Р экологиялық құқықтың қалыптасу тарихы
Глоссарий (терминдер): экология, қоршаған орта, табиғи ресурстар, экомәселелер, жер, жер пайдалану құқығы, жерге билік ету құқығы, сервитут, кондоминиум және т.б.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
23. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
24. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
25. Қажетті қортындылардың жасалуы
26. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
27. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары:
1. ҚР экологиялық құқықтың қалыптасу тарихы
2. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі
3. Адам және азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы
4. Экологиялық сараптама
5. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал)
6. Климаттың өзгеруі - жаһандық мәселелердің бірі
7. Экологиялық жауаптылық түрлері
8. Жер ресурстары
№2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
· Рәсімдеу сапасы
· Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы:Тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларымен жұмыс жасайсыз және берілген есепті шығарасыз.
Үй тапсырмасы:
Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде терминдерге байланысты сөз жұмбақ құрастырыңыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
3. Қазақстан Республикасының заңы Орман Кодексі. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Қазақстан Республикасының заңы Су кодексі. Алматы: Жеті Жарғы, 1995.
5. Қазақстан Республикасының заңы «Жер туралы». Алматы: Юрист, 2002.
6. Қазақстан Республикасының заңы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы».Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
Қосымша әдебиеттер:
1. Алимбаев Т.А. Экологические проблемы Казахстана. Караганда, 1999
2. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. Алматы: Юрист, 2001.
3. Баешов А., Дәрібаев А.Е., Шакиров Б.С. Экология негіздері. А., 2000.
4. Байдельдинов Д.Л., Куратов С.Г. Правовые проблемы реформирования экологического законодательства Республики Казахстан. А.,1998
5. Ержанов. Современные проблемы экологии Центрального Казахстана. Караганда,1998
6. Сагимбаев Г.К. Экология және экономика. А., 1997.
7. Сағымбаев Ғ. А. Экология негіздері. Алматы, 1995.
8. Лаптев Н.Д. Экологические проблемы: социально-политические и идеологические аспекты. М., 1992
9. Тонкопин М.С. Экономика природопользования. М., 1998
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
1. Экология құқығы пәні нені оқытады?
2. Жаһандық экологиялық мәселерді атаңыз.
3. Ұлттық экологиялық мәселерді атаңыз?
4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы жауаптылықтың түрлері.
5. Жер құқығы пәнінің негізгі ұғымдарын атаңыз.
|