Жалпы теорияның әдісі, оның мазмұны.
Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми- методологияның негізі- материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми, зерттеу әдіс- тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория мен методика. Теория- ғылым нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Метод – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? –деген сұраққа жауап береді. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі.
Материализм – философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеолизмге қарама-қайшы ғылыми философиялық бағыт.
Диалектика – табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі заңдылықтардың, қажеттігін қарама - қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
Жекелік ғылыми – зерттеу әдіс – тәсілдерінің түрлері: жүйелік , функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру теңестіру т.б.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы,жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.
Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактлеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.
Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап сол арқылы істің мазмұнын , көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.
Социологиялық тәсіл - жүйелік функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілетін зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
|