ербол БЕЙІЛХАН
Кейіпкер – Күз
Құс жолы... әуен толы аспан мынау, Шөптерге қонақтапты ұшқан қырау. Жалыңның бір тал қылын үзіп қалдым, Кісінеп кербестідей қашқан жыл-ау!
Құс жайы... жиі-жиі жауады аспан, Айғыр бұлт – үйір бұлтты ала қашқан. Сен маған сенесің бе, Кейіпкер – Күз, Мен саған ғашық едім бала жастан.
Құс әні... елең-елең құлақ түрем, Күлкісің тоқтатыпты бұлақ кілең. Жапырақ сағынышқа тоғытылып, Мені тағы сені ойлап жылап келем.
Ербол БЕЙІЛХАН
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.044 с.) |