ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ БӨЛІМДЕРІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ БӨЛІМДЕРІ

Поиск

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Ұлтық құқық жоғарғы мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

КЕЛІСІЛГЕН                                       БЕКІТЕМІН

Мемлекет және құқық теориясы        Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің

мен тарихы кафедрасының              проректор-директоры з.ғ.к., профессор

меңгерушісі з.ғ.к., доцент                 Қ.Қ.Сейтенов

У.Ш.Шапақ                                                     «___24___» ____08_____20011 ж.

 «___23__» _____08_________ 2011 ж.             

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 (syllabus)

ПӘННІҢ АТАУЫ  «_Құқық негіздері»

Мамандығы 5В050100- «әлеуметтану», 5В050300 «Психология», 5В090200 «Туризм», 5В090500 «әлеуметтік жұмыс», 5В020700 «аударма ісі», 5В050900 «қаржы», 5В050800 «есеп және аудит», 5В050600 «Экономика», 5В050700 «Менеджмент»,

Оқу нысаны __күндізгі___________________________________

                 (күндізгі, сырттай, қысқартылған, қашықтықтан )

Барлығы __2__ кредит

Курс __2____                                              Семестр __2______

Дәріс _20_____ сағат                                                                           

Семинар_10___ сағат                                                  

АБ саны __2___

СОӨЖ __15__ сағат                

СӨЖ __60___ сағат                                                            

Емтихан  __2__ семестр          Еңбек көлемі __105__ сағат

 

                                      А С Т А Н А – 2011

Оқу-әдістемелік кешенді мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.К.Спанов дайындады.

Типтік бағдарламаға негізделген

 

 

Оқу-әдістемелік кешен мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының отырысында талқыланды

 

« »                      2011 ж. Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі                                           У.Ш.Шапақ

 

Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің  әдістемелік кеңесінде мақұлданды

 

Хаттама       « »                                       2011 ж.

 

 

ОӘК мәжілісінде бекітілді.

 

 

Хаттама 1  « »                                       2011 ж.


МАЗМҰНЫ:

 

бет

Жұмыс оқу бағдарламасы

 

Оқытушы туралы мәліметтер

 

Курстың пререквизиттері

 

Курстың постреквизиттері

 

Пәннің жалпы сипаттамасы

 

Пән бойынша дәріс кестесі

 

Пән бойынша семинар кестесі

 

Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі

 

Пән бойынша СӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

 

Емтихан сұрақтары

 

Глоссарий

 

Бағалау туралы мәліметтер

 

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, электронды оқулықтар, электронды дәріс конспектілері және т.б.)

 

Таратып берілетін материалдар

 

Студенттің білімін бағалайтын тапсырмалар (жазбаша бақылау тапсырмасы, тест тапсырмалары, реферат тақырыптары және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы туралы мәліметтер:

 

Спанов Айбек Кабылбекович -аға оқытушы.

 

Курстың пререквизиттері:

 

Аталған курсты оқыту бастағанға дейін білімгерлер алдын ала білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кіреді.

Курстың постреквизиттері:

    Құқық негіздерін оқыту аяқталғаннан кейін экономика мамандығы студенттеріне «Шаруашылық құқығын» оқып-үйрену қажет. Бұл курс азаматтар мен заңды тұлғалар жүзеге асыратын кәсіпкерлік және өзге әрекет барысында пайда болатын тауар-ақша және мүліктік қатынастар аймағындағы құқықтық білімдерді дамытуға бағытталған.

    Құқық негіздері мен Шаруашылық құқығын оқып үйренген экономика мамандығының студенттері олардың болашақ кәсіби әрекетінде қажетті болуы мүмкін Қаржы құқығы, Салық құқығы, Бюджет құқығы, Банк құқығы, Кеден құқығы, Муниципалды құқық тәріздес құқық салаларын, оқу пәні мен арнаулы курстарды және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып-үйренген абзал.

Пәннің жалпы сипаттамасы:

«Құқық негіздері» оқу курсы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.

Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің үздіксіз барысы болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар негізделеді және қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Негізгі нормалар мен принциптерді білу қазіргі құқықтың негізгі салаларында бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.

«Құқық негіздері» пәнін оқып үйренудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.

Курсты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын түсіну, мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді. Заңдық жауапкершіліктің мақсаты, міндеттері және түрлері туралы көзқарастарды қалыптастыру да курс міндетінің бір бөлігін құрайды.

Курсты оқытқаннан кейін күтілетін нәтижелер:

- құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну,

- қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену,

- құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі,

- нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,

- құқық нормасын позитивті қабылдау.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.01 с.)