Тақырып 5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары.
Сұрақнама:
- Мемлекеттік орган түсінігі және жіктелу негіздері.
- Қазақстан Республикасындағы заң шығару билігі.
- Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарына сипаттама.
- Қазақстан Республикасы сот билігі органдары.
- Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.
- өзге мемлекеттік органдардың құрылу және әрекет ету тәртібі.
Тапсырмалар:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөліну қағидасына сәйкес билік органдарының схемасын қалыптастыру.
2. «Жергілікті атқару билігі органдарының тағайындалмалылығы мен сайланбалылығына көзқарас» тақырыбындағы сөзжарысқа дайындық.
3. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.
3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №12.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.
9. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.
Қосымша әдебиеттер:
- Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.
- Кубеев Е.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы. Қарағанды, Болашақ-баспа, 1998.
- Нәрікбаев М. ¦лы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін. Алматы: Атамұра, 1999.
- Президент және Парламент. Алматы; Атамұра, 2000.
- Сартаев С.С. ҚР билікті бөлу және оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.
Әдістемелік нұсқаулар:
Мемлекеттік билік органдарының құрылу және әрекет ету тәртібін нақты анықтау үшін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нормативті-құқықтық актілермен танысу және оларды терең зерделеу қажеттілігі бар. Аталған актілерді білу Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдарының өкілеттігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз алдына студенттердің қоғамдық өмірде дұрыс бағыт алуына жол салады.
|