Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
ызметкерлерді жұмысқа рәсімдеу ережелері
Жұмысқа қабылдауды ресімдеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) белгіленген міндетті талаптарға негізделеді.Жұмысқа қабылдау келесі сатыларды қамтиды:1. Кадр қызметінің қызметкері кандидатпен әңгімелесу.2. Кадр қызметінің қызметкері кандидаттың соңғы жұмыс орнынан деректер сипаттамасын алу.3. Кадр қызметінің қызметкері кәсіпорынның (ұйымның) уәкілетті лауазымды тұлғаларымен кандидатты жұмысқа қабылдауды келісу.4. Кандидаттың ҚР ЕК 31-бабына сәйкес жұмысқа қабылдау үшін талап етілетін құжаттарды(жеке куәлiгi немесе паспорты; тиісті білімді, дағдылар туралы құжат; еңбек қызметін растайтын құжат; медициналық куәландырудан өткені туралы құжат; тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі) кадр қызметінің қызметкеріне ұсыну.Жұмысқа қабылдауды ресімдеу жасалған еңбек шартының негізінде ҚР ЕК 33-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Еңбек шартын жасасу тәртібі ҚР ЕК 32-бабында белгіленген.Еңбек шартын қызметкердің оқып және қол қоюы үшін тапсырудың алдында оны еңбекті ұйымдастыруға қатысты кәсіпорынның барлық жергілікті нормативтік актілерімен таныстыру керек. Мұндай актілерге: сыйақы беру, еңбекақы төлеу, демалыстар беру, еңбекті қорғау туралы ережелер; ішкі еңбек тәртібі ережесі, ұжымдық шарт (бар болса) жатады.Қол қойылған еңбек шартының негізінде қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылады. Басты талап – бұйрықтың шартқа сәйкес болуы. Қызметкер бұйрықпен танысу фактісін өз қолымен (қолын қойып) растауға тиіс. Бұл ретте бұйрықпен таныстыру жұмыс нақты басталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Қызметкерді жұмысқа қабылдауды ресімдеудің ақырғы кезеңі – жаңа қызметкерге жеке карточка толтыру .
|