Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Біздің жақта бұлт ауыр...Содержание книги
Поиск на нашем сайте Бірінші бөлім Біздің жақта бұлт ауыр...
Біздің жақта бұлт ауыр...
Біздің жақта бұлт ауыр, Өркеш-өркеш шөгеді. Ойлы жанға күлкі ауыр, Шын күледі, себебі?!..
Өркеш-өркеш атан бұлт, Сейілер ме, жел қуса? Құт болар ма, қасаң жұрт, Қайта оралып ел қонса?..
Бура-бура бұлт көшіп, Бұйығады тауларым. Елден-Елге жұрт көшіп, Құлазиды бауларым...
Ей, қара бұлт жауа кет, Жыла, бұлтты тағдырым! Жүрегімде жара көп, ...Көкіректе жаңбырым...
Түбіт – бұлт ой, тұнғиық, Түн баласы – ұйқы ауыр!.. Тау тағдырым тым биік, Біздің жақта бұлт ауыр...
Жирен Күз
Жирен Күз. Қобы тартып, жыра салған, Түсіме тау кіреді қына шалған. Жаз – дәптер күнге тиіп сарғайыпты, Бұлт ойнап, қызыл-жасыл сия тамған.
Құс қайтты!.. әуен қалды жүрекке еніп, Құлжалар шайқасады күйек келіп. Індерін шолақ саусақ суыр жауып, Жатады ұйқылы-ояу түнекке еніп.
Текелі Сүмбіле өтті суық шалған, Шағыл – Ой, сені қайтем тұйықталған? Шыт көйлек бұлт сүйгенде шыңның басын, Орамал сыйлап сені сүйіп қалғам...
Күз ару – демін жұпар, құшағың бал! Желменен көшіп жатыр құса құмдар. Қараша. Қайтқан қазды қия алмайсың, Жирен Күз, жер тарпыған тұсауың бар...
Жезкиік. Жыр.
Жезкиігім – желді күнді аңсаған, Не айта алам: сөзім көне, ой шабан. Қара түндер мұң жамылып жатамын, Не сыйлайды, толып, тозар Ай саған?..
Көнек басқа – шүмек тілді жау етіп, Кейде маған ой келеді сау етіп... Кейбір бастар Құдайына сыйынбай, Өреліге сыйынады тәу етіп!..
Құлмын рас! Аллам өзің кеше гөр, Жаратқаннан ұлық емес не шебер! Біздікі сол қазақылық баяғы, Ер жігітке аз дейтұғын «жеті өнер».
Өлең де өнер, өнерсіз жұрт шатылған, Беу, құрдасым, қара өлең сал қасымнан... Таң бозында бұлбұл сайрап тұрғандай, Тыңдайын бір түсіп жатып атымнан.
Қасиетіңнен, айналайын, ескілік, Ескіліктен табам өзім естілік. Елдің көбі жыртың-жыртың еткенде, Бір әдетім қалам ылғи кеш күліп...
Қәдіріңнен айналайын көнелік, Сенде жатыр биіктік пен өрелік! Абызындай құлақ салып тыңдайын, Өлеңіме айтып жібер төрелік!?..
Қайдам, қайдам... еске түсіп қайдағы, Жезкиігім, жетпей қалған айдағы... Шыңыраудан тұма ішкен көңілді, Көлшік суын қызықтырмас сайдағы?!
Ербол БЕЙІЛХАН
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.) |