Бизнес жоспар және оның бөлімдері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бизнес жоспар және оның бөлімдері

Поиск

7 Бизнес жоспар және оның бөлімдері

Бизнес-жоспар – бұл жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны қандай-да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру немесе жаңа фирманы құру үшін негізгі қадамдарды қамтудан тұратын кәсіпорынның даму жоспары деп атауға да болады. Тәжірибеде бизнес-жоспардың мынадай түрлері жиі қолданылады: ұйымның бизнес-жоспары, несие алуға арналған бизнес-жоспар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары, грантқа арналған бизнес-жоспар, аймақты дамыту бизнес-жоспары, мекеменің бизнес-жоспары және т.б. Бизнес-жоспар қарапайым, түсінікті, сауатты және пайдалануға қолайлы болуы керек.

Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны өндіріс саласының және өндіріс технологиясының сипатына тәуелді. Сіздің өніміңізді толығымен сипаттайтындай тауар немесе қызмет көрсету бизнес-жоспарын өңдеуге кірісе отырып, оның мазмұны мен құрылымы белгілі бір ережелерге бағынбайды. Бірақ солардың ішінде неғұрлым тиімдісі мынадай тарауларды қарастырады:

· фирманың мақсаты мен міндеті;

· бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме;

· тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы;

· сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;

· бәсекелестер

· ұйымдастырушылық жоспар;

· өндірістік жоспар;

· маркетингтік жоспар;

· қаржылық жоспар;

· фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;

· келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар.

 

8 Кәсіпкерлік қызметтегі сыртқы орта

Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы елдегі,жекеленген аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына едәуір әсер етеді.Сыртқы кәсіпкерлік орта дегенде кәсіпкерліктің құрылуы,қалыптасуы,дамуына тікелей және жанамам әсер ететін жағдайлар мен жиынтығын түсінеміз. Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор.

Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады:

• факторлардың өзара байланысы;

• күрделілік;

• қозғалмалылық ;

• белгісіздік.

Сыртқы орта факторларының өзара байланысы

сыртқы ортаның бір факторының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететінін анықтау арқылы көрінеді.

Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.

Қозғалмалылық — бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де солғұрлым тез дамып отырады.

Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)