АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: _Құқық негіздері _________ Кредит саны:__2_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы Қылмыстық құқығының негіздері Факультет_____________
Оқытушы _Спанов А.К.____________ Академиялық жыл_2011/2012________
Курс 1_________________________ Семестр_2_________
1.Дәрістің мақсаты:
Қылмыстық құқық пәні, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.
2. Жоспары:
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, қайнар көздері, жүйесі
2. Қылмыстың ұғымы, құрамы
3. Жазаның мақсаты және түрлері
4. Жазадан босатудың негіздері
3. Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қылмыстылықты және іс-әрекеттердің жазалылығын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, жаза жүйесін, оны тағайындау тәртібі мен шарттарын, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату негіздерін анықтайтын, мемлекеттік жоғары органдарымен бекітілген заңдық нормалар жинағы қылмыстық құқық деп аталады.
Қылмыстық құқық пәніне қылмыстың жасалуымен байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстылықты, қылмыстың жасалуына заңдық тиым салу мен олардың жазалылығын анықтаудан тұрады.
Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім – бұл қылмыстық заңдылық пен оның қағидалары, қылмыстық жауапкершілік негіздері, қылмыстық заңның кеңістіктегі, уақыттағы, тұлғалар шеңберіндегі әрекетін анықтайтын, қылмыс түсінігі мен категорияларын, кінә нысанын, қылмыстық құқықтық жас мөлшерін, қылмысты жоққа шығаратын мән – жайларды, қылмысқа қатысуды, жаза мақсаттары мен түрлерін, олардың тағайындалу тәртібі мен мазмұнын, жауапкершіліктен босату негіздерін, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жазасының ерекшеліктерін көрсететін бөлім.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс түрлері мен олардың жазалары, істеуші тұлғалар көрсетілген.
Қылмыстық құқық мынадай қағидаларға сүйенеді: заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі, кінә үшін жауаптылық, әділеттік пен гуманизм.
Қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болып қылмыстық заң табылады. Тек қана қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қылмыстылығын және жазалануын тағайындайды. ҚР – да қылмыстық заңды ҚР қылмыстық Кодексі құрайды. Жаңа қылмыстық заңдар қылмыстық Кодекске қосылуға жатады.
Қылмыс дегеніміз жазалаумен ескертілген, ҚР ҚК – мен тиым салынған, қоғамға аса қауіпті іс - әрекет. Іс - әрекетті қылмыс деп тану үшін оның мынадай белгілері болуы қажет:
а) қоғамға аса қауіптілігі;
ә) қылмыстың құқыққа қайшылығы;
б) кінәлілік;
в) жазалауға жататындығы.
Қылмыстар әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты сарапталады. Қылмыстарды сараптау – бұл қоғамға аса қауіпті іс - әрекеттерді олардың мәнді белгілеріне байланысты өзара байланысқан топтарға бөлу. Ол қоғамға аса қауіптііс - әрекеттердің қоғамға қауіптілік сипаты мен деңгейіне байланысты бөлінеді.
Қоғамға қауіптілік сипаты – бұл іс - әрекет қол сұғатын қоғамдық қатынастың маңыздылығы мен қылмысты жасау әдісі бойынша анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.
Қоғамға қауіптілік деңгейі – бұл жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән – жайларды есепке ала отырып анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.
Бұларға байланысты қылмыстар төрт категорияға бөлінеді:
1) жеңіл қылмыстар – қасақана жасалған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылатын қылмыстар;
2) орташа ауырлықтағы қылмыстар – 2 - 5 жыл;
3) ауыр қылмыстар – 5 – 12 жылға дейін;
4) аса ауыр қылмыстар – 12 жылдан көп және өлім жазасы қарастырылған қылмыстар.
Осында көрсетілген алғашқы үш категорияда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, соңғысында 14 жастан бастап қарастырылған.
Студенттер ҚР қылмыстық заңдылығы ережелері туралы толық мәліметті 1998 жылдың 1- қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР қылмыстық кодексінен және «Қылмыстық құқық » курсы бойынша арнайы әдебиеттерден таныса алады.
|