Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Бизнестің нысаны және бірлескен кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік- азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды. Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады. Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше жәнебірлескенкәсіпкерлік болып табылады. Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік; б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.
28.Жеке кәсіпкерлік және түрлері Жеке меншік кәсіпкерлік субъектіне қатысты жағдайлар: жеке кәсіпкерлік субъекттері, микро – бизнес субъектері, шағын кәсіпкерлік субъекттері, орта кәсіпкерлік субъекттері және ірі бизнес субъекттері. Жеке кәсіпкерлік субъектісі дегеніміз – заңды тұлғалардың қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік жалғыз адам болуы немесе біріккен адамдар болуы да мүмкін. Жеке меншік кәсіпкерлікте жеке адамның өз - өзінің жеке мүлкімен жауап береді. Ал біріккен кәсіпкерлік бірнеше адамдардың өз мүлкі арқылы жауапкершілігімен бірігіп кәсіпкерлікпен шұғылдануы. ҚР жеке кәсіпкерлік түрлерін схема түрінде көрсетуге болады: Түрлері: Жеке - жеке азаматтар өз меншігіндегі мүлік негізінде жауап береді Біріккен - ерлі зайыпты адамдардың бірге меншігіндегі пайдаланатын мүлкі негізінде отбасы кәсіпкерлігі: 1. тұрғын үйге біріккен меншігі 2. шаруа қожалығын бірігіп ашу негізінде 3. Жай серіктестік, әрқайсысының өз меншігінен үлесін қосу арқылы Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ең көп тараған түрі жеке кәсіпкерлік болып табылады. Бизнестің бұл түрімен айналысу арзан, әрі қарапайым, себебі: · – құрылтайшылық құжаттар дайындау қажет емес; · – егер әріптестер анықталмаса, жұмысты өз бетімен бастауына немесе патент алуына болады; · –мемлекеттік тіркеу және басқа мөр, бухгалтерлік есебін дайындау айтарлықтай күрделі емес; · – I, II, III топтағы мүгедектер мен оралмандар (азаматтығын алғанша) ұйымдастырған шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеуден тегін өтеді. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі: · кәсіпкерлікте талон алғандар және кәсіпкерлік ісі 910 күннен аспайтын жеке тұлғалардан басқа жеке кәсіпкерлердің барлығы мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс; · салыө органдарындағы тіркеу кәсіпкердің өзі келіп хабарланғаннан кейін, өзі тұрақты тұратын жерінде ғана жүзеге асады; · мемлекеттік тіркеу дегеніміз жеке кәсіпкер ретінде есепке алып, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру; · мемлекеттік тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған күші жүзеге асырылады. Салық комитетіне мынандай құжаттардайындау қажет: 1. белгіленген формаға сай өтініш толтыру керек; аты – жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлігіндегі мәліметтер, тұратын жері, егер бар болса кәсіпорынның тұрған жері; 2. мемлекеттік тіркеуден өткені үшін төлеген төлемі туралы түбіртек (4 есептік көрсеткіш көлемінде). Мемлекеттік тіркеу куәлігі шексіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу аяқталды деп есептелгеннен кейін кәсіпкерлік қызметке қажетіне қарай лицензия беріліп, өз жұмысын бастай береді. Жеңілдетілген салық ҚР Салық кодексі ережелерінде қаралып, белгіленеді. Жеңілдетілген салық арнайы өтініш бергеннен (табысы туралы) кейін белгіленеді. Шағын бизнес субъектісі салық төлеудегі жеңілдіктердің біреуін ғана таңдай алады: · жалпы ережелер; · бір рет пайдаланылатын талон бойынша; · патентке негізделген арнайы ережелер; · жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық ережелері. 29. Шағын бизнес субъектілеріне салынатын салық режимдері Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін белгіленген және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған (жеңілдетілген) тәртібін көздейтін, бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.Арнаулы салық режимі: 1) шағын бизнес субъектілері; 2) шаруа (фермерлік) қожалықтары; 3) заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер; 4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін көзделеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда, корпоративті (жеке) табыс салығына, әлеуметтік салыққа қатысты белгіленеді. Өзге салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу және ол бойынша есептілікті табыс ету жалпы белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін салықтарды есептеудің оңайлатылған тәртібі бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларациялар негізінде жүргізіледі.Аталған әдістердің әрбірі үшін оларды қолдану шарты: қызметтің эпизодтылығы, кәсіпкерлік қызметтің орыны мен сипаты, кіріс көлемі, жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің саны, жалданбалы жұмыскерлерді пайдалану ескертіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі) қызметтің кейбір түрлеріне; акциздік өнімдер өндіруге, қаржылық қызметтер көрсетуге, жерқойнауын пайдалануға, мұнай өнімдерін өткізуге, бірқатар лицензияланатын қызмет түрлеріне, филиалдарға, өкілдіктерге, заңды тұлғалардың еншілес және бағыныстағы кәсіпорындарына қолданылмайды. Эпизодтық (бір айдан аз) сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде салық есептеулері үшін арнайы салық тәртібін қолдану құқығын және бюджетпен есептесу фактісін растайтын біржолғы талон – құжат пайдаланылады. Патент бойынша салық есептеу кезінде (мәлімденген кіріске белгіленген мөлшерлемелер көлемінде) салық төлеу сондай-ақ үлестермен жүргізіледі. Осы негізде арнайы салық тәртібі (режимі) жеке кәсіпкерлер үшін ресімделеді. Бұл ретте сәйкестік өлшемдері (критерийлері) болып мыналар саналады: 1) жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау; 2) жеке кәсіпкерлік формасында қызметті жүзеге асырушы; 3) белгілі бір көлемде жылдық айналымды шектеу. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне (тоқсандық кіріске) заңмен белгіленген салық мөлшерлемелері (жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін – сараланған түрде) қолдану жолымен дербес жүргізеді. Шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін арнайы салық тәртібі (режимі), ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу қызметі бойынша жеке табыс салығы, ҚҚС, жер салығы, көлік құралдарына және мүлікке салынатын салық кіретін, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады. Жер телімінің бағалау құны бірыңғай жер салығын салу объектісі болып саналады, салық осы құнға 0,1% мөлшерлеме бойынша есептеледі. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, өзге қызмет түрлерінен алынатын көзге салынатын жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылмайды. Заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерінің өндірушілері үшін арнаулы салық режимі, осындай өнімдерді, сондай-ақ мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал арасы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізумен, жерді өңдеу, егін салу, астық ору бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызметтер көрсету үшін, жерді пайдаланумен байланысты субъектілерге қолданылады. Арнаулы салық режимі, оның құнына корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық кіретін патент негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте патент бойынша салықтар сомасы 70%-ға азаяды. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), ойын бизнесі, баулинг, картинг, бильярд, лото саласында қызметтер көрсетуші заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (оның ішінде шетелдік заңды және жеке тұлғаларға) таралады. Базалық ең төменгі және ең жоғарғы белгіленген жиын салықтың мөлшерлемелерін, әрбір салық салу объектісі бойынша (ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор кассасы және т.б.) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 30. Бизнес жоспардың негізгі беті және мазмұны Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және 10 тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
31.Жалақы және оның түрлері Экономикалық теорияда жалақы жайлы екі тұжырымдама бар: 1.жалақы - еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; 2. жалақыжұмыс күші - тауар құнының ақшалай көрінісі (бағасы). Жалықының екі тұжырымдамасы да ағылшын саяси экономикасының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. Жалақы– бұл жұмыскерге, оның жасаған еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған ҚЖӨ көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда жалақы қоғамдық өнім құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар: - жұмысшының қажеттілігін қанағаттандыратын тауар құны; - оны мамандыққа оқытуға жұмсалған шығындар; - оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттар құны. Жалақы мөлшеріне әсер ететін факторлар: - еңбек өнімділігі; - еңбек қарқындылығы; - еңбектің күрделілігі; - еңбекке деген сұраныс ұсыныстың арақатынасы. Жалақы салық пен инфляцияға тәуелділігіне байланысты номиналды және нақты жалақы болып екіге бөлінеді. Номиналды жалақы – бұл жұмысшылардың еңбегіне төленген ақша саны. Номиналды жалақыға салықтар кіреді және ол тұтыну бағаларының өсуін ескермейді. Нақты жалақы – бұл еңбекақыға сатып алатын тауарлар мен қызметтер саны. Бұл үш түрлі факторға байланысты: - номиналды жалақы көлеміне; - салық көлеміне; - тұтыну бағасы деңгейіне. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы. Яғни, ол жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Еңбек төлемін өлшеу тәсіліне байланысты жалақының екі түрі болады: мерзімді және кесімді жалақы.
