Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тақырып 4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
Сұрақнама:
- Конституциялық құқық түсінігі, зерттеу пәні және әдістері.
- Конституция түсінігі, заңдық қасиеттері және түрлері.
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- Тұлғаның құқықтық мәртебесінің түсінігі. Азаматтық.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері.
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы.
- Мемлекеттік биліктің жүйесі.
Тапсырмалар:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына жалпы сипаттама беру.
- Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктеріне тоқталу.
- Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.
Негізгі әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы,1998.
- Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
8. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.
- Қазақстан Республикасының заңы «Азаматтық туралы» 20 желтоқсан 1991 жыл // Егемен Қазақстан, 1992. 8 қаңтар.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
Қосымша әдебиеттер:
- Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Астана: Фолиант, 2001.
- Кубеев Е.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы. Қарағанды, Болашақ-баспа, 1998.
- Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы: схемалы альбом / Құрастырғандар: В.В. Мамонов, С.А. Табанов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
- Қопабаев ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
- Масатов Б. Құқықтық демократия әліппесі. Алматы:Жеті Жарғы, 2000.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын мәселе Конституция түсінігі мен оның негізгі белгілері және конституциялық нормалар арқылы реттелінуге тиісті қоғамдық қатынастар болып табылады. Аталған мәселенің теориялық негіздерін ашып қарастырумен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына (өзгерістері мен толықтыруларымен қоса) шолу жасаған дұрыс. Ата Заң бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жүйесі және азаматтардың конституциялық міндеттері мәселесі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оларды жүзеге асыру механизміне және саяси-құқықтық кепілдіктеріне де тоқталу керек.
|