аржылық бақылау ұғымы мен түрлері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

аржылық бақылау ұғымы мен түрлері.

Поиск

Глоссарий (терминдер): қаржы, қаржылық бақылау, несие, қаржыландыру, алым, баж, бюджет, бюджет үрдісі, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, жергілікті бюджет, облыстық бюджет, аудан бюджеті, Ұлттық қор, мемлекеттік қазына, салық, төлемақы, инвестиция, жеке инвестиция, халықаралық инвестиция, ұлттық инвестиция және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

· Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

· Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

· Қажетті қортындылардың жасалуы

· Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

· Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

1. Қаржы құқығы ұғымы.

2. Қаржылық бақылау ұғымы мен түрлері.

3. ҚР бюджет жүйесі

4. Бюджеттің ұғымы, түрлері

5. ҚР инвестицияларды мемлекеттік қолдау

6. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

№2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

· Рәсімдеу сапасы

· Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:Тақырыпқа байланысты тест құрастырыңыз.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде терминдерге байланысты сөз жұмбақ құрастырыңыз.

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995.

2. «ҚР Ұлттық банкі туралы» және «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығы.

3. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР заңы. Егемен Қазақстан, 1996 жыл, 27 желтоқсан.

4. «Мемлекеттік баж туралы» 1996 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР заңы. 1997, 11 қаңтар.

Әдебиеттер:

  1. Худяков А. Финансовое право РК (Общая часть). Алматы, 1995.
  2. Основы государства и права. Под. Ред. С.А. Комарова. М., 1996, с.235-245.
  3. Основы государства и права РК. Под. ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, 1997.
  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.
  5. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.
  6. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы. Жеті Жарғы, 2006.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1. Қаржы құқығының пәнін, әдістерін атаңыз.

2. Бюджеттің құрылымын сипаттаңыз.

3. ҚР Ұлттық қоры туралы не білесіз?

4. Салық пен алымның қандай түрлері бар?

5. Инвестиция ұғымын және түрлерін көрсетіңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)