• Мерзімді жалақы - өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол: күндік, апталық, айлық болып бөлінеді.
• Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына байланысты болады. Жалақының бұл түрі мерзімді жалақымен байланысты, өйткені, бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының нeгiзгi нысандарымен бipre жұмысшының еңбек өнімділігімен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуга бағытталған еңбек ақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді – прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы және т.б. жатады. Әр елдегі белгілі-бір мамандық иелері мен жалдамалы жұмысшылардың жалақысы әр түрлі. Ең алдымен жалақы - өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюктураға байланысты. Яғни, өндірістегі табиғи ресурстар, капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, сұраныс пен ұсынысқа да байланысты. Еңбек нарығы– нарықтың ең бір жетілмеген түріне жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар жатады:
- бос жұмыс орны мен мөлшері туралы жұмысшының хабарсыз болуы немесе осы хабардың жеткіліксіз болуы;
- жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі;
- жалақы саласындағы фирма саясаты.
Еңбек нарығы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Реттеуші маңызды факторлар:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс;
- бос уақыттың ұзақтығы;
- еңбекке жалдау және жұмыстан босату тәртібі;
- бағаның өзгеруі мен жалақыны индексациялау;
- қауіпті жағдайлардан қамсыздандыру;
- денсаулығының кемуінен қамсыздандыру;
- қартаюмен байланысты қамсыздандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Кәсіпорындарда әлеуметтік қорлар жасалып, оның есебінен жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру мүдделері жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандыру - зейнетақымен қамту, асыраушысынан айырылғандарды қамсыздандыру, жұмыссыздық жағдайында төленетін жәрдемақы, еңбекке жарамсыз мүгедек адамдарға көмек ақы беруді қамтиды.
32.Нарық пен негізгі бәсекелестерді талдау Нарық – қандай да қажеттілігі бар тұтынушылары және осы қажеттілікті қанағаттандыратын тауарлар болғандағы жағдайды сипаттайды. Нарықты қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді сатып алу мүмкіндігі бар және сатып алуға дайын тұтынушылар қалыптастырады. Нарықтың құрылымы: 1. тауарлық-туыстық нарық – бұл ұқсас қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауар тобы. Мысалы, ас үй құралдары. 2. тауарлы-типтік нарық – тауарлардың дербес түрлерінің барлық түр өзгерістерін анықтайды. Мысалы, ас үи пештері, газ плита электрическ. Кез келген нарықтың тұтынушылары жанұя құрамы, жасы, жынысы, табыс мөлшері, қызметі, тұрғылықты жері бойынша жіктеледі. Егер тұтынушы к/о болса, оның белгілі бір салаға жатуы, мөлшері, орналасу орны және пайдалану әдісіне негізделіп жіктеледі. Нарықты таңдаудың маңызды бағытының бірі – бәсекелесті талдау. Оның мақсаты берілген нарықта бәсекеге түсетін компаниялармен сауда маркілерін зерттеу. Бүгінде бәсекелестер туралы ақпарат жинау, оларды талдау және бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудің әдісін пайдалану, к/о-ның стратегиялық жасақтау процесінің маңызды құраушысы болып табылады. Өзекті бәсекелестер – бұл мақсатты нарықта және нарық сигментінде әрекет ететін к/о-дар. Өзекті бәсекелестердің сипаттамалары: 1. қызмет мақсаты және масштабы. 2. нарықтағы үлесі және бұл көрсеткіштің динамикасы. 3. мақсатты нарықтар және тұтынушылар контингенті. 4. қаржылық техникалық және өндірістік мүмкіндіктер. 5. өзекті бәсекелік артықшылықтар (патент, лицензия болса).
|