Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІСодержание книги
Поиск на нашем сайте Азаматтық құқық жүйесі Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құкықтық нормалардың жиынтығын камтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құкыктық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның кұрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн. Ішкі салалардың "жалпы бөлімі" мен "жалпы ережелерін" бір-бірінен бөліп карау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле койған жоқ. Аталған саланың "жалпы бөлімі" жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың "жалпы ережелерінде" мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі. Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар", "Интеллектуалдық меншік құкығы", "Мұрагерлік кұқығы", "Халықаралық жеке құқық", осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін "Жалпы ережесі" болады. Оның әркайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді. Қазакстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. 1. Жалпы бөлім: І-бөлім. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап кою мерзімі). ІІ-бөлім. "Меншік құқығы және өзге де заттық құкықтар" (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылык жүргізу құқығы; оралымды басқару құкығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік); меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқығы және өзге де заттық құқыктардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құкықтарды қорғау). III-бөлім. "Міндеттемелік құқық" (І-бөлімше: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені тоқтату. II-бөлімше: "Шарт туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу). Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды: IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу — сату; айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік кызмет көрсету; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер. V-бөлім. "Интеллектуалдық меншік құқығы" (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнер-табысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары). VІ-бөлім. "Мұрагерлік құқық" (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу). VІІ-бөлім. "Халықаралық жеке құқық" (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар). Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құкықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар. Оның біріншісі бүкіл кұқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы бөлімдері қайталаудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық заңдары колданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарында бар.
СӨЖ тапсырмасы: №1 СӨЖ: Реферат Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады. Рефератты бағалау критерийлері: 4. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы 5. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі 6. Қажетті қортындылардың жасалуы 7. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы 8. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі №2 СӨЖ: Глоссарий Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз. СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері · Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру · Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру · Рәсімдеу сапасы · Сауатты талқылау СОӨЖ тапсырмасы: ҚР пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде Кодекс алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз. Үй тапсырмасы: Азаматтық құқықтағы мәміленің түсінігін және түрлерін ашу Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде тест құрастырыңыз. Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998. 2. М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж. 3. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин «Гражданское право». Алматы, 2000г. 4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.30 тамыз, 1995 жыл. 5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан, Ерекше бөлім 1999 жылы 1 шілде. Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары: 1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 2. Мәміленің ұғымы, түрлері 3. Меншік құқығы 4.Мұра және мұрагерлік құқық
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |