Бизнес-идеяны іздестіру әдістері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бизнес-идеяны іздестіру әдістері

Поиск

1.Пікірталас жүргізу. Пікірталас, жан-жақты сараптама жүргізу – ойлау қабілетіңізді жандандырудың ең тиімді тәсілі. Идеяңызды жан-жақты сынақтан өткізіңіз. Жеке өзіңіз немесе топпен бірге бірнеше критерий бойынша бағалаңыз.

2. Бизнес үшін нарықтағы мүмкіндіктерді анықтаңыз. Мүмкіндік әрқашан жеткілікті. Оны табу үшін тек аздаған уақыт\күш жұмсау керек. Интернетпен жұмыс істеу маңызды. Пайдалы мүмкіндіктерді анықтаудың ең қолжетімді тәсілі сіздің компьютеріңізде жатыр. Ғаламторда, әр түрлі ақпараттық материалдарда (мақалалар, сұхбаттар, зерттеулік есептер және т.б.) мобильдік контент және оның түрлері, қазіргі дамуы, қолданылуы, келешекте даму перспективалары туралы іздеу жасап көріңіз. Сол бизнес жайындағы мақалаларды оқығаннан кейін қалған барлық білімді пайдаланып, компанияңыздың әр бөлігін егжей-тегжейлі елестету керек – кеңсе, техника, қызметкерлер, тұтынушылар және т.б.Осы тәсіл кез келген бизнес идеяны анықтап, дамытуға жарамды.             

3.Франчайзинг -Өзіңізге лайықты идеяны таңдап, өз бизнесіңізді тез\ауырпалықсыз ашудың тәсілі. Еш нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ, тек сәтті өңделген технологияларды алып, қазақстандық негізге көшіру қажет.Біздің экономика үшін франчайзинг салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болғанымен, шет елдерде франчайзинг қоғамның әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыратын құрал ретінде пайдаланылуда. Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстанда экономиканың әр түрлі саласында қызмет ететін 300-ге жуық франчайзингтік компаниялар тіркелген.     

4.Көмекке шақыру. Егер бизнес-идеяны табу қиынға түссе, жақындарыңыздостарыңызды көмекке шақырыңыз. Адамдардың қажеттілігін, олардың проблемаларының шешімін идеяға айналдыра біліңіз. Оған мысалдар да көп. Эдвин Лэнд өзінің үш жасар қызымен серуендеп жүрген еді. Кенеттен қызы одан неге қазір ғана түсірген суретті дереу көруге болмайды деп сұрайды. Керемет! Лэндтің басына лезде суретке түсіретін фотокамера мен таспаны жасап шығару туралы ой келеді. Ол «Polaroid» компаниясының патенттер жөніндегі заңгерімен кездесіп, бес жылдан кейін 60 секунд ішінде дайын суретті шығарып беретін «Land» фотоаппаратын таныстырды. Немесе, Джозефин Кочрейн беделді мейрамхананың бастығы еді. Ол өз қызметкерлерінің қымбат ыдыстарды жуу кезінде сындырғанына көне алмай, ыдыс жуатын машинаны ойлап шығарды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)