Тақырып 9 Еңбек құқығы негіздері
Сұрақнама:
- Еңбек құқығының пәні және әдістері. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- Жеке және ұжымдық еңбек шарты: жасалу және тоқтатылу тәртібіі.
- Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
- Еңбекке ақы төлеу.
- Еңбек тәртібі түсінігі және тәртіпшілік шараларының түрлері.
- Еңбекті қорғау
- Еңбек даулары.
- Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері.
Тапсырмалар:
- Заң актілерінің талаптарын ескере отырып жеке еңбек шартының жобасын дайындау.
- Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.
2. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы». Алматы, 2002.
3. Қазақстан Республикасының заңы «Еңбекті қорғау туралы» 22 қаңтар 1993 жыл // Егемен Қазақстан, 25 ақпан 1993 жыл.
4. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.
5. Қазақстан Республикасының заңы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Алматы:Жеті Жарғы, 1996.
Қосымша әдебиеттер:
1. Айымханова Н.М. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2002.
2. Абуярова Н.А. Еңбек құқығы. Алматы:Юрист, 2002.
3. Қағазов О. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2000.
4. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Алматы: Дәнекер, 1999.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде еңбек шартының негізгі түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Еңбек уақыты және демалыс уақытының жұмыскерлердің әртүрлі категорияларына байланысты ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Көрсетілген нормативті актілерді міндетті түрде оқып-зерттеу қажет.
Тақырып 10. Отбасылық құқық негіздері
Сұрақнама:
- Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері және отбасы заңдары.
- Некеге отырудың тәртібі мен шарттары.
- Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері.
- Некені тоқтату.
- Ата-ана мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.
- Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.
Тапсырмалар:
- Неке шартының түсінігін анықтау және оған деген көзқарастар туралы ой қорыту.
- Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудегі қоғамның ролі туралы пікір өрбіту.
- Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының заңы «Неке және отбасы туралы». Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
2. Қазақстан Республикасының заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. Алматы, 1994.
4. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Ерекше бөлімі. Алматы: Юрист, 2002.
5. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.
Қосымша әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мем лекет және құқық негіздері. Алматы:Жеті Жарғы, 2001.
2. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.
3. Тұрғын үй кооперативтерін қалай ұйымдастыруға болады: Құжаттар жинағы. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабағына дайындалу барысында «Неке және отбасы туралы» заңға тереңірек тоқталу қажет. Заң нормаларына сүйене отырып неке шарты түсінігін анықтау, неке жасын белгілеу, жұбайлар арасындағы құқықтар мен міндеттер, ата-ана мен баланың өзара құқықтары мен міндеттері көлеміне назар аудару керек.
|