аз қанатында ұшып барады жүрегiм! 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

аз қанатында ұшып барады жүрегiм!

Поиск

Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!

 

Көктем де өттi, тынысы тылсым қыз демдi,

Жiбек – жаз жылап, көркiнен күдер үзген-дi.

Көк теңбiл аспан қабағын түйiп сұрланып,

Күрең тай мiнiп, күрең шапанды Күз келдi.

 

Жазира белдер оңып барады тысы көк,

Аппақ айдынның сәнi кiрген-дi құсы кеп.

Көңiл мен көлдiң көкала үйрегiң үркiттi-ау,

Уақыт қуған, күрең тай шауып кiсiнеп...

 

Жапырақ – ғұмыр, жалына күздің жармасып,

Емен иiлiп, қалады-ау, өрiм тал жасып.

Жайдары жаздың сезiмiн ұрлап Күз жiгiт,

Мезгiл жүрегi тұрады солай алмасып.

 

Күрең тай ертең, Ақ боз ат болар бiлерiм,

Ақ боз ат мініп, ақ таңды күтiп жүремiн...

Сағыныш деген, сары шекпенді жамылып,

Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!..

 

                                                                      Ербол БЕЙІЛХАН

 

    Қоңыр қозым-ау!..

 

Қоңыр қозым-ау, маңырамашы,

жоғалтып алып енеңді...

Қоңыр ойларым жамырамашы,

тоналтып алып көнеңді...

Қобыз кеудем-ау, аңырамашы,

Шерімді қозғап шемен-ді?..

 

Домбыра – ғұмыр әуенін қайда,

Тарихым жатыр пернеңде.

Әділ сөйлейтін «мәуелім» қайда,

Арғымақ қайда белдеуде?

Ұл болып емген мәйегің қайда,

Бөрілік қайда кеудеңде?

 

Алмас мінезім, майырылдың ба,

Жау орнына – боқ  шауып...

Кереге қанатым қайырылдың ба,

Сеңгіріңнен бақ тайып...

Туған тілімнен айырылдым ба,

Ауа орнына – от  қауып...

 

Құмға сіңген құмыра – жылдар,

Ерте бермеші елеске?

Отарлық өткен рухсыз құлдар,

Түсе алмайды егеске!

Қарнын күйттеген қулар мен сұмдар,

Бақытсыздығың емес пе?..

 

Қоңыр қозым-ау, маңыра тағы,

Иесіз менде жетіммін.

Оралдым міне, қағыма тағы,

Оралдым ерке кекілдім.

Қоңыр мұңдарды жүрекке артып,

Өтеді-ау, қайран есіл күн!..

 

...Қоңыр қозым-ау, маңырашы?..

 

                        Ербол БЕЙІЛХАН

 

 

          Ауық-ауық...

 

Ауық-ауық қарап қоям аспанға,

Аспан жұмбақ, шешілмейді астарлы ә!?

Кеше жауған дақ түседі ақ қарға,

Мұң жауады сосын ана бақтарға...

 

Аппақ әлем, аппақ қала атырап,

Күміс күннен, күміс – тиын  шашырап...

Қос ұлыма қанталапай ойнатам,

Қар үстінде қойынымнан асық ап.

 

Салып қойып езуіме малтамды,

Шақшасы жоқ қағып қоям қалтамды?

Жатам бірде сағынышқа шомылып,

Мұңмен егіз, маңыратып марқамды.

 

Қырау-қырау көрінбейді қыс көзі,

Кейде адамның болады екен үш көзі?!

Ауық-ауық әңгіме айтып отырар,

Бізден кейін жан бола ма тыста өзі?...

 

 

Ербол БЕЙІЛХАН



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.005 с.)