Бизнес идея және оны таңдау шарттары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бизнес идея және оны таңдау шарттары

Поиск

4 Бизнес идея және оны таңдау шарттары

Бизнес идея және оны таңдау шарттары

Бизнес идея дегеніміз-кәсіпкерді табысқа жетелеудегі болжам жорамал жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес идеяның болуымен тікелей байланысты.

Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.

Бизнес идея

1ші тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс

2ші табыстылығы болуы қажет

3ші кәсіпкерледі моральдік тұрғыда қанағаттандыруы керек

5 Бизнеске қажетті идеяны таңдау шарттары

Бизнес идея дегеніміз-кәсіпкерді табысқа жетелеудегі болжам жорамал жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес идеяның болуымен тікелей байланысты.

1. Идея көп болу -көптеген идеяның болуы олардың әр қайсысы өз алдында ерекше екендігін білддірмейді. Сондықтан, идеяны таңдау кезінде немен қызығасын және болашақта айналасытан бағытты тауып, ол бойынша ерекше әлі де қолданылмаған идея ойлап табу керек. 2. Салыстыру тұрғысында келешегі зор, бюджеті аз болатыныдығы жөнінде түсінік қалыптастырады. Бұл артықшылығы бар идеяны таңдауда идеяларды салыстыруға мүмкіндік береді.

3. Бизнесті бастауға, таныстыруға болатын қызмет саласынан болуы керек

4. Қызықты, новаторлық болуы қажет.Бизнеті бастау барысында кәсіпкер бар уақытын жабдықтарға арнады. Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдік тұрғыда қанағаттандырмады

 

6 Қаржылық жоспар - бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Қаржылық жоспар. Бизнес-жоспардағы ең маңызды бөлім қаржылық жоспар болып есептелінеді. Қаржылық жоспар кәсіпорын немесе фирма қызметінің нәтижесін таныстыратын ең соңғы қорытынды бөлімі. Қаржылық жоспардың мақсаты ұсынылып отырған жобаның тиімділігін анықтау. Ол 3-5 жылға жасалады және оның негізгі көрсеткіштеріне сату көлемі, капитал айналымы, пайда, өзіндік құн және т.б. жатады.

Қаржылық жоспар табыстар мен шығындар жоспарынан, ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспарынан, бірінші жылға баланстық жоспардан тұрады. Оны дайындау кезінде нақты ақшаның (қолма-қол) ағынына, кәсіпорынның тұрақтылығына, қаражаттар көздері мен оларды пайдалану жағдайына талдау жасалады. Көптеген кәсіпорындар үшін негізгі табыс көзі өнімді өткізу болып табылады, сондықтан қаржылық жоспар сату көлемін болжаудан басталады.

Қаржылық жоспардың маңызды элементі коммерциялық кәсіпорынның (фирманың) жұмысын шығынсыз талдау болып табылады. Ол екі тәсілмен жүзеге асырылады: формула пайдалану және кесте құру. Кәсіпкер кәсіпорынды құру немесе бизнес-жоспарды жүзеге асыру кезінде қашан алғашқы пайданы алатындығын білу қажет. Ол үшін зиянсыздық нүктесіне болжам жасалады, яғни кәсіпорын табыстары мен шығындарының теңесуі үшін қанша өнім бірлігін сату керектігін анықтау. Мұндай ақпарат жаңа кәсіпорынның өмір сүруінің алғашқы кезеңінде оны қолдау үшін қанша ақша қаражаты керектігін бағалауға мүмкіндік береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)