Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тақырып 2. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер
Сұрақнама:
- Құқық түсінігі, белгілері және мәні.
- Нормативті реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.
- Құқық нормасы түсінігі, белгілері және түрлері.
- Құқық шығармашылық түсінігі, сатылары.
- Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық органдарына сипаттама.
- Құқықтық қатынас түсінігі, құрамы.
- Құқықтық сана және мәдениет.
Тапсырмалар:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен лауазымды тұлғалардың құқықтық мәдениеттілігінің деңгейі туралы ой толғау.
- Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы,1998.
2. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» 24 наурыз 1998 // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1998. №3, өзгерістері мен толықтыруларымен қоса.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
2. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.
3. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.
4. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде құқықтың негізгі түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Құқық мәні, тектері, нормалар тәріздес құқықтық құбылыстарға қатысты өзіндік ой қорыта отырып тұжырымдар жасай білу керек. Құқықшығармашылық мәселесін қарастырғанда басты назарды Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне аудару қажет. Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық органдарының әрекетіне заңға сүйене отырып баға беру керек.
|