Кәсіпкерлікті қолдау шаралары.
33. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты– экономиканың шикізат секторында өңірлік кәсіпкерліктің теңгерілген және тұрақты өсімін қамтамасыз ету, сонымен қатар әрекет ететін тұрақты жұмыс орындарын құру және сақтау болып табылады.
«Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламаның операторы болып табылады
Бағдарламаның бағыты:
1.Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
- Жаңа өндірістерді іске асыруға және әрекет ететін өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау.
- Жобаларды іске асыруға бағытталған банк несиелерін біртіндеп кепілдеу.
- Өндірістік инфрақұрылымдарды (индустриялық) дамыту.
2. Кәсіпкерлік секторды жақсарту
- Банктерде бар несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау.
- төлемақы өсімін есептемей (ЖТС басқа) салық төлемдеріне мерзім беру.
3. кәсіпкерлердің валюталық қауіптерін азайту
- Сәйкес қаржылық жылда ақша қаражатының жалпы көлемінен 10 % кем емес мөлшерде валюталық қаражаттары бар кәсіпорындардың несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялау.
4. Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру
- Бастаушы кәсіпкерлерді қолдау (жобаларын бастау).
- Әрекет ететін бизнестің жүргізілуін сервистік қолдау.
- «Назарбаев Университеті» АҚ базасында ШОБ топ-менеджменттерін оқыту.
- «Іскери байланыстар» жобасы.
34.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері :жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) мен заңды тұлғалар (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) болып табылады.
Жеке кәсіпкерлер – бұл заңнамада белгіленген тәртіппен, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын тұлғалар. Жеке кәсіпкерлер барлық міндеттемелер бойынша толық мүліктік жауапкершілігімен сипатталады.
Заңды тұлға – бұл жеке мүлікті иеленген, өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленетін, арбитраждық сотта талапкер және жауапкер болып әрекет ететін ұйым.
Барлық заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.
Коммерциялық ұйымдар қызметі пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар болып табылады. Ал пайда алудың мұндай мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қайырымдылық және басқа қорлар жатады.
35.Кәсіпкерлер үшін IT.
Жастар кәсіпкерлігі - Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудың басымдылық бағыттарының бірі болып табылады. Және де кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастарды ынталандырудың әртүрлі құралдары жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейлеріндегі көптеген бағдарламаларында енгізілген. «Даму» Қоры өз кезегінде жас кәсіпкерлерге «Қазақстанның жол картасы» бағдарламасының, «Даму start-up» жас кәсіпкерлерді несиелендіру бағдарламасының, кепілдемелік қаржыландыру бағдарламасының щеңберіндегі кепілдемемен және субсидиялаумен қолдануды ұсынады.
Бұдан басқа, бүгінде IT-технология - бизнесті бастау үшін нағыз перспективасы бар сала. Өйткені адамзат өміріндегі қай саласы (жұмыс, жанұя, білім алу, қызмет көрсету секторы, демалу және т.б.) болмасын ақпараттық технологиялардың жаңа енгізілімдері көрінуде, бүгінгі таңда IT-сыз өмірді елестету күннен күнге қиынға соқпақ. Ақпараттық технологияның ынталы өскелең әлеуеті - өндірістік саладағы шығындардың екпінді қысқартылуын қамтамасыз етеді, өмір деңгейін жақсартып, жеңілдетуге көмектеседі және адамдар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды қамтамасыз етеді.
36 Хостинг және домендік атау Хостинг(англ. hosting) — үнемі желіде болатын серверге ақпарат орналастыратын қызмет. Егер, домен сайттың атауы мен мекен-жайы ғана болса, домен сайттағы бар ақпарат сақталатын жер болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, жалдамалы пәтер. Ақшасын төлеп, тұра беруіңізге болады.Хостинг 2 түрлі болады:тегін,ақылы Домен деген, қолданушылар сіздің сайтыңызға өтетін сілтеме. Мысалға, мына сайттың домены www.martebe.kz. Кz домены жылына 3500 тенге тұрады. Сайтыңызға әлі бос кез-келген атау таңдап қоя аласыз. Доменнің барынша қысқа, оқуға оңай, бір сөзден тұрғаны дұрыс. Мысалы: nur.kz, ps.kz, sakon.kz, satu.kz, т.б. ХОСТИНГсіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг– ол сіздің сайтыңыз тұратын жер. Хостинг – ол үй. Әр түрлі хостингтер бар. Тегіннемесе ақылы. Тегін хостингтердің көбісінің бір жаман жері сіздің сайтынызға өз жарнамаларын қояды. Бұл жағымсыз фактор, біріншіден сізге (сол орынға сіз жарнаманы қойып ақша табуға болатың еді), екіншіден кірген адам да тегін ашылған сайт екенің бірден біліп, ақпараттардың көбісің шынайы қабылдамайды. Домен деген не? хостинг – үй, ал домен – мекен-жайы. Домендер де әртүрлі болады. Оларды жалпы алғанда бірнеше дәрежеге бөліп қарастырады; Бірінші дәрежелі доменді сіз ешқандай жерден ала алмайсыз немесе олар мемлекетке, белгілі бір салаға тиесілі. Екінші дәрежелі доменді сіз сатып аласыз және жыл сайын ақы төлеп отырасыз. Мысалы: adres.com немесе adres.kz. Үшінші дәрежелідомендердің біршамасы тегін болып келеді және біршамасы ақылы. Тегін үшінші дәрежелі доменді сіз тегін сайт ашқанда ала аласыз, мысалы adres.ucoz.net және өз доменіңізге (2 дәрежелі домен бар болса) аша аласыз, мысалы adres.adres.kz. Ақылы болып келетін үшінші дәрежелі домендер атақты домендер секілді болып келеді. Мысалы: adres.co.uk немесе adres.com.kz. Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәріндегі adres сөзі сіз қалаған кез келген сөз екенін білдіреді. Домен тандағанда өз тақырыбыңызға сай етіп дайындаңыз. Мысалы сіздің тақырыбыңыз Қазақстан болса, сіздің доменіңіз azil-kulki-maladec.kz болып тұрса жараспай қалады. Жараспауы былай тұрсың, егер домен және тақырып бір-біріне сай болып тұрған жағдайда іздеуші системаларда көтерілуіңіз оңай болады. Және ұзын домен алудың қажеті жоқ. Мысалы men-rymzhanovtin-nemeresi-bekzhanmin.kz деген адрес болса кірген адамның есінде де қалмайды. Ал bekzhan.kz болса әңгіме басқа...
37 Шаруа немесе фермер қожалығы Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар шаруа немесе фермер қожалығы субъектiлерi болып табылады.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары туралы осы Заңның ережелері оралмандарға қолданылады.Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады.Шаруа немесе фермер қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн: кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы; бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде, жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға; 3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге; 4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға; 5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге; 6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға; 7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады.
38 Тәуекелдер жөніндегі жоспар Тәуекелді бағалау – әлеуетті және/немесе қабылданған тәуекелдердің көлемі туралы нақтырақ деректерді алу мақсатында тәуекелдердің сандық, сапалық және/немесе басқа талдауын жүргізуді ұйғаратын Банктің тәуекелдерін басқару үдерісінің компоненті. Тәуекелдерді бағалауға қарастырылып отыған тәуекелдерді іске асырған жағдайда, жағымсыз салдардың сценарийлерін және мүмкін болатын ысыраптардың есебін қарастыру кіреді. Тәуекелдердің болжамды әсерін бағалау тәуекелдер туралы түсінікті дамытуға мүмкіндік береді, нақты тәуекелдерді басқару қажеттігі туралы шешім қабылдау, оларды қысқарту бойынша ең лайықты және экономикалық тиімді стратегияларды таңдау үшін қажетті ақпараттық базаны ұсынады. Тәуекелдерді бағалау ең елеулі тәуекелдер үшін сапалық та, сандық та негізде жүргізіледі. Сандық бағалауға берілмейтін тәуекелдер, немесе оларды модельдеу үшін сенімді статистикалық ақпарат жоқ және/немесе мұндай үлгілердің құрылуы шығындар көзқарасынан жөнсіз болып табылатын тәуекелдер тек сапалық негізде бағаланады. Банк VaR, GAP-талдау, тарихи ынталандыру әдісі, стресс-тестілеу және басқалар сияқтытүрлі сандық әдістерді пайдаланып, жекелеген тәуекелдердің бағалауын жүргізеді. Бағалаудың тәртібі Банктің қаржылық, операциялық тәуекелдерді басқару ережелерімен және басқа ІНА регламенттеледі Тәуекелдерді бағалау нәтижесі:
1) тәуекел-тәбетті бекіту;
2) әрбір тәуекелге қатысты төзімділік деңгейін бекіту;
3) Банктің тәуекелдер және бизнес-үдерістері бақылаудың матрицасы;
4) тәуекелдер картасы;
5) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі тұжырымдар және өзге есептілік, олардың нәтижесі бойынша Банк стратегиялық және операциялық шешімдерді қабылдайды. Тәуекелдерді бағалау рәсімдері және олардың мерзімділігі Банк тәуекелдерін басқару регламенттейтін тиісті ІНА анықталған. 39 Кәсіпорын мен өнімнің сипаттамасы Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін;2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.
40.Бизнестің нысаны ,кәсіпкерлік түрлері Кәсіпкерлік түрлері; Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері. Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады. Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік. Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі. Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
41.Бизнестің нысаны және бірлескен кәсіпкерлік Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады: а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік; б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.
42 Банктік несие, бизнес мақсаттарға арналған несие Банктік несие –бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі ұлттық банк несиелері –аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер; екінші деңгейдегі банктер несиелері –меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады: Аукцион —көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Ломбард —жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырдаЛомбардиядан шыққан италиялық көпестер құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т.б.) кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ипотека(грек. hypotheke – кепіл‚ кепілзат) –ұзақ мерзімге несие алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге салу.ипотекалық қарыз ақша (ипотекалық несие) қозғалмайтын мүліктің кепілдігіне банк беретін қарыз ақша сенім қозғалмайтын мүліктің кепілдігі туралы банк қарыз алушыға беретін куәлік Кәсіпкерлік шағын несие Артықшылықтары
· · Кепілдік қамсыздандырудың икемді тәсілі
· · Ұсынылған кепілдік қамсыздандыруды тегін бағалау
· · Шағын несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі
· · Жасырын комиссиялардың болмауы
· · Қамсыздандыру ретінде жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда шағын несие желісін (бұдан әрі - ШНЖ) ашу мүмкіндігі.
· · ШН/ШНЖ сомасы - 16 000 000 теңгеге дейін
· · ШН мерзімі – 36 айға дейін, ШНЖ мерзімі – 60 айға дейін
· · Икемді төлем кестесінің ұсынылуы
· · Зейнеткер-қарыз алушыларды несиелеу
Заңды тұлғалар үшін:
· · ШНЖ ашуға (және) ШН алуға өкілетті органның (құрылтайшының) шешімі;
· · Құрылтайшылық құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, БИН, тіркеу туралы куәлік, стат.карта, лицензия және т.б.)
· · Қойылған қол үлгілері мен мөр ізі бар нотариалды расталған карточка;
· · Тұлғаның несие шарты мен басқа да қаржылық құжаттарға қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжаттар;
· · Қарыз алушының соңғы 12 айдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі;
· · Қарыз алушының табысы туралы анықтамалар (жалға алу шарттары, жазба дәптерлері, малға берілген ветеринарлық анықтамасы және т.б.);
· · (Жылжитын, жылжымайтын) кепілдік мүлікке құқықты белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары;
· · ШҚҰ талап етуі бойынша басқа да құжаттар.
|