АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Поиск

Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс- бірнеше мемлекеттерді , құқықтарды салысмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдістермен зерттеу жүргізу.

Математикалық әдіс – ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы зерттеулердің әдіс- тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

· Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

· Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

· Қажетті қортындылардың жасалуы

· Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

· Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

Реферат тақырыптары:

1.Мемлекеттің басқару нысаны: ұғымы мен түрлері.

2.ҚР-ның мемлекеттік басқару нысаны.

3.ҚР-да қазіргі мемлекеттік басқару нысанының дамуы.

4.Мемлекет типі мен нысанының ара-қатынасы.

5.Бір типтегі мемлекет шегінде басқару нысанының көптүрлілігі. 

6.Ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік - аумақтық құрылымның нысандары.

7.Федеративті құрылым.

8.Саяси-режим: ұғымы мен түрлері.

9.Демократиялық тоталитарлық авторитарлық режим

10.Қазіргі Қазақстанның саяси режимі.

11.Монархиялық басқарудың ұғымы.

12.Республикалық басқарудың ұғымы.

13.Қазіргі мемлекеттік құрылым.

14.Біртұтас мемлекет: оның негзгі элементтері.

№2 СӨЖ: Глоссарий

 Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

       СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

· Рәсімдеу сапасы

· Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Осы пәннің түсінігі мен пәнін ажырата білу, әдістерін толық көрсету.

Үй тапсырмасы:

Мемлекеттердің басқару нысанына, құрылым нысанына салыстырмалы схема құру.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

2. Малько А.В. Теория государства и права

3. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы

4. Ибраева   Мемлекет және құқық теориясы

5. Алексеев С.С. Теория государства и права

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекет және құқық теориясының пән ретіндегі негізгі түсініктердің жүйесі.
  2. Мемлекет және құқық теориясының құрылымы.
  3. Мемлекеттің ұғымы.
  4. Мемлекеттің типологиясы.
  5. Мемлекеттің белгілері.
  6. Мемлекеттің мәні.
  7. Мемлекет нысаны ұғымы мен түрлері.
  8. Құқықтың ұғымы, қағидалары;
  9. Құқықтың қызметі:түсінігі мен түрлері;
  10. Құқық және құқықтық жүйе.
  11. Құқықтық сана мен мәдениеттің ұғымы.
  12. Құқықтық сана мен құқықтың өзара байланысы.
  13. Құқықтық сана мен мәдениеттің құрылымы.


Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)