Күн өледі... қызыл бояу жағып ап... 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Күн өледі... қызыл бояу жағып ап...

Поиск

           Уақыт...

 

Тарамыс сайлар, сүрлеулер ескі, шатқалдар,

Бізді ойлап терең ауыр ойларға батпаңдар!

 

Құлжалы таулар, текелі шыңдар, асқарлар,

Біз сағынғанда жас төгіңдерші, аспандар?..

 

Құздарға шөккен – шудалы, өркеш бұлттарым,

Жалғанның мынау: балы мен у-ын ұрттадым.

 

Сеңгірге сіңген – санаулы қыран құстарым,

Арманым ұшты, адасып қалдым, ұшпадым...

 

Тау баласы едім, отырар шашты тарап Ай,

Сол Айым бүгін, қорғалап қалды қарамай?!

 

Ұлар жастығым, ғұмірден үркіп дүр етіп,

Диуанадай көшіп, дәуренім өтіп барады-ай!..

 

 

Күн өледі... қызыл бояу жағып ап...

 

Таң бозарды жұлдыз үркіп, Ай сіңген,

Күн шапағы еркелейді тау сүйген.

Боз даланы бозторғай құс оятып,

Марқа – көңіл  маңырайды Ой сіңген.

 

Шұғыла есті, шығыс жақтан дүр етіп,

Көлеңке өлді... күннің өткір нұры өтіп.

Қараңғының шаранасын сыпырып,

Бір күн туды сәбидейін шыр етіп.

 

Жер емініп, аймалайды құндағын,

Бұлақ күлді, сылдырындай сырғаның.

Сәби күнді сәттер сайын есейтіп,

Алыстайды тырау үні тырнаның...

 

Жарық осы – Жаратқаннан  сұраған,

Таңсәріден несібелер құлаған.

Өткен күнге қуанамыз біз неге,

Бұрыңғылар бір күн өтсе жылаған.

 

Құбылаға Күн еңкейді құлдилап,

Күрең күнді шақырамын құр-құрлап!

Арманды ұрлап, асығады –Уақыт,

Дәрменім жоқ, қоймақ едім, шынжырлап.

 

Арқар – қиял, құзда қалды аңырап,

Күн өледі... қызыл бояу жағып ап.

Өлген күннің жоқтаушысы –Тіршілік,

Құбылаға бара жатыр жамырап...

 

                     28.09.2011 ж. Астана.

 

 

 

 

                                  Ербол БЕЙІЛХАН

 

 

          Ұршық –дүние...

Сауын малдың сүтіндей ақты уақыт,

Ұршық –дүние тізесінде әжемнің.

Періштелер биіктен бақ құлатып,

Кінәсында жазып жатыр әлемнің.

 

Мейірімді, жанарындай анамның,

Бір шұғыла сауылдайды, Ай жақтан.

Пенделерін алдандырып ғаламның,

Бақ пен қайғы жарысады алмасқан.

 

Жеңге – өмір, айран беріп аяқпен,

Жезде – күндер  арманымды ұрлаған.

Баба – ғұмыр , жол сілтейді таяқпен,

Балаң – сезім , ойынын жүр қимаған.

 

...Дүние – базар... Мезгіл – бояу, түрленген,

Жапырақты жел жұлады парақтап...

Ажал – мерген  ұрламақ боп күндерден,

Бұталарға бұғып отыр қонақтап...

 

Арман аты – жалт  береді осқырып,

Гүл ғұмырдың жасқа толы жанары.

Ойландырып, «ойдың бұлтын сөктіріп»,

Ойын – өмір, дөңгеленіп барады...

 

                           Ербол БЕЙІЛХАН

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)