Маркетингтік жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Маркетингтік жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Поиск

10 Маркетингтік жоспар- бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Маркетинг бизнесті табысқа жетелейтін маңызды жолдардың бірі. Көптеген кәсіпорындар тартымды өнім өндіргенімен, маркетингтің жоқтығына немесе маркетингтік бағдарламаның дұрыс жасалмауынан сәтсіздікке ұшырайды. Осы бөлімде өз жоспарының негізгі элементтері: тауарлар, нарықтар, әр түрлі өндірістің дамуы жөнінде түсіндіріледі. Мұнда маркетингтің мақсаты, міндеті, фирманың қандай маркетингтік стратегияны қабылдағаны туралы, тауарлардың жеке фирмалық дүкендер немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы сатылатындығы, тауарларға қойылатын баға қалай анықталатыны және пайдалылық қандай деңгейде болатыны, сату көлемінің тұрақты өсуін, өткізу көлемін ұлғайту немесе жаңа тұтынушыларды ынталандырудың формалары есебінен, фирма және оның тауарлары туралы жақсы мәліметтерге қалай жетуге болатындығы жайлы ақпараттарды қарастырудан тұрады. Сондықтан бұл бөлім мынадай бөлімшелерден құрылады:

- маркетинг стратегиялары мен мақсаттары;

- баға белгілеу;

- тауарларды тарату схемасы;

- сатуды ынталандыру әдістері;

- сатудан кейін клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- жарнама;

- фирмалар және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.

«Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бойынша өзара байланыс сақталуы тиіс. Баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, оның өзгеруі, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері ескеріледі.

11 Тәуекелдер жөніндегі жоспар - бизнес жоспардың бөлімі ретінде

Фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау. Кез-келген жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде белгілі бір қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін осындай қиындықтарды алдын-ала көре білу және оларды жою жөнінде стратегиялар жасау өте маңызды. Осыған байланысты бизнесті іске асыру кезінде кездесуі мүмкін проблемаларды анықтап, тәуекел дәрежесін бағалау керек. Қауіп-қатерлер бәсекелестерден, өндірістік саясат және маркетинг аймағында жіберген кемшіліктерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындауы мүмкін. Қауіптілігін бақылау тәуекелдердің тізімі жасалып,олардың ішінен осы жоба үшін ең маңыздылары таңдалып алынады

Тәуекелдер түрі

Сұраныс тұрақсыздығы

бәсекелестің бағаны төмендетуі

бәселестердегі өндірістің артуы

салықтар көбеюі

тұтыынушылардың азаюы

тасымалдау барысы өсуі

жабдықтаушыларға тәуелдік баламалары болуы

айналым қаражатының әсері

Табысқа кері әсері

бағаның өсуі, сұраныстың төмендеуі

сұраныс азаюы,баға төмендейді

баға өсуі

қосымша сатылым азаюы

табыс азаюы

баға өсу,сатылым азаяды

Егер кәсіпорын үшін аталған факторлардың ешқайсысы қауіп төндірмесе, онда әрқайсысына тоқталып, қобалжуға болмайтынын негіздеу қажет. Қандай-да бір қауіп-қатерлер ойламаған жерден туындауы мүмкін, ол үшін одан шығу жолдары мен іс-әрекет стратегиясы алдын-ала әзірленген жөн. Баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы мүмкін болатын қиындықтар туралы білетінін және оған дайын екенін көрсетеді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)