Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».
Картотека №6
Бақылау:Ауа-райын бақылау.
Мақсаты:Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.
Еңбек: «Таза алаң».
Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».
Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.
Е.Өтетілеуов. «Күшік».
Үреді үйшікте
Аулада күшіктер
Біреуі оның қап-қара,
Біреуі сары ала
Біреуі қардай ақ,
Біреуі сұр жолақ
Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:
Үреді абалап
Ойын:«Қасқыр мен қаздар».
Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.
Қимылдық ойын:«Тымпи-тымпи».
Картотека № 14
Бақылау:Күнді бақылау.
Мақсаты:Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. Еңбек: «Қыс қызығы».
Мақсаты:Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Мақсаты:Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-
рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қимылды ойын: «Айгөлек».
Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшан-
дыққа , ептілікке баулу.
Вариативті
компонент
14.15
14.45
«Қызықты математика»
Тақырыбы: 10 санымен таныстыру.10-ның сандық құрамы
«Кім көп біледі?» ойыны
«Орнын тап!» ойыны
Мақсаты: 10 санының пайда болуын түсіндіру. Оның цифрымен және сандық құрамымен таныстыру. Екі таңбалы сан туралы түсінік беру.
«Жаратылыстану пәні терминдері»
Дыбыс қайдан шығады?
Мақсаты: Дыбыс шығаратын табиғат құбылыстарын білу,табиғат құбылыстарының пайдасы мен зиянын айтуӘдіс-тәсіл:
Ата және сипатта ойыны Үш тілдік:
Дыбыс
Звук
sound
«Ана тілім – дара тілім»
Тақырыбы: Наурыз көже [З з дыбысы мен әріпі]
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. [З з дыбысы мен әріпі] Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төмен сызығын сақтап,әріп элементтерін жазу.
|