Кәсіпкерлік тәуекел 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіпкерлік тәуекел

Поиск

22 Кәсіпкерлік тәуекел

Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік тәуекел – жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.

 

23 Кәсіпкерлік қызметтегі шығындар және олардың түрлері

Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикадағы шығындар:

§ айқын (бухгалтерлік);

§ жүктеме (арттыру);

§ кайтпайтын шығындар болып бөлінеді.

Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.

Қандайда бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.

Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.

Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.

Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.

Мысалы:

§ кәсіпорынның штаттық жүмысшыларының жалақылары;

§ үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар.

Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.

Бұған:

§ жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;

§ материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;

§ энергия, отын;

§ басқа да жұмсалған шығындар жатады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)