Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері
Глоссарий (терминдер): Отбасы, неке, ерлі-зайыптылар, жалған неке, ортақ меншік, АХАЖ, неке шарты, бала, бала құқығы, қорғаншы, қамқоршы, патронат, суррогат, алимент және т.б.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
18. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
19. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
20. Қажетті қортындылардың жасалуы
21. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
22. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары:
1. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері
2. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
3. Бала құқығы
4. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
5. Қорғаншы және қамқоршы органдардың қызметі
6. Бала асырап алу тәртібі
№2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
· Рәсімдеу сапасы
· Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы:
ҚР Отбасы неке заңын пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде заңды алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Үй тапсырмасы:
Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде терминдерге байланысты сөз жұмбақ құрастырыңыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының заңы «Неке және отбасы туралы». Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
2. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.
Қосымша әдебиеттер:
- Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.
- Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.
- Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы. Жеті Жарғы, 2006.
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
1.Отбасы құқығы ұғымы?
2. Отбасы құқығының жүйесі?
3. Отбасы құқығының қайнар көздері?
4. Неке дегеніміз не?
5. Некеге тұрудың шарттары?
6. Некенің бұзылуы?
7. Некенің тоқтатылуы?
8. Алимент дегеніміз не?
9. Алименттің мөлшері қандай?
|