Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көңіл - тазы қуады жүйрігіменСодержание книги
Поиск на нашем сайте Іңір Түбіт ойдың қылшықтарын жұлмалап, Көз шырымын Күн ілді. Көлеңкелер тау етегін қумалап, Сайға кіріп сүрінді.
Қанаттының айтылатын бар мұңы, Дауысында байғыздың. Шың басында маужырады қар гүлі, Иісінен жалбыздың.
Жарық сәуле тұншықты да іңірге, Барқыт түске боялды. Айна көлдің беті толып күбірге, Жарқанат құс оянды.
Ай сәулесі шаңырақтан төгіліп, Отау жапты түндігін. Сыр мекені түн келді де емініп, Іңір қысты құйрығын...
30.07, 2011 ж. Астана
Ербол Бейілхан
Күз көңіл
Тамыз тозып, естіледі күз үні, Жоннан үрікті, жаз жайлаудың қызығы. Тозған сайын әжем жамап қоятын, Көңілде бір киіз үйдің үзігі.
Пұшпақ киіп, үкі тақтым үмітке, Маған сенсең, бой алдырма күдікке!? Кеше кеткен уақытты қуамын, Мініп алып, өлең атты – Күлікке!
Боз даланың өңі қашып, шаң басты, Заман ұлып, боталы інген боздасты. Тырналардың соңындағы қобыз мұң, Домбыраның шанағына алмасты.
Күн мейірлі. Қара тастан май ақты, Бейпіл сөзден қауырсын мұң, қанатты. Оқ маздатқан сақ пен ғұнның ізімін, Қаламұшпен атып алдым манатты...
Таудан жиі көретінмін мүсінді, (Садағы бар бейне адам пішінді.) Етегі жоқ заманға айтып не қылам, Түлкі аңның боғы сынды түсімді.
...Алтын күздің көзі тиіп, жаз өлді, Қамыс толқып, қияқ көкке саз өрді. Көшкен ауыл жұртын сипап қалғандай, Жамау көңіл, сағыныштан наз емді...
Тамыз тозып, естіледі күз үні, Жоннан үрікті, жаз жайлаудың қызығы. Тозған сайын әжем жамап қоятын, Көңілде бір киіз үйдің үзігі...
29.07.2011 ж. Астана
Ербол Бейілхан
Азаяды-ау, жас ұлғайып, мәз күнім, Бір иығын күзге аударды жаз бүгін. Тамыршыдай, таразы уақыт өлшеді, Адамдар көп, адал достың аздығын.
Аспан мынау шәйі көрпе бүркенген, Ақбас шыңға, ақбура бұлт сүйкенген. Түн етегін қымтап алып қашқанда, Қол бұлғаған сені көрем үркерден.
Самал желге тербеледі тобылғы, Таң асырдым көңіл деген торымды. Аллам көкте, сен асқақтау болған соң, Аспан жаққа созып тұрмын қолымды...
22.07.2011ж. Астана
Ербол Бейілхан
Күзгі қолтаңба Жабағы өмір, арқан түсіп күзелді, Ақ жусанға қырау қонып, сыз өрді. Жыл ұлдары бақталасып қалды да, Қайтқан құстың қанатында күз өлді.
Күзді көміп... жыл құстарын ұзатып, Шөпті сүйіп, жерге сіңді бұла шық. Керуендей қаздар қайтіп барады, Қанатынан сар сағыныш құлатып.
Уақыт-ай, сарғайтатын гүліңді, Менің Гүлім, болса екен ғұмырлы. Тізбектелген тырналардың үнінен , Жанымның бір жапырағы үзілді...
Құс келетін сағынамын көктемді, Өмір – cұрақ, леп, үтір, көп белгі... Оқыған жан қолтаңбамнан танитын, Мен өлеңге қоям дара нүктемді.
03.08.2011 ж.
Ербол Бейілхан
Төбемнен қоймады Ай сырғанауын, Бірде мен, ернін сүйдім туған айдың... Сезімді ақша бұлтқа қонақтатып, Дауысынан хат оқимын тырналардың.
Көгімнен, төңкеріліп күн төнеді, Күн ұялды. Қара бұлт бүркеп еді. Көлеңке таудың басын жетекке алып, Қарашыққа қаптаған ұйқы енеді.
Барады көкті тіліп, қыран ұшып, Қыс – жігіт, көктем қызбен тұр алысып. Су жұқпас кейбір беттің жылтырын-ай, Таяз өзен барады құрақ ұшып...
Тұнықтың бойламайсың, тереңіне, Талдың басы жетпейді терегіңе!? Жаралы діл мен рух шырылдайды, Қаралы бодандықтың көгенін де...
Өмір – түлкі қашады құйрығымен, Көңіл – тазы қуады жүйрігімен. Өсек итке қаптырмай балағымнан, Шауып өттім, қарамай тұйғыныммен.
05.05.2011 ж. Астана.
Ербол Бейілхан
Құлын жастық
Ермен аңқып, іргесінен хош кірген, Жотасы жон, асқар тауы көк тілген. Шаңырақтан жұлдыздармен сырласып, Ай жастанып, киіз үйде өстім Мен.
Мамық бұлттан жабушы едім көрпемді, Асу белге тірейтінмін желкемді. Көкбөрі ұлып, шолпан туа көз ілсем, Құстар дауысы оятатын ертеңгі.
Рауанды таңмен талас тұрасың, Бабалардың жалғастырып мұрасын. Үйір жылқы, шұрқыраған жас құлын, Қанаттанып, бие бауға қуасың.
Тарихымды оқитынмын тасымнан, Түндерім-ай, Ай бұтаққа асылған. Әжелерім өре тола құрт жайып, Саба-саба сары қымыз сапырған.
Қартқа сақтап қазы-қарта, жаясын, Ашамайға мінгізетін баласын. Сол ауылды, ерке өмірді сағынам, Қозы бағып, қой қосақтап сауатын.
Қайтқан құстың қанатында жыл шұбап, Құйын – дүние, барасыңба бұрқырап. Құса болып, там үйлерден оянам, Құлын жастық, желі бауда шұрқырап...
02.08.2011 ж
Ербол Бейілхан
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |