йымдастырушылық жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йымдастырушылық жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Поиск

2 Ұйымдастырушылық жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Бизнес-жоспар – коммерциялық іс-шаралардың зерттеп дайындалған негізгі аспектілерін, туындаған мәселерді, мүмкін болған кедергілерді сараптау және оны жоюдың әдістерін көрсететін фирмаішілік құжат.

Бизнес  жоспар: 1. Өнімді бейнелеу; 2. Сату нарығын сараптау; 3. Бәсекелестер; 4. Маркетинг; 5. Өндірістік жоспар; 6. Ұйымдық жоспар; 7. Қаржылық жоспар;

Ұйымдастырушылық жоспар жобаның кадрлық қамтамасыз етілуін бейнелейді. Басқару құрылымын белгілеу, қызметтерге қабылдау, әріптестер тарту бойынша ұйымдастыру құрылымын толық мазмұндау. Ұйымдастыру құрылымы құрылымның графиктік сызбасында, қызметкердің штаттық кестесінде, фирманы басқару аппаратының бөлімшелері туралы ережелерде, жекелеген орындаушылардың қызметтік нұсқауларында құжаттық негізде белгіленеді. Бұл бөлімде әртүрлі қосымша төлемдердің түрлері: басқарушы жұмысшыларды ынталандыру мен жоғары көтерілу жүйесі, мамандар біліктілігін жоғарылату мен қайта даярлау жүйесі, сондай-ақ оқытуға кеткен шығындар сметасын дайындау көрсетіледі.

3 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы

Кәсіпкер - Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады.

. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:

1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».

2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.

3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.

4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)