ылмыстық құқықтың міндеттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ылмыстық құқықтың міндеттері

Поиск

Глоссарий (терминдер): қылмыстық құқық, қылмыс, қылмыс құрамы, қылмыс санаттары, қасақаналық, абайсыздық, қажетті қорғану, аса қажеттілік, жаза, және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

28. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

29. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

30. Қажетті қортындылардың жасалуы

31. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

32. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

1. Қылмыстық құқықтың міндеттері

2. Қылмыстық заңның кеңістіктегі шегі

3. Жаза түрлері

4. Жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері

5. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар

6. Әскери қылмыстар

7. Экологиялық қылмыстар

8. Адамның және азаматың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

9.  Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

10.  Көліктегі қылмыстар

№2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

· Рәсімдеу сапасы

· Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:Тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларымен жұмыс жасайсыз.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде терминдерге байланысты сөз жұмбақ құрастырыңыз.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Алматы, 1998.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2000.

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 1998.

4. Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару кодексі. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алауов Е. Қылмысқа тосқауыл. Алматы, 1997.
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: жалпы бөлімі. Алматы, 1999.
  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: ерекше бөлім. Алматы, 2000.
  4. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлімі. Алматы, 2001.
  5. Биебаева А.Ә. Әрекеттің мән-жайларын жоятын кейбір түрлері. Қарағанды, 2003.
  6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Алматы, 2001.
  7. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.
  8. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Астана, 2001.
  9. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы: Баспа, 1998.
  10. Төлеубекова Б.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

 

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

    1. Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдарын сипаттаңыз.
    2. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
    3. Қылмыс дегеніміз не және оның белгілері қандай?
    4. Қылмыстың санаттарын атаңыз.
    5. Жаза дегеніміз не және оның түрлері.
    6. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды сипаттаңыз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)