Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сіздерге болсын қайырлы...Содержание книги
Поиск на нашем сайте Қобыз дүние
Көне соқпақты, көне етігіммен жаяулап, Жылдар – кісінеп, күндер құлдырап, Ай аунап. Өмір – өзеннен несібе балық аңдимын, Қармақты салып, отырам жарда Ой аулап...
Сағынышым - ай, сарыала қаздай сар таңдай, Терлетіп келіп атымды кеттім қаңтармай. Өрмесі ғажап, қамшыдай қысқа дүние, Ұстатпайсың - ау, жылп етіп қолға шортандай.
Дүние – қобыз, ән салсам ба екен бұратып, Жасымды қайтем, жалбаңдап кеткен қыр асып. Аппақ дүние, аймалап сені үлгермей, Ақжал толқынға кетерсің бір күн құлатып.
Заманды аңсаймын ағаның ымын іні ұққан, Абызың қайда, Алты алаш жұртты ұйытқан. Көлгірси бер ме, көнесі тозған дүние, Шаршадым менде, шаршады әлем сұйықтан...
Ербол Бейілхан
Бәрі де алдамшы...
Бәрі де алдамшы, мына күз, мына бақ, Жанды да алады, Жаратқан сынап ап. Жалғанда жандының өмірі өлшеулі, Уақыт қадасын қағады сыналап.
Пенде де дәрмен жоқ, қайтеміз кінәлап, Қимасты көмеміз, сықсиып жылап ап. Жалғанның жарығы бітерін білсе де, Адамдар жылтырға әуесқой құмар-ақ!
Көк бөрі тірлік-ай, жалаған жарасын, Көк аспан жоқтайды жоғалтып баласын. Жер-Ана сен неге өгейсіп барасың, Өтпелі өмір бұл, бәрінен қалатын.
Құстарды аяймын, қанат бар ұшпайтын, Сұлуды аяймын, ер келіп құшпайтын. Күз көңіл ерісе мөп-мөлдір шық қалсын, Арғымақ аунаса, артында түк қалсын!
Дүние-ай, қайтейін, сырын көп жасырған, Мұң жамап өсіп ем, балдырған жасымнан. Қалған бір мұрамын бабалық ғасырдан, Қасымнан қорықпаймын, қорқамын досымнан.
Бәрі де алдамшы, мына өмір, уақыт, Жыл керуен көшеді, айларын шұбатып. Ай асау мөңкиді күндерді құлатып, Мен келем, арманды уатып, жұбатып...
Ербол Бейілхан
Қар жауып тұр
Не деген керемет күн, қар жауып тұр, Ақ мамық шұғылаға айналып қыр. Баяғы балалықты еске алып, Кел, қалқам, қар атысып ойналық бір.
Мойныңа ақ сезімдей қар тығайын, Қар тыққан боп, байқамай қол тығайын. Түлкідей сен айлаңды асырғанмен, Олжамды олжалаймын аңшыдайын.
Көбік қар, құшақтасып көмілейік, Мұңнан бір қар атысып сейілейік. Қан айналып, жүректер дүрсіл қағып, Бал-бұл жанып, сезімге берілейік.
Санамды, салмақты ойлар жүр асынып, Көзіңе сенде жүрсің, мұң жасырып. Ақ ұлпа қар атысып ойнаған боп, Мәңгілік әкетейін қыр асырып...
Ербол Бейілхан
Сөз Қашаған сөзді арқандап, Күмістен жүген кигіздім. Қамаулы ойды талқандап, Дүлдүл көңілге мінгіздім.
Найзағай сөзді ойнатып, Суретін салдым қыр гүлдің. Ал қызыл тілді сайратып, Үнін тыңдаттым бұлбұлдың.
Асыл сөзді әспеттеп, Қармақты бізбен тоқыттым. Арманда жатар ой көктеп, Қиялды шыңға жосыттым.
Мақамды сөзді мәнімен, Мұзбалақ құстай түлеттім. «Әгугай» салар әнім ең, Қалауын табар жүректің.
Жорға сөзді тайпалтып, Алты қырдан асырдым. Теңіздің өзін шайқалтып, Тулатып барып басылдым.
Тобықтай сөзді сүйемін, Асыл мұраға – ҚҰРМЕТ! Анамның тілі – киелім, Қазақтың сөзі – Құдірет!
Ербол Бейілхан
Мені ойла!
Торғын кеш, торығып батқанда, Барқыт түн шымылдық жапқанда, Бозторғай ілініп аспанға, Бозарып ақ боз таң атқанда...
Ұршық күн төбеге ауғанда, Жер-Ана кілемін жайғанда, Қара бұлт бурадай бұрқанып, Аспаннан ақ нөсер жауғанда...
Көлеңке ұзарған тауларда, Екінті, Ақшамға ауғанда, Беймезгіл бейуақ үйіріліп, Ұрланып түскенде сайларға... Мені ойла!
Тастарға қашалған дерегім, Сұрама кешіксем себебін, Сағыныш сазына шомылып, Бір күні күт сәулем, келемін!
Ербол Бейілхан
Күншілдік
Жардың шетін құлатады су іліп, Көл бетінде қаршыға ойнар қу іліп. Қазанатты табалайды есектер, Анда-санда шалыс басса сүрініп.
Шөлге жаумай бара жатыр бұлт өтіп, Төңірекке түн келеді ұйқы ертіп. Азаматты көре алмайды жаман дос, Қалыс басса, миығынан мырс етіп.
Жыртқыштығы қызықтырмас тұйғынның, Ұзақ жасы кімге керек құзғынның. Орман толған күншілдердің мекені, Әсем даусын қызғанады бұлбұлдың.
Кешкі іңір, шәйтан күлер шарқылдап, Жырларымды тұрады ылғи Ай тыңдап. Көк патшасы қыран қонса төбеге, Жердің сұмы қарға күлер қарқылдап.
Құлыншағын көргенім жоқ бұланның, Аяқтарын көргенім бар жыланның. Диірмендей дүниеде бақ тайса, «Құлағында құрбақа ойнар құланның.»
Алшысынан иіргенмен асықты, Кім тоқтатар зымыраған уақытты. Жаралған соң табиғаты дара боп, Биігінде өлген қыран бақытты.
Ербол Бейілхан
Әжімсіз жүрек...
Құлыпқа салған ескі мұңымды қозғама, Ол қозғалса бозылдайды боз дала... Ақынның тілі кестелей алмас сезімді, Жеткізеді көз ғана.
Көнерген жанмын, өтіп бір кеткен шақтардай, Қиялым тауда, арманым зеңгір аспандай. Оқылмайды ойларым ауыр батпандай, Сарғайып тозған хаттардай.
Сағыныш меңдеп, күрсінеді айналам, Өлең боп ұшты бұлбұл құсым сайраған. Шуағын төккен күн күлімдеп сырласып, Хат жазады Ай маған.
Аспанда емес, жер үсті менің тұрағым, Тот баспас асыл көнеден қалған мұрамын. Сағыныш толған, шерлі кеудеден төгілер, Қобыз сарынды бір әнім!
Дариға-ай, қимас, қаларсың бір күн бұла күн, Көкдөнен көңіл несіне төмен құладың. Уақыт салған шимайды беттен көрдің де, Әжімсіз жүрек жыладың...
Мен туған тауды көрсең-ау, шіркін, құз еді! Бесбоғданың етегі-басы мұз еді. Тоғыз көлдің қаздары қайтқан қаңқылдап, Біз кеткенде күз еді...
Ортасай жайлау... апам жайар өресін, Қозы көгендеп, желі бауын керетін. Қаракөл беті аққу-қаздардың әні боп, Таңменен түлік өретін.
Қаракөк едім, жүйрік кетпеген тақымнан, Қара өлең едім, бақыт ұшпаған басымнан. Қазақтың салты балалығымнан бойымда, Қаныма сіңген жасымнан.
Шың етегінде Шаңбақкөл жатыр, әсемді, Ақсайдың сайы көкорай шалғын әсерлі. Ақсайда жатқан Сарыкөл сені жек көрем, Жұтқансың есіл әкемді...
Жаматы, Усай дүбірлі думан болған жер, Сәйліктің басы атамыз таңдап қонған жер. Көлделеңдеп көз алдымнан кетпейсің, Анамның жасы тамған жер...
Арқар мен құлжа, тәуешкі толған құз далаң, Шыңдарың қандай такаппар қыздай сыздаған. Бабадан қалған қазақы дәстүр бір сенде, Заманның сеңі бұзбаған.
Сағыныш кернеп жүректі талай айырды, Үш Ойғыр өзің туғансың мендей шайырды. Төрт ұрпақ түлеп, біздерден қалған Бесбоғда, Сіздерге болсын қайырлы... Сіздерге болсын қайырлы...
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |