Дәрiстің тақырыптық жоспары
Дәрiстің тақырыптық жоспары
№
Тақырыптың атауы
Сабақтардың мақсаты мен міндеті
Проблемалық сұрақтар
Мемлекет және құқық теориясы негіздері.
2 сағат.
Мақсаты: Мемлекет және құқықтың пайда болуымен, мемлекет ұғымымен және құқық жүйесімен студенттерді таныстыру.
Міндеті: Мемлекет және құқықтың пайда болу себептерін, мемлекет нысанына әсер ететін факторларды анықтау, құқық салаларын, құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін қарастыру.
1. Мемлекеттің негізгі ұғымдары, функциялары және нысаны
2. Мемлекет және құқықтың пайда болуының теориялары
3.Құқықтың негізгі ұғымдары, қайнар көздері, қағидалары, функциясы.
4. Құқық жүйесі ұғымы және құқықтық жүйелер
Конституциялық құқық негіздері
2 сағат.
Мақсаты: Конституциялық құқық негіздерін студенттерге таныстыру
Міндеті: Конституцияның ұғымы мен мәнін ашу, Қазақстанның конституциялық дамуының сатыларын көрсету, адам құқықтары мен азаматтық мәселелері бойынша ақпарат беру, жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жүйесін қарастыру.
1.Конституциялық құқық түсінігі
2.ҚР 1995 жылғы Конституциясының жалпы сипаттамасы
3.Адамның және азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері
4.Мемлекеттік билік жүйесі
Әкімшілік құқық негіздері
2 сағат.
Мақсаты: Студенттерді әкімшілік құқық негіздерімен таныстыру.
Міндеті: Әкімшлік құқықтық қатынастар және құқық бұзушылықтар түсінігі мен түрлерін қарастыру, Мемлекеттік қызет ұғымы мен мемлекеттік лауазым ұғымын ашу.
1. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні мен әдістері.
2. Әкімшілік құқықтық қатынастар мазмұны мен түрлері.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.
4. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және әкімшілік жазалар
5. Мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидалары
Азаматтық құқық негіздері
2 сағат.
Мақсаты: Студенттерді азаматтық құқық негіздерімен таныстыру.
Міндеті: Азаматтық құқық ұғымын анықтау, азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлерін, субьектілері мен обьектілерінің мазмұнын ашып көрсету.
1. Азаматтық құқық түсінігі, жүйесі.
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, субьектілері мен обьектілері.
3. Мәміленің ұғымы, түрлері
4.Мұра және мұрагерлік құқық
|