АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Поиск

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: _Құқық негіздері _________                             Кредит саны:__2_________

 

Дәріс № ______                                                              Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

 

Дәріс тақырыбы Экологиялық құқығының негіздері   Факультет_____________

Оқытушы _Спанов А.К.____________                 Академиялық жыл_2011/2012________

Курс 1_________________________                            Семестр_2_________

1. Дәрістің мақсаты: Экологиялық құқық пәні, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

2. Жоспары:

1. Экологиялық құқық ұғымы, құқықтың қайнар көздері

2. Экологиялық құқық қағидалары және жүйесі

3. Экологиялық мәселелер.

4. Экологиялық жауаптылықтың түрлері

5. Жер құқығының пәні, жүйесі, қағидалары

3.Дәрістің қысқаша мазмұны:

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. Экалогия тірі организмдер мен коршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаган орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиын-тығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экология-лық кауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экалогиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мудделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаган ортаны қоргау — табиғат пен адамның озара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағыт-талған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаган ортаның ластауы — коршаған ортаға ықтимал кауіпті химиялык және биологиялык затгардың, радиоактивті материал-дардың, өңдіріс пен тұтыну калдықтарының түсуі, сондай-ак қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адам-заттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайда-лану талап етіледі. Ал табигатты пайдалану дегеніміз адамнын шаруашылық және озге де қызметінде табиғи ресурстарды пай-далануы. Табиги ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін коршаған ортанын шаруашылық және езге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

Экологиялық кұқыктық нысаны (объектісі) қоғам мен таби-ғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдык қаты-настар. Экологиялык құқықтын окытатын пәні: 1) қоршаған та-биғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, занды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялык құқықтары мен мүдделерін корғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялык кұқыктық әдістер дегеніміз нақгы бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалык және теориялык жағынан игерудің амал-айлаларының жиын-тығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдар-дың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-қщықтық және аза-маттық-қуқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер эко-логиялық құқық саласында да пайдаланылады.

Әкімшілік-қуқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушы-лар қатынасынан туындайды (бастық, директор және бағыныш-тылар, полиция және кұқык бұзушы).

Азаматтық-қуқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъекті-лерінің заң алдында езара тендігіне негізделген (экологиялык құқык бұзғаны үшін жеке және занды тұлғалардың тең жауап-тылығы). Сонымен бірге императивтіжәне диспозитивтіәдістер қолданылады. Императивті экологиялық құқьіктық катынастар-дын субъектілерінің кұзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспози-тивтік әдіс ол экологиялық кұқыктық қатынастардың субъекті-лері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амаддардың негізінде әрекет жасауы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)