Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тақырып 3. Құқық қайнар көздері, құқық жүйесі және заңнама жүйесі туралы білімдер
Сұрақнама:
- Құқық қайнар көздері түсінігі.
- Нормативті-құқықтық акт түсінігі, белгілері, түрлері.
- Прецедент түсінігі, түрлері.
- Әдет-ғұрыптық құқық. Іскерлік ғұрып.
- Нормативті келісім және оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролі.
- Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде.
- Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы сипаттама.
Тапсырмалар:
- Қазақстан Республикасы құқығының негізгі қайнар көздеріне жалпы сипаттама беру.
- Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы:Жеті Жарғы, 1998.
2. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» // Парламент Жаршысы, 1998. №3.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
2. Зивс С.Л. Источники права. Москва, 1981.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: ҚазМЗУ., 1998.
4. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
5. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.
6. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1995.
Әдістемелік нұсқаулар:
Құқық қайнар көздері тақырыбын зерттеу барысында дүние жүзілік құқық теориясында анықталған құқық нысандарының жалпы сипаттамасына тоқтала отырып, Қазақстан Республикасында басым түрде қолданылатын құқық нысаны ретінде нормативті-құқықтық актілерге басты назар аудару қажет. Нормативті актілердің белгілерін қарастырумен бірге, оның негізгі түрлері заңдарға және заңға бағынышты актілерге ерекше тоқтала кету керек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қолданыстағы құқық түсінігін анықтау қажеттігі бар. Сонымен бірге, қазақстандық құқықтың салаларына қысқаша сипаттама берілуі керек.
